Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Т дыбысы мен әрпі

15 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бала бақша
Т дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Балаларға Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, Т дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту.
Тәрбиелік мәні: Тәрбиеленушілерді сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ойын элементтерін пайдалана отырып дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекілігі: Т дыбысына арналған плакат, Т - дыбысынан басталатын сөздер суреттері.
Әдісі: жаңа оқу іс - әрекеті ойын түрінде.

Мотивация қозғаушы
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, аналар!
Қайырлы таң апайлар!
Күн шуағын жинаймын
Достарыма сыйлаймын!
- Балалар бүгін қай күн?
- Аптаның 2 – ші күні, сейсенбі
Қазақша апта қалай аталады?
- Жылдың қай мезгілі?
- Жылдың қыс мезгілі
- Айларын атаңдаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
(есік қағылады)
- Балалар есік қағылып жатыр, қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келді?
- Қандай әріптер келіпті?
Өтілген әріптер: А, Л, О, У, Н әріптері

1 - бала: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой

2 - бала: Лағым десең,
Лашын десең
Лағыл десең
Әрқашанда сөз басында
Л тұрады ұқсап шыңға

3 - бала: Отан ана
Отан жер
Отан дана
Отан ел

4 - бала: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталған қарашы

5 - бала: Уық деген немене?
Уыз деген немене?
Қай әріптен атаулар,
Басталып тұр атаңдар?

Ұйымдастырушы ізденушілік
Балалар мен сендерге ертегі оқып берейін, бүгінгі әріпті сол ертегіден ұғарсыңдар.
«Түлкі мен тырна» ертегісін үстел – үсті театр арқылы сахналап көрсету
- Балалар ертегі қалай аталады?
- Түлкі мен тырна
- Түлкі, тырна дегенде қай дыбыс бірінші естіліп тұр?
Т дыбысы
- Кәне бәріміз қайталайықшы.
Т - Т - Т - Т - Т - Т
- Балалар мына Т дыбысының баспа және жазба түрі.
- Ауада жасап көрейікші.
- Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз
- Дауыссыз дыбыстар қандай қар үйде тұрады екен?
- Көк қар үйде
Балалар қараңдаршы мыналар қандай суреттер екен?
Балалар тақтаға бір - бірлеп шығып,
Т әрпінен келетін суреттерді атап, буынға бөледі, қанша буын бар екенін атайды.

Дидактикалық ойын: Буынға бөл, сөйлем құра

Ойын: Қарама қарсы, сөздерді атаңдар
Мен жоғары десем, сендер төмен
Үлкен, кішкентай
Алыс, жақын
Ауыл, қала
Құрғақ, сулы
Ұзын, қысқа
Жылдам, баяу
Ыстық, суық
Жарық, қараңғы
Аз, көп

Т әрпінен басталатын жаңылтпаштар кім айтады?
1 - бала: Топ, топырлап
Топтасқан, тоқылдақ
Тоқтамай томарды
Тоқпақтап тоқылдат /Нұрбек/

2 - бала: Тау бар, тау бар
Тауда бау бар
Бауда ара бар
Ара барда, бал бар /Бейбарыс/

3 - бала: Тас тостаған
Тас тостаған ішіне
Тас тастоған /Инабат/

4 - бала: Түйетауық
Түйеқұстың
Түйенің
Тарайтұғын тереңінен
Түбі тектес туыстас деп білемін /Нұрдаулет/

Рефлексті - коррекциялаушы
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
(Әуенді сергіту компьютер арқылы)
Ойын: Отан сөзін жазғызу

Қорытындылау, көңіл күйлерін смайлик арқылы білдірулерін сұрау

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбыстарды ажырата білді.
Нені игерді: Т дыбысынан келетін жұмбақтар, мақал - мәтелдерді жатқа білуге машықтанды, түсінді.
Нені білді: Балалар Т дыбысынан келетін суреттерді атады, буынға бөлді.

Қызылорда облысы, Қазазалы ауданы,
Қазалы қаласы,№3 «Өрімтал» балабақшасының
І санатты тәрбиешісі Тауасарова Эльмира Қазиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 516
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
У дыбысы және әрпі
У дыбысы және әрпі
У дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Ақкөжек
Ақкөжек
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс - жүзінде көрсете білуге үйрету.
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.