Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Біздің үй

24 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Құрастыру
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Біздің үй
Мақсаты: Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
Воскобовичтің «Геоконт» ойын құралын пайдалана отырып балалардың ой-танымын, саусақ моторикасын дамыту, түстерді тануға, көлемін, формасын, анықтауға үйрету. Ойын құралы арқылы балаларды құрастыруға үлгі бойынша схема жасауға, координант жүйесінде нақтылауға, құрастырылған суреттер арасынан ұқсастықпен айырмашылықты, табуға үйрету. Сонымен қатар бұл ойын арқылы балаларға нүкте, сызық, бұрыш, кесінді деген ұғымдармен таныстырды жалғастыру. Шыдамдылыққа, жұмысты аяғына дейін орындауға дағдыландыру. Жан – жануарлардың мекендеу ортасын таба білу қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: Воскобовичтің «Геоконт» ойын құралы, бірнеше резеңкелер, проектор, слайд, ойынға арналған аңдардың, құстардың, балықтардың суреттері
Билингвальды компанент: Үй – дом, жатынжай - спальный
Жаңа сөздер: жатынжай, мансард, коттедж

Мотивациялық қозғаушы
Балалар қазір біз «Не қайда тұрады?» деген ойын ойнап жіберейік. Қараңдаршы сендер суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Олар сиыр, қой, түйе
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Үй жануарлары)
- Олар неліктен үй жануарлары деп аталады?
- Өйткені олар адамдардың жанында жүреді
- Олар қайда тұрады?( Қорада)
- Ал мыналар нелер? (Қасқыр, аю, түлкі)
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Жабайы аңдар)
- Олар неліктен жабайы аңдар деп аталады? (Олар орманда жүреді)
- Олар қайда тұрады? (Орманда)
- Ал мыналар нелер?( Балық, акула, дельфин)
- Олар қайда тұрады, қайда өмір сүреді ( Суда)
- Жарайсыңдар балалар, әр тіршілік иесінің өзінің тұратын жері болады, ал біз адамдар қайда тұамыз?( Үйлерде)

Іздену - ұйымдастырушы
- Дұрыс айтасыңдар, қане мына суретке назар аударайық, бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Әр түрлі үйлерді)
- Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?
(Балалар өз үйлері неше қабатты екенін айтады)
- Сендер қайда, қандай көшеде нешінші үйде тұратындарыңды білесіңдер ме? (Балалар өз мекен – жайы туралы айтады)
- Үйде қандай бөлме түрлері болады? (балалардың жауабы)
(Слайд бойынша әртүрлі үйлерді көрсете отырып таныстру )
- Адамдар ерте - де өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Сондықтан ыңғайлы жылы болу үшін өздеріне үйлер салып алған. Ертеде ата – бабаларымыз киіз үйде тұрған. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы ауласы бар жеке үйлерді бір қабатты үй дейміз. Ал бірнеше қабатты яғни 2, 3, 4, қабатты үй. Бұл көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке – жеке отбасылар тұрады. Олардың ауласы – бәріне ортақ бір аула болады.
- Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, жатын бөлмесі бар үй.
- Екі – үш қабатты үйлерді – Коттедж деп атаймыз. Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй.
- – Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Қандай бөлмелер болады айтып жіберейікші.
- Қане балалар айтып жіберейік үйдің қандай түрлері болады екен?
- Бір қабатты үй, көп қабатты үй, Мансарт, Коттедж
Балалар, үй дегеніміз орыс тілінде - Дом деп айтылады екен, қане қаталап айтып жіберейік.
Ал біздің ұйықтайтын бөлме яғни жатын бөлмемізді - спальный деп айтады екенбіз (балалар қайталап айтады)
Балалар бүгін біз өзімізге ыңғайлы бір әдемі үй құрастырсақ қалай болар екен.
- Сендер бұрын үйді қалай жасап едіңдер?
- Суретін салдық, түрлі – түсті қағаздан, құрастыру құралдарынан, таяқшалардан
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса енді біз үйді Геоконт ойын құралын пайдаланып құрастырамыз.
Мынау менің қолымда тұрған «Геоконт» деген құрастырмалы ойын құралы. Бұл құралда бірнеше әр түрлі түсті шегелер орнатылған. Сол шегелерді пайдалана отырып біз үй жасаймыз.
- Үйдің пішіні қандай болады? (Төртбұрышты болады)
- Дұрыс айтасыңдар үйіміз төрт бұрышты болады, біз сол төрт бұрышты шығару үшін мына шегелерді пайдаланамыз. Ол үшін мынау резеңкені шегенің біріне іліп алып солдан – оңға қарай жылжыта отырып екінші бұрышындағы шегеге ілеміз де резеңкемізді төменгі шегеге қарай жылжытып әкеліп іліп аламыз, резеңкені ары қарай оңнан - солға қарай жылжытып қыстырамыз. Міне біздің үйіміздің пішіні дайын болды.
- Енді шатыры қандай пішінге ұқсайды?
- Үшбұрышты пішінге ұқсайды (ары қарай шатырын, терезесін түсіндіріп көрсету)

Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керілер
Уықтары шаншылып,
Өрімдей болып өрілген
Қол ұстассақ айнала,
Киіз үй болып көрінер. (Өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
Балаларға геоконт құралымен үй жасауды ұсыну
Балалар резеңкелерді шегеге қыстыру арқылы үй құрастырады

Рефлексивті - коррекциялаушы
Аяқтаған жұмыстарын бағалап, мадақтау.
Балалар, біз бүгін әдемі көшелер құрастырып шықтық т. б айту.
Геоконт әдісімен, Дидактикалық ойын «Не қайда тұрады?»
Ойын шарты: балалар суреттегі бейнені тұратын жеріне резеңке арқылы қосу.
Балықты – суға, түлкіні – орманға, Қойды – қораға қосып көрсетеді
Оқу іс – әрекетінің қорытындылау.
- Балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерімен бөлісу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әр адамның тұратын үйі болатындығын және үйлердің бір, көп қабатты, мансарт, коттедж болатынын
Меңгереді: «Геоконт» ойын құралын пайдалануды, резеңкемен жұмыс жасауды
Жасай алады: «Геоконт» ойын құралын пайдаланып үй құрастыруды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» санаториялық
бөбекжай – балабақшасы Садықова Жадыра Сайлаубайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 073
2
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Балаларға Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, Т дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Тәрбиеленушілерді сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Ақкөжек
Ақкөжек
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс - жүзінде көрсете білуге үйрету.
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Алёна Ашимова
Алёна Ашимова Қонақ 7 мам 2016 20:40
1
Сабығыңыз өте жақсы сізге сәттілік тілеймін
Сабира Садықова
Сабира Садықова Қонақ 16 мам 2016 12:26
0
Жаке шығармашылық биігінен көріне беріңіз. Мұрат мақсаттарыңызға жетіңіз. Алға!!!