Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Аяз би» ертегісі. Кейіпкерлері

23 тамыз 2023, Сәрсенбі
Қысқа  мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті сабағы 
Сабақтың тақырыбы:«Аяз би» ертегісі. Кейіпкерлері
Бөлім: 2-бөлім.
Педагогтің аты-жөні:Шокаева А. А. 
Күні:16.09.2022
Сыныбы: 6«А»Қатысушылар саны: 12          Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:«Аяз би» ертегісі. Кейіпкерлері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты6.3.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің 
типтерін тек тұрғысынан сипаттау; 
Сабақтың мақсаты:Әдеби туындыдағы кейіпкердің  типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. 
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/УақытыПедагогтің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіБағалаурес
Сабақтың басы
8 минут 
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Психологиялық ахуал. «Мен ғажаппын  ». 
Шеңберге тұрып  әр оқушы өзі туралыжақсы сөз айтады. Мысалы; 
Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы топ атауы беріледі. 
  1. Меңді қыздың жұмбағын шешіп, Мадан ханды, гауһар тасты, тұлпарды сынаған кім? (Аяз би )
  2. Қырық уәзірге құстың, шөптің, адамның жаманын тауып әкеліңдер деп тапсырма берген кім? (Мадан хан)
  3. Өзіне 15 жасынан бастап күйеу жігіт таңдаған Уәлі байдың қызы кім? (Меңді қыз)
Сабақ мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеруhttps://www.plickers.com/ бағдарламасын    қолдану арқылы үй жұмысы тексеріледі. 1. Аяз би" қандай ертегінің түріне жатады?
2. Қырық уәзір шөптің жаманы деп нені таңдады?
3. Меңді қыз Жаманға жұмбағын шешу үшін қандай қандай заттар береді? 
4. Мадан хан наубайдың баласы екенін Жаман қайдан біледі? 
5. Жаман қырық уәзірге құстың жаманы деп нені алғызды? 
ҚБ: Сканерлеу рақылы бағаланады  АКТ
 Plickers карталары
Сабақтың ортасы
30 минут 
Топтық жұмысты ұйымдастырады 
3 топ  кейіпкерлердің мінезін топтастырады. Бақылайды, бағыт-бағдар береді. 
«Таразы» әдісі негізінде жалпы оқушыларға сұрақ  қояды.      Оқушылардың  көзқарасын, ойын саралап, пікірлер алаңын ұйымдастырады. 
Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін  таразылайды. 
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастырады. 
«Ақылдың 6 қалпағы» әдісі 
Топтық жұмыс.  Кейіпкерлердің мінезін топтастырады
1-топ: Аяз би
2-топ:Меңді қыз
3-топ: Мадан хан 
Жеке жұмыс.
«Таразы» әдісі 
Адамға сырт-кейпіне қарап баға беруге бола ма? 
Пікірлер алаңы
Оқушылар таразының екі жағына дәлелдер келтіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін таразылайды. Кейіпкерлер туралы өз ойларын стикерге жазып, оқып, таразының екі жағына жабыстырады.
«6 қалпақ» әдісі 
Мадан хан  тобы: 
Ақ қалпақ
Шығарманың бір кейіпкеріне хат жазады.
Қара қалпақ:  Ертегінің жағымсыз жақтарын айтады. 
«Жаман» тобы 
Сары қалпақ: Жаманның  іс-әрекеттерін талдайды. 
Қызыл қалпақ Ертегідегі кейіпкерлердің сезімдерін айтады. 
«Меңді қыз» тобы 
Жасыл қалпақ: 
Егер сіз Меңді қыз болсаңыз, не істеуші едіңіз? 
Көк  қалпақ: 
Ертегі кейіпкерлерін шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Дескриптор: 2 балл            
-кейіпкерді талдайды; 
-кейіпкерге мінездеме береді;  
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
Дескриптор: 2 балл            
-дәлелдер келтіреді; 
-кейіпкерлердің іс-әрекеттерін таразылайды;  
  • ҚБ: «Көршіңе бір сөз таңда» әдісі
  • Сен жарайсың!
  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қағаттанамын!
  • Сенің мүмкіндігін одан да зор!
Дескриптор:   6 балл          
-Әр қалпақ өзіне берілген тапсырманы орындайды; 
-Дәлелді жауап береді;     
ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі 
Плакат 
Маркер
Таразы суреті, стикерлер 
6 қалпақ
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 минут 
«Жетістік баспалдағы» әдісі.
Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін стикерлерге жазып, берілген суреттегі жетістік баспалдағына жапсырады. 
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Жеке жұмыс:  - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- қолдана аламын......
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысулары бойынша бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
2 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің жазуы. Фразеологизмдер
Көшпелілердің жазуы. Фразеологизмдер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 7. 2. 5. 1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады; 7. 4. 3. 1 фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану; Сабақтың мақсаты: Фразеологизм, мақал -
Әлемнің әйгілі театрлары. Жай сөйлем, түрлері
Әлемнің әйгілі театрлары. Жай сөйлем, түрлері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8. 2. 5. 1. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру; 8. 4. 4. 4. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану; Сабақтың мақсаты: Перифразаның
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. Тәмпіш қара.
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. Тәмпіш қара.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 5. 2. 3. 1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау 5. 2. 4. 1. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып».
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Аяз бидің образы бір ғана аяз бидің емес, сол кезеңде өмір сүрген бірнеше Аяз би тектес адамның жиынтық бейнесі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×