Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ертегілерге саяхат

22 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала бақша
Ертегілерге саяхат
Ашық оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Бөлімі: Тіл дамыту, Сурет
Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Нүктелі әдісті пайдалану. Саусақ жаттығуы арқылы саусақ маторикасын дамыту. Дыбыстық жаттығулар арқылы баланы дыбыстарды дұрыс айта білуге пысықтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалы қойын
Көрнекілігі: бауырсақ ертегісінің конусты суреттері, жеті лақ ертегісінің суреті, дидактикалық ойын:”Орнын тап та атын айт!”
Билингвалдық компонент: Түлкі - лиса, Бауырсақ - колобок, қоян - заяц

Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері: Балалар қане бәріміз шеңбер жасайық. Шеңберіміз неге ұқсады? Ендеше шарымызды үрлейік те үлкен шар жасайық. Енді денеміз сау болсын деп бір - бірімізді емдейік
- Қайырлы таң көздерім! Көздерім сендер ояныңдар!
- Қайырлы таң құлақтарым! Сендер ояныңдар!
- Қайырлы таң саусақтарым! Сендер ояныңдар
- Қайырлы таң Алтын күн!, Күн сияқты күлімдеу.

Іздену ұйымдастырушы
- Балалар сендер ертегілерге саяхат жасағыларың келеді ме? Ал енді олай болса бәріміз немен барамыз? (Осы кезде гуілдеген пойыздың дауысы естіледі)
- Балалар естисіңдер ме? Бұл пойыздың дауысы екен. Олай болса бәріміз пойызға мінеміз.

Қимылды ойын: “Көңілді пойыз”
1. Аялдама “Жетілақ”(Суреттен көрсету)
- Балалар жеті лақ ертегісіндегі лақтардың анасы қайда кетеді? Оларды не жеп қояды? Анасы орманға не үшін кетті? Ешкі туралы кім тақпақ айтып береді?
Аслан: Лақ, лақ лағым, Секеңдеген шұнағым
2. Аялдама: “Бауырсақ”
- Балалар мына жерде қандай ертегі кейіпкерлері тұрады екен?
- Бауырсақ нелерден қашты?
- Бауырсақты не жеп қояды?
Жұмбақ жасыру:
Өзі қорқақ, құлағы ұзын Ол не?
Балалар: қоян
Олай болса сендер шаршаған шығарсыңдар Қане қоян сияқты сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлерден
Ытқып – ытқып жүгірді

3.“Шұбар тауық” аялдамасы
- Балалар мына жерлерде шұбар тауық көрінбейді ғой, біра қыт - қыттаған дауыс естіледі.
Балапан: Қыт - қыт - қыт Балалар сәлеметсіңдер ме! Мен анамнан адасып қалдым.
Олай болса біздің балалар саған көмектеседі. Балапанға кім тақпақ айтып береді?
Рахат: Шөп - шөп, шөжелерім
Сары алтындай балапаным,
Тез жетіңдер жем беремін
Дәнге толы алақаным
- Жарайсыңдар балалар! Балалар бәріміз пойызға мініп тобымызға қайтамыз.
Өнер орталығы:

“Балапанға”жемсауыттың ішінде тары суретін салу.
Аққағазға гуашь, қол сүрткіш
Нүктелі әдіс арқылы балалар таяқшамен нүктелі әдіс арқылы тары салу.
Саусақ жаттығуы:”Амандасу”
Жұмыстарын аяқтау. Сендердің салған тары суреттеріңді балапанға сый қылып тартамыз.

Дыбыстық жаттығу:
Орманда жүр масалар ыз - ызы - ыз - ыз
Аралар жүр ыж - ыж - ыжы
Тауықтар жүр қыт - қыт
Жыландар жүр ыс - ыс - ыс

Рефлексивті түзету
Билингвалдық компонент: қоян - заяц, бауырсақ - колобок
Балаларды мадақтау, мақтау
Балалар біз қандай аялдамаларға бардық? Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік.

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы, "Балауса" балабақшасының тәрбиешісі:
Мансурова Амина Шакиртовна
1 577
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту.
Бау - бақшада, бақтарда
Бау - бақшада, бақтарда
Отаным менің кең - байтақ. Жайнаған сансыз қаласы Жайқалған жомарт даласы. Ел - Отан біздің кең байтақ. Отанның біздер баласы
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Балаларға Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, Т дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Тәрбиеленушілерді сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.