Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күн және ауа. Су

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Күн және ауа. Су
Мақсаты: 1) Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн және ауа жайлы түсінік беру.
2) Дәрігер салауаттың қауіпсіздік мектебінен алған ақыл - кеңестерін айтып, қауіпсіздік ережесң туралы білімдерін дамыту.
3) Күн және ауа табиғат сыйы оны қорғауға, гүлдер мен ағаштарды көп отырғызып, оларды күтіп баптауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, әліппе дәптер, дәрігер Салауаттың ақыр - кеңесі жазылған бетше, доп, қалта, желпуіш.
Әдіс - тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту сәті, мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті барысы:
1) Ұйымдастыру.
2) Өткен сабақты қайталау сұрақтары.
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғаттың неше түрі бар?
- Табиғатың адамға берген сыйы туралы не айта аламыз?

Жаңа сабақ: Күн және ауа.
- Суретпен жұмыс.
- Жұмбақ жасыру.
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан. (күн)
Күн - әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Ол орасан мол энергия бөліп шығарады. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуақтарына ультра күлгін шуағы жатады. Міне солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені бар. Ал осы дәруменнің жетіспеуінен балаларда мешел ауруы пайда болады. Күн шуағы осындай аурулардың алдын алады. Өйткені күннің жарығы аурулады қоздыратын көптеген микро ағзаларды өлтіреді. Күн шуағы тек теріні ғана нығайтып қоймай тыныс алу және нерв жүйесінің жұмыстарын, қанның құрамын жақсартады, суық тию ауруларына қарсы тұруына септігін тигізеді...

Кітап жұмыс.
Дәрігер
Салауаттық ақыл - кеңестерін айту.
- Күнге ұзақ күюге болмайды. Күйік алуы мүмкін.
- Күн шуағына ұзақ қыздырынба.
- Күннің астында бас киімсіз жүрме.
- Күн табиғи дәрі.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Ұзын мұртты құмырсқа.
Кел жатыр жұмысқа,
Алды допты қолына.
Қойды допты жолына,
Оңға қарады, солға қарады.
Үлкен тау деп ойлады.

Жұмбақ жасыру.
Оңынан оқы, тіршілік нәрі.
Солынан оқы, тіршілік нәрі.
Онсыз адам, аң, құс та семер бір мезетте. (ауа)
Мұрынды басып дәлелдеу.

Ауа - азот, оттегі, көмірқышқыл және басқа әр - түрлі газдардың қосындысынан тұрады.
Оттегі - тірілікке ең керектісі. Ауамен адам да, аң мен құста, өсімдікте дем алады.

Тәжірибе жасау.
- Қалтаға ауа жинау, ауаның түссіз мөлдір екенін түсіндіру.
- Шарды үріп ауа толтыр, ақырындап ауасын шығару.
Жарты стакан су бетіне қағаз жауып, төңкеріп ұстау. Су жерге төгілген жоқ. Себебі, су бетінде де ауа болғандықтан ол жерге төгілмейді.
- Допты соғып, балаларға соқтырып көрсету. Балаларға дем алдыру.

Кітаппен жұмыс.
а) Ауаны не ластайды қызыл түспен белгіле.
ә) Ауаны не тазартады жасыл түспен белгіле.
Адамдар мен өсімдіктер арасындағы ауаның алмасуы. Әңгіме құрастыру.

Дәрігер Салауаттық кеңесі:
Таза ауа табиғат сыйы. Оларсыз адам баласы тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктерді күтіп бапта. Олар ауаны тазартады.
Жасыл ел бағдарламасы бойынша ормандарды көбейту, қала, ауыл көгалдандырылуда.

Ауа → иіссіз, дәмсіз, көзге көрінбейді, түссіз, қолға ұсталмайды.

Енді балалар сендерге Жұмбақбай атайдың тағы бір жұмбағын жасырғым келіп отыр. Жауабын тапқыларың келе ме?
Кескен болам кесілмейді,
Кесілсе де білінбейді. (су)

Су - өзен, көл т. б. жүзетін мөлдір сұйық зат. Жер астында да, жануарлар денесінде де су болады. Сусыз тағам да піспейді, тазалықта болмайды. Тіршілік атауы болмайды.
Су жолыммен қайық, кеме жүзеді.

Тәжірибе: Екі стакан суды дайындап көрсету. 1 - стаканға таза су. 2 - стаканға тұз салып дәмін көрсету.
Тұз судың ішуге жарамсыз екенін білдік.
Көл, өзен, арықтағы сулар тұссыз, онымен бау - бақша суғаруға болады, бірақ ішуге болмайды.

Дидактикалық ойын: Егер де... не болар еді?
Мақсаты: Қарапайым себепті байланыстар мен қарым - қатынастарды таба білуге үйрету.

Егер де күн болмаса, не болар еді?(үнемі қараңғы, қорқынышты болады, гүлдер өспейді)
Егер де су болмаса, не болар еді?(шөптер қурайды, қатты шөлдейміз)
Егер де ауа болмаса не болар еді? (тыныс ала алмаймыз)

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетті қорытындылау: Күн, ауа, су болмаса өмір сүре алмаймыз ба?
Ауа таза болуы үшін нелерді көп өсіруіміз керек?
Мадақтау.
Сабаққа белсенділікпен қатысқан балаларды «Қуанышты хабарламамен»марапаттау.

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы,
№ 4 М. Әуезов атындағы мектеп
Тәрбиеші: Махамбетова Тастыбике Базарқызы
15 696
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
1. Кішкене ғана бойы бар Айналдыра киген тоны бар (қозы) 2. Сиыр малының төлі. ( бұзау)
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.