Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сандар әлеміне саяхат

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала бақша
Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, сұраққа жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, доп, текшелер.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап.

«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған күнге!
«Ғажайып сәт».
- Балалар, бүгін біздер «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз (осы кезде «Маша мен аю» мультфильмінің кейіпкері Машаның дауысы шығады).
- Сәлем, Маша!
- Сәлем, балалар! Мен аю досыма келе жатыр едім. Сендердің «Сандар әлеміне» баратындарыңды естідім. Мені де ала кетіңдерші. Келесі жылы мен мектепке бармақпын. Сондықтан санауды үйренгім келеді.
- Жарайды, Маша, ендеше балалармен бірге сен де санауды үйренетін боласың. Балалар, алдымен, сандарды есімізге түсірейік. Балалар Маша мен тәрбиешіні тыңдайды.

Ұйымдастыру -
шылық - ізденістік
1. «Санап көр!». Экранға суреттер мен сандар шығады. Балалар суреттер санына сәйкес санды айтады.. Дұрыс жауап болса, көңілді смайлик шығады, қате айтса көңілсіз смайлик шығады.

2. «Алма бағында» флипчарт - ойыны. Аю Машаны сандар әлеміне жібермес бұрын алма ағашындағы алмаларды кәрзеңкелерге жинап беруге көмектесуін сұрайды. Ол үшін мына амалдарды орындауы қажет: 2+2=4, 5 - 3=2. Амалдардың шешуіне сәйкес санды алманы сол кәрзеңкеге қалам көмегімен жинайды.

3. «Қанша көбелек?» флипчарт - ойыны. Міне, Маша «Сандар әлеміне» бару үшін жолға шығады. Ол жолда келе жатып көбелек аулағысы келеді. Бірақ, көбелектерді анық көре алмайды. Айналасындағы көбелектерді анық көру үшін ол лупаны қолданады. Балалар, Машамен бірге көбелектерді санайық!

4. «Неше жаста?» флипчарт - ойыны. Жолда Машаға туған күндерін тойлап жатқан жануарлар кездеседі (қоян, тиін, қасқыр). Олардың нешеге толып жатқандығын торттың үстіндегі майшамдар саны арқылы білеміз. Мысалы: «Қоян неше жаста?» деген сұраққа «Қоян үш жаста» деген жауап болуы керек. Дұрыс жауапты білу үшін үш шардың үстіндегі үш цифрдың біреуін басады.

5. «Аудармашы» дидактикалық - қимылдық ойыны. Мұғалім балаларға допты лақтырады да, сандарды орыс тілінде айтады. Балалар қазақ тіліне аударып айтады да, допты кері лақтырады.

6. «Қызықты пиктограмма». Машаға тағы бір тапсырманы шешу оңайға соқпай тұр. Бұл – белгісіз таңбалар мен сандар. Бұларды тиісті орнына қойып оқығанда сөйлем шығады. Мысалы: Менде бір алма бар.
Содан соң балалар берілген ойыншықтар мен сандар арқылы өздері сөйлем құрастырып, айтулары керек (бұл тапсырма түрі текшелер арқылы да орындалады).

7. «Қай сан жоқ?» флипчарт - ойыны. Келесі жолдағы кедергі - жоғалған сандар қатары. Флипчартта белгілі бір саны жоғалған қатар беріледі. Сол қатардағы жоғалған санды тауып, сол санның көршілері аталуы керек. Мысалы: «Қай сан жоқ?» деген сұраққа «2 жоқ» деп жауап береді. «2 санының көршісі қандай сандар?» деген сұраққа «2 санының көршілері 1 мен 3 сандары» деп жауап берулері керек.

8. «Мақал - мәтелдер».
- Балалар, сендер құрамында сан атаулары бар мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.
1. Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
3. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.

9. - Міне, Машамен бірге біз «Сандар әлеміне» жеттік. Бұған Маша өте қуанышты. Балалар, сендер де қуаныштысыңдар ма?
Ендеше, «Санау әнін» әндетейік.

Маша:
- Жарайсыңдар, балалар! Мен өте қуаныштымын. Себебі мен сендер сияқты қазақ тілінде санай алуды үйрендім. Аю досыма да қазақша санауды үйретемін.
Сау болыңдар!

Балалар интерактивті қаламмен сандарды басып, атайды.
Балалар амалдарды шешіп, алмаларды тиісті кәрзеңкесіне жинайды.
Балалар лупа арқылы көбелектерді санайды.
Балалар жануарлардың жастарының нешеде екенін айтады.

Балалар пиктограммалар арқылы сөйлемдер құрайды.
Балалар жоғалған сан мен көрші сандарды атайды.
Балалар мақал - мәтелдер және олардың құрамындағы сандарды айтады.
Балалар «Санау әнін» (бейне ән) әндетеді.

Балалар Машамен қоштасады.
Рефлексиялық - түзетушілік. Педагог балалардан бүгінгі оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандарды біледі.
Игереді: 1 - ден 10 - ға дейін санауды үйренді.
Меңгереді: балалар сандар мен зат атауларын байланыстырып сөз тіркесі мен сөйлем құрай алуды меңгерді.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі
Сарманова Гүлім Амантайқызы
4 601
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
10 саны
10 саны
10 санының құрылымымен таныстыру және «біртаңбалы, екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі Аманова Марал Жанахметқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.