Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жомарт күз

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала бақша
Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы
балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Мақсаты: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. Түсіндіру әдісі.
2. Тосын жағдай.
3. Қылқаламмен сурет салу.
4. Сұрақ - жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет, қылқалам, су бояу.
Балалар үшін: қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір - біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.

Сәлеметсіз бе?- деген жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Балалар: жылылықты.
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады?
Балалар: Жүрегімізден.
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатымен: «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы, қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар. Адамдар бір - біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар?
- Күн қысқа, түн ұзақ. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады.
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сығандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық. Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
Сәлеметсің бе күз ханшайым.
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар. Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.

Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.
Қиын шақта достарды біз қолдайық.
Келесі көріскенше сау болайық.
2 584
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.