Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қызықты математика

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: математика
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, жүйріктікке, тапқырлыққа баулу.
Көрнекіліктер: теледидар, Кюизенер, Воскобович ойындарының, құралдары.
Дьенеш әдісі бойынша қажетті үлестірмелі материалдар.
Дидактикалық ойындарға арналған құралдар.

Әрекет кезеңдері:
I. Мотивациялық қозғаушы кезең
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт - таңнан біреумен достасуың,
Бақыт - кеште достармен қоштасуын.
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн қуаныш,
Сәттілікке толсын.
Сәлематсыздар ма, қонақтар!

II. Іздену - ұйымдастырушы кезең
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін тез табамыз ба?
- Жұмбақтың шешуін тез табамыз.

- Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны.
Жаңалықты жинайды
Жұртшылыққа сыйлайды
Ол не? (Теледидар.)
( Теледидармен жұмыс)
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар.
- Жыл мезгілдерін кім атайды?
- Жыл мезгілдері: қыс мезгілі, көктем мезгілі, жаз мезгілі, күз мезгілі.
- Жылдың қазір қай мезгілі?
- Жылдың қазір күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде үш ай бар.
- Күз айларын кім атайды?
- Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күзде ауа райы суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, біз жылы киімімізді киеміз.
- Балалар осы жыл мезгілдерінің ауысымы қай ғаламшарда өтеді?
- Жыл мезгілдерінің ауысымы жерде өтеді.
- Жердің пішіні қандай?
- Жердің пішіні дөңгелек.
Балалардың назарын теледидарға аудару.
- Балалар, теледидардан нені көріп тұрсыңдар?
- Пішіндерді.
- Пішіндерді атап айтайық.
- Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек.
- Балалар, Бельгияның ұлы педагогы Кюизенердің таяқшалары арқылы пішіндерді орналастырайық.
Балалар таяқшалар арқылы пішіндерді орналастырады.
- Балалар, жер шары дөңгелек дедік, дөңгелек пішінге ұқсас тағы қандай нәрселерді білесіңдер?
- Доп, машинаның аяғы, күн, қарбыз, моншақ, т. б.
- Балалар, біздер осы моншақты қай жерімізге тағамыз?
- Біз моншақты мойнымызға тағамыз.
- Моншақты не үшін тағамыз?
- Моншақты әдемілік үшін тойға, қонақтарға барғанда тағамыз.
- Олай болса, балалар, Воскобович ойыны бойынша қуыршаққа моншақ жасайық.
Балалар қуыршаққа моншақ жасауға кіріседі.
- Ойын ойнап көңілді,
Қызыққа толы мол игі.
Енді кезек берейік,
Санамақ пен қаламақ,
Құпия сырлар әлемі.
- Балалар сендер қандай санамақтар пен қаламақтар білесіңдер?
Есқара: - Бір дегенім -
Орныңнан жылдам тұр дегенім.
Балабақшаға тез жүр дегенім.
Мұхаммед: - Екі дегенім
Санап, жазып, оқы дегенім.
Білімді бойыңа тоқы дегенім.
Алтынай: - Үш дегенім
Еліңді сүйіп құш дегенім
Биікке самғап ұш дегенім.
Балалар, тағы қандай санамақтар айтасыңдар?

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы «Айгөлек» балабақшасы
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Үздік ашық сабақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 115
1
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Мамандық иелері!
Мамандық иелері!
Балаларға мамандық түрлері туралы әңгімелей отырып, олардың өмірдегі алар орны, атқаратын қызметі, маңызды рөлі туралы сөз ету.
Пішіндер қалашығына саяхат
Пішіндер қалашығына саяхат
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту.
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Тажигуль
Тажигуль Қонақ 12 қаңтар 2017 22:38
0
Бәріне сәттілік тілеймін! Өз еңбегіме жеңіс тілеймін.