Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасірет пен қасиет

20 сәуір 2012, Жұма
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Қасірет пен қасиет.
Мақсаты: а) ақын өміріне қысқаша шолу, шығармасына талдау жасай отырып, поэмасының идеясын, мақсатын ұғындыру;
ә) оқушы білімін жинақтай отырып, талдауға, өз ойын еркін айтуға, дәйексөзбен дәлелдеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеу; сұлулық пен махаббатты тануға, өз көзқарасын қалыптастыруға баулу;

Сабақтың түрі: Пікірсайыс
Сабақтың типі: Бекіту
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, дебат, эссе, автор орындығы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, музыка, шет ел әдебиеті, салт-дәстүр
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
а) сәлемдесу,
ә) тексеру,
б) зейінін сабаққа аудару.
1) Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау. – Балалар, біз Мұқағали туралы не білеміз?
- Оның қандай шығармаларын білесіз?
- Біз танысқан шығармасы қандай еді?

«Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деп Фариза Оңғарсынова айтқандай, шынында, біз сол бақытты халықтың бақытты ұрпағымыз. Мұқағали қазақ әдебиетінің алтын қорына мейлінше үлес қосып, жыр айдынында өшпес із қалдырған ақиық ақын.
Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, сол поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Іске сәт дей отырып, ақын поэмаға арқау еткен тақырыпты анықтайық.

- Поэманың негізгі кейіпкерлері кімдер? (ана, аққу)
Енді мына жоспар арқылы поэзия мазмұнын еске түсіріп көрейікші.

Поэмаға шолу жасалған соң, топтастырамыз)
ІІ Мағынаны тану.
ә) Топтастыру.
Аққу

Әсемдік белгісі
махаббат символы
киелі құс
сұлулықты, тазалықты білдіреді
түсі - ақ

Жалпы қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті олар аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз.

Бұл аңызды айтқанда, есімізге еріксіз Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббаты түседі. Қыз Жібек те аққу тәрізді, Төлегенсіз өмір сүре алмай, құздан құлап өледі. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді.
Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, өмірден баз кешеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің дұрыс - бұрыстығын талқыға салмақпыз.

б) Дебат «Ана әрекеті дұрыс па?»
а) Иә
б) Жоқ
Жауаптарына қарай оқушылар топтасып, пікір таластырады.
- Балалар көл неліктен «Жетім көл» атанған?
- Тәуіп дегеніміз кім?
- Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?
- Қазақ халқы тағы да нені киелі санаған?(бүркіт, үкі, киік, киелі сандар-3,7)
-«Аққуға кезенерде ырым жасап, тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деген жолдарды қалай түсінесің?

ІІІ Толғаныс
в) 5 минуттық эссе
«Егер сіз автор болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз?»

IV Үй тапсырмасы.
1) Аққудың киесі
2) Ана махаббаты
3) Аққу – ана - бала
тақырыптарының біріне шағын шығарма жазу және поэма желісі бойынша сурет салу.
21 032
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Иркитбаева Ш. Н.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какимова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×