Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлан тап (11- орыс сыныптары)

12 ақпан 2013, Сейсенбі
11 сынып орыс сыныптары

Сабақтың тақырыбы: Ойлан, тап!
Мақсаты: Оқушыларға емтихан жағдайының өзі стрестік болып табылады, уақыт тапшылығы оқушының қобалжуын күшейтеді. Осындай қобалжуларды бәсеңдетуде оқушылардың зейіні мен ықыласын аударатын, тапқырлық пен ойдың ұшқырлығын шыңдайтын және тіл дамытуға, сонымен қатар білім сапасын арттыруға сайыс сабақтарының мәні зор. Сондықтан бүгін сіздерге сыныптан тыс сабақтарымның біреуін көрсетуді ұйғардым. Бағдарлама тақырыптарын қайталау барысында, тіл дамыту жұмыстары мен грамматикалық тапсырмаларды дұрыс меңгерту мақсатында жоспарладым.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:
І кезең. Ширату.
1. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағынасын табыңдар.
Ыстық шай,( ықылас, нан).
Тас қамал,( диірмен, жүрек).
Қара қолғап,( қол, жүрек, күш).
Суық су,( қол, адам, күн ).
Құрғақ жер, (шүберек, сөз ).

2. Берілген тұрақты тіркестерді аяқтап, мағынасын ашыңдар.
Ала көзімен.... Арасынан... өтпейді. Бармағын.... Бүйректен... шығару.
Екі... бір... тығу. Екі... төрт болды. Екі... екі құлағына жету. Ит... басына қаптау. Түймедейді... ету. Үріп... салғандай. Қас пен... арасында.

ІІ Толғаныс.
Мына өлеңнің авторы кім? Өлеңде мөлдірі және айдыны сөздерінің орнына қандай сөздерді қолдансақ болады?
Бұлақ, ауыл сөздеріне байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Көлдердің кең мөлдірі тап осында.
Айдыны ала шұбар, құс қиқулар,
Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Ауыл, мал, масаты көл жағасында.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен шағын әңгіме құраңдар
Ел, табиғат, алтын бесік, көркем, кең дала, ну орман, таза ауа, асқар тау.

ІІІ кезең. Ойлан, тап!
Берілген сұрақтарға жауап беріңдер І топ
1. Тұрлаусыз мүшелерді ата
2. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
3. Кімді? Нені? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі
4. Есімше қалай жасалады?
5. Антоним дегеніміз не?
6. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
7. Архаизм дегеніміз не?
8. Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
9. Сан есімдер құрамына қарай қалай бөлінеді?
10. Салалас құрмалас сөйлемдер қалай жасалады?
11. Жалпылау есімдігіне мысал келтір
12. Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғыс жылдарында жазған өлеңі
13. Әттең, қазір жанымда әкем болғанда. Сөйлемде үтір не үшін қойылған?
14. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
15. Құс жоғары - төмен ұшып, бір қанатын сабалай берді. Сөйлем құрмаластың қай түрі?

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер ІІ топ
1. Тұрлаулы мүшелері ата
2. Жалаң сөйлемнің құрамында қандай сөйлем мүшелері болады?
3. Зат есімнің жалғауларын ата
4. Есімдерше бірде түрленіп, бірде етістік қызметін атқаратын етістіктің түрі
5. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қалай жасалады?
6. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлерін ата
7.”Көкшетау” поэмасының авторы кім?
8. Сын есімнің шырайлары қалай жасалады?
9. Жіктеу есімдіктерін атаңдар
10. Абай Құнанбаевтың туған жерін ата
11. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
12. Көсемше қалай жасалады?
13. Өлеңім - менің бөбегім. Сөйлемде сызықша не үшін қойылған?
14. Синоним дегеніміз не?
15. Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім жоқ. Сөйлем құрмаластың қай түрі?

ІV кезең. Зерделеу.
Қазақстандағы көлдер
1. Қазақстандағы ең терең көл
2. Қазақстандағы ең ащы көл
3. Қазақстандағы ең тұщы көл
4. Тұщы көлдердің ішіндегі ең терең көл
4 340
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорына, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердіқожаева Меруерт
Дарынды және үлгермейтін оқушымен жұмыс жоспары және оқушының жұмыс дәптері
Дарынды және үлгермейтін оқушымен жұмыс жоспары және оқушының жұмыс дәптері
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары
Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×