Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тиінге қонаққа барамыз

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала бақша
Тиінге қонаққа барамыз
Мақсаты: Балалардың сан және санау, кеңістікті бағдарлауға үйрету, геометриялық пішіндерді, уақытты пысықтау. Екі затты қарама - қарсы өлшемдері бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі бойынша) салыстыруға және өзіңе қатысты (алдында, артында, оң және сол жағында) заттардың бағыты мен орналасуын анықтауды үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
- Балалар, бүгін мен сендерді орманға саяхатқа шақырамын. Орманда қандай аңдар өмір сүреді?

Ұйымдастыру - іздестіру
Ал тиін жайлы не білеміз?
- Балалар, Тиін қандай аң екен?
- Немен қоректенеді?
- Тиін қайда өмір сүреді?
- Дұрыс балалар, бүгін біз ормандағы Тиінге қонаққа барамыз.
Ендеше жолға шығуға болады.
Ол үшін біз орманға жаяу баратын жолға түсейік. (Тақтадан ормандағы екі жол көрінеді).
- Біздің алдымыздан неше жол кездесті?
- Мына жол қандай? (Кең ба, әлде тарыма?)
- Ал екінші жол қандай?
- Біз қай жолмен жүрейік?
- Неге тар жолмен жүрмейміз?
- Ал кең жолға ше?
Тиінге қонаққа тез жетуіміз үшін
- Қай жолмен тез барамыз? Ұзын ба, қысқа ма?
- Қысқа жол теректің қай жағында орналасқан? Оң ба, сол ма?
- Өте жақсы, балалар! Олай болса сапарымызды жалғастырайық.

Жолдан қоян кездеседі?
- Балалар, жолдан нені кезіктірдік?
- Қоян біздерді жібермей тұр.
- Қоянның тапсырмасы бар екен, орындаған жағдайда ғана өткізеді екен.

Тапсырма: Қандай пішін жетіспейді?
Міне қояннан да құтылдық.
(Экраннан қасқыр көрінеді)
Қасқырдың да тапсырмасы бар екен орындаймыз ба?
Қасқыр тапсырмасында өзінің санау білмейтінін айтыпты

Тапсырма: Қасқырға шарды санауға көмектесу.
(Экраннан қонжық көрінеді)
- Балалар, қонжық бізді көргеніне қуанып, қолын шапалақтап тұр. Қонжықтың да тапсырмасына жауап берсек қайтеді?

Тапсырма «Көңілді паровоз» ойыны.
Ойын шарты бойынша балалар паровоздағы суреттегі бейнеленген жануарлардың алдында, артында нелер екенін айтып беруі керек.
(Экраннан түлкі шығады)
- Балалар түлкі қандай аң?
- Түлкіге алданып қалмай, тапсырмасын тез орындап қашып кетейік.

Тапсырма Үй мен үйшіктің қайсысы биік, қайсысы аласа?

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз шынығып алайық.
- Балалар, біз жүріп келе тәуліктің қай мезгілі болғанын да білмей қалыппыз. қане, атайықшы, тәуліктің қандай мезгілдері бар? Қазір тәуліктің қай мезгілі?
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, кеш болмай тұрып тезірек тиінге жетіп алайық.
(Экраннан ағаштың бұтасында жаңғақ жеп отырған Тиін көрінеді).
Қараңдаршы, балалар, тиіннің үйіне де жақындап қалдық.
- Өте жақсы, балалар! Міне, тиіннің үйіне де келіп жеттік.
Балалар тиінге жаңғақтар беріп қуантады.
Сіздермен көптеген тапсырмалар орындап,
Тиін балаларды қонақтап балалармен қоштасады.

Рефлексивті - түзетушілік
Дидактикалық ойын: «»Көңілді пішіндер»
Ойын шарты:
Балалар геометриялық пішіндерден үй мен шыршаны құрастырып, күнді орналастыру керек.
Қорытынды, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар 3 - ке дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білді.
Білуі керек: Екі затты қарама - қарсы өлшемдері бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі бойынша) салыстыруды анықтады.
Түсіне біледі: Өз бетімен іс - әрекет жасап, тапсырмаларды логикалық ойлау арқылы шешті.

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы
Балабақшаның тәрбиешісі
Избасова Гүлдана Серікқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 749
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі Аманова Марал Жанахметқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.