Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күн шығыс еліне саяхат

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Үздік ұстаз бәйгесіне
Тақырыбы: Күн шығыс еліне саяхат
(З. Дьенеш логикалық блоктарымен ІІ кіші тобына арналған)
Білім саласы: Таным, шығармашылық.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Күн шығыс еліне саяхат».
Мақсаты: З. Дьенеш логикалық блоктарымен жұмыс жасау дағдыларын нығайту, түсі, көлемі, пішіні бойынша бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз бен іс - қимыл байланыстарын жетілдіру, балалардың қабылдауын дамыту.
2. Жинақталған біліктілік деңгейлерін арттыру.
3. Балалардың өз ойларын айта білу және көпшілік ішінде қарым - қатынас кезінде қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: З. Дьенеш логикалық блоктары, әртүрлі пішінде жасалған хат, құлыптың макеті, аюлардың суреті, гуашь, салфеткалар.
Сөздік жұмыс: хат
Билингвалды компонент: күн – солнце, бұлт – облака.
Әлеуметтік инклюзия: Глеб, Соня, Андрей.
Инновациялық технология: З. Дьенеш блоктары

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін көптеген қонақтар келіпті, сәлемдесе отырып, шаттық шеңберін айтайық.
Армысың алтын күн!
Армысың алтын Жер!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.
- Балалар, біздің балабақшаға газет - журналдармен бірге хат келді, соның ішінде біз топқа да бар. Қайсы хат екенін білу үшін көмекші сызбалар берілген.

- Берілген сызбаларды атаңдар.
Тәрбиеші хатты ашып, оқиды: «Сәлеметсіңдер ме балалар. Біз күн шығыс елінің тұрғындарымыз. Бұлт күнді тығып қойды. Күнді табуға көмектесіңдерші?»
- Көмектесеміз бе?

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Күнді іздеуге автобуспен барайық. Билеттерді алып, өз орындарыңа отырыңдар. Мен тексеруші боламын.

- Міне келіп жеттік.
«Құлыптаулы қақпа»
- Балалар, Күн шығыс елінің қақпасына тап болдық. Бірақ, қараңдаршы, мұнда құлып ілулі тұр екен.

- Егер кілтін дұрыс тапсақ, қақпа ашылады.
- Жарайсыңдар, қақпаны аштық, алға жүрейік.
«Алаңқай»
- Балалар, қараңдаршы, біз сендермен алаңқайға келдік. Әртүрлі гүлдің шырынын аралар түстері бойынша өз ыдыстарына жинауда.
Араларға көмек берсек, бізге күнді табуға көмектеседі.

- Аралар бізге күннің қайда екенін тауып берді.

- Міне біз бұлтты таптық. Бұлт қандай екен?
- Бұлт күнді жіберу үшін қалай мейірімді етсек екен?

- Және тағы бұлттың тапсырмасы бар екен. Орындап, көңілін көтерейік.
«Аюды құрастыр»

- Шаршаған боларсыңдар, сергіту жаттығуын жасайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Бұлттың көңілін көтеру үшін, түрлі жаңбыр тамшыларын салып берейік.
«Қөңілді тамшылар» дәстүрден тыс сурет салу.
- Суретті салудың алдында қолымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы: «Бес саусақ».
- Балалар, біздің түрлі - түсті тамшылардан бұлт көңілденіп, күнді жіберді.
Күн:
- Рахмет, балалар, көмектескендеріңе. Әрқашан аспандарың ашық, күндерің шуақты болсын.
Сендерге менің сыйлығым бар. Қабыл алыңдар.
Енді балалар тобымызға жаяу қайтайық.

Рефлексиялық - түзетушілік
Бүгінгі оқу қызметін сұрақ - жауап әдісі арқылы қорытындылау
- Біз нені құтқардық?
- Немен саяхатқа бардық?
- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Жақсы атсалысқан балаларды мадақтау, аз жауап берген балаларды ынталандыру.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: З. Дьенеш логикалық блоктарымен жұмыс жасауды;
Түсінеді: геометриялық пішіндердің түсі, көлемі, пішіні бойынша бір - бірінен ажыратуды;
Қолданады: дәстүрден тыс сурет салу тәсілдерін.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№20 балабақша тәрбиешісі
Муратаева Айнаш Усенкуловна

Толық нұсқасын жүктеу
1 732
3
11 дауыс
Оқи отырыңыз
Жұмбақ математика
Жұмбақ математика
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа,
Ертегілерге саяхат
Ертегілерге саяхат
Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Асылбек Жарас
Асылбек Жарас Қонақ 12 сәуір 2017 16:59
0
Жұмысымызға керекті материал екен. Рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін.
Asem
Asem Қонақ 27 сәуір 2017 15:10
0
Өте жақсы жұмыс екен. Үлкен рахмееет
Asem
Asem Қонақ 27 сәуір 2017 15:11
0
Улкееен рахмет жумысынызга