Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Әжемізде қонақта

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Тақырыбы: Әжемізде қонақта
Коммуникация.
Оқу қызметі: Сауат ашу
Мақсаты: Өтілген дыбыстар мен әріптерді қайталау, [р] дыбысы мен әрібін бекіту. Сөздік қорларын молайту. Қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы балалардың зейінін ояту, оқу қызметіне қызығушылығын арттыру. Қарым - қатынас мәдениеттілігіне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: робот
Үштілділік компонент: әже - бабушка
Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: заттық суреттер, көк және қызыл түсті гүлдері бар кілемше, дыбыстық талдауға арналған ойынтастар, жіп, өтілген әріптер жазылған көк және қызыл түсті картоннан дайындалған моншақтар, робот суреті, қарындаштар.

Жылулық шеңбері.
Өткенді қайталау
Балалар бүгін біз әженің үйіне қонаққа барамыз. Әжеміздің үйі ауылда ғой, оған қалай тез жетсек болады? (балалар өз ойларын айтады)
«Сиқырлы соқпақ» дидактикалық ойыны.
- Балалар, мен таптым әжеміздің үйіне мына сиқырлы соқпақпен барайық. Сиқырлы соқпақтың бір ерекшелігі, егерде мына сиқырлы соқпақтағы әріптерді дұрыс атап өтсеңдер, әжеміздің үйіне тап боласыңдар.
Балалар А, У, Л, О, Ә, Т, Н, Е, Ө әріптерін атап өтеді.
- Жарайсыңдар балалар, міне әжеміздің үйіне де келіп қалдық.

Психологиялық жаттығу.
- Әжеміздің үйінде сүп - сүйкімді мысығы бар. Көрсетіңдерші, ол қалай мияулайды?(мяу - у - у) Тағы да әженің үйін үлкен ит күзетіп отыр. Ол бөтен адамдарға ашуланғанда не істейді?(р - р - р)
- Ит қандай дыбыс шығарады?
-[р] дыбысын айтқанда тіліміз қандай қалыпта болады?
-[р] дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз ба?
-[р] дыбысын қандай түспен белгілейміз?
- Балалар, сендердің ақылды екендеріңді байқаған иттің ашуы басылған сияқты. Ендеше әжеміздің үйіне кірейік.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.
- Ой, әжеміздің үйі қандай әдемі! Балалар әжеміздің үйінде құрамында [р] дыбысы бар заттардың атауын атап беріңдерші.
- қоржын, ұршық, көрпеше, орамал, домбыра, торсық...
- Ал енді осы сөздерді буынға бөліп айтыңдаршы.
- Балалар әжеміз көрінбейді ғой. Үй шаруасымен ас үйде жүрген сияқты. Сезесіңдер ме, дәмді иіс шығып жатыр.

Тыныс алу жаттығуы «Майсөк»
- Әжеміз бізге майсөк әзірлеп жатыр екен. Әжеміз келгенше, оның бізге дайындаған ойын тапсырмаларын орындайық.

Сөздік жұмыс.
- Әжеміздің үйінде үй шаруасына көмектесетін робот бар екен. Робот - адам жүрісі мен қимылын еліктіретін автоматтандырылған құрылғы. Ол адамның қызметтері мен іс - әрекеттерін толық атқарады. Робот - чех жазушысы ойлап шығарған сөз «жұмысқа шебер адам» деген мағынаны береді.

1 - тапсырма: Робот сөзін дыбыстармен жазып көрсетейік.
Бір бала тақтада, ал қалғандары орындарында отырып, дыбыстық талдау жасайды.
- Әжеміз бізге арнап кілем тоқып қойыпты. Өте әдемі екен. Келіңдер кілемшемен ойын ойнайық.


Сергіту сәті: «Зейінді бол» ойыны
Ойын шарты: балалар кілемшені айналып билеп жүреді, әуен тоқтағанда, дауысты дыбыс естілсе кілемшедегі қызыл гүлді, дауыссыз дыбыс естілсе көк гүлді басып тұрады.

2 - тапсырма: «Дыбыстың орнын тап» дидактикалық ойыны.
- мына суреттегі сөз құрамындағы [р] дыбысының орнын анықтап, Р әрібін жазамыз.
Ниткография.
- Р әрібін жіппен жазып көрсетіңдерші.
Балалар «Ара, сиыр, радио» сөздеріндегі [р] дыбысының орнын анықтайды, сөздің неше дыбыстан құралғанын, [р] дыбысының сөздің қай жерінде естілетінін айтады.
- Балалар осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап беріңдерші.

3 - тапсырма: «Әріптер сыйлаймыз» ойыны.
- Әжеміз бізге арнап Р әрібін дайындапты, кім құрамында [р] дыбысы бар сөздер айтса, сол балаға әріптер сыйлайды.
Балалар құрамында [р] дыбысы бар сөздер айтады.
- Балалар, әженің моншақтары үзіліп қалыпты. Әжемізге моншақтарды әдемілеп жасап берейік

4 - тапсырма: «Ғажайып моншақ» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: әріптер жазылған моншақтардан қысқа сөз жазып, моншақтарды жіптен өткізеді, әр бала өз сөзін оқиды.
- Міне, әжеміздің өзі де келіп қалды. Ендеше әжемізге моншақтарымызды сыйлайық.
Әже:- Рахмет балалар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Мен сендерге арнап майсөк әзірлеп қойдым.
- Балалар, ендеше «Сиқырлы соқпақ» арқылы тобымызға қайтайық.

Балаларды мадақтап қандай әсер алғандарын сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: [р] дыбысының дауыссыз дыбыс екенін; құрамында [р] дыбысы бар сөздерді атауды.
Игереді:[р] дыбысының сөздегі орнын, сөздерді буынға бөлуді, сөйлем құрауды;
Меңгереді: өтілген әріптерден қысқа сөздер құрауды, моншақтарды жіпке ретімен тізбектеуді;

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Сарыкемер ауылы, Балдырған балабақшасының тәрбиешісі
Алибекова Ұлмекен
2 192
1
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Тілдер патшалығына саяхат
Тілдер патшалығына саяхат
Күнделікті қолданылатын тәрбиелік мәні бар сөздерді ойындар ойната отырып үйрету. Ұйқас сөздерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Балаларға Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, Т дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Тәрбиеленушілерді сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Тиінге қонаққа барамыз
Тиінге қонаққа барамыз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы Балабақшаның тәрбиешісі Избасова Гүлдана Серікқалиқызы
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Жансая
Жансая Қонақ 20 сәуір 2017 15:41
0
Ашық оқу қызметі ересек жас тобы үшін өте қызықты ұйымдастырылған, мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Кезеңдер бір бірімен байланысты, ниткография әдісі және тыныс алу жаттығуы өте қатты ұнады.