Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бақыт қайда жасырындың?

12 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала бақша
Бақыт қайда жасырындың?
«Үздік ұстаз - 2017» бәйгесіне
Мақсаты: Балаларға «бақыт» құндылығының маңызын ашу, бұл ұғымның кең екенін, бақытты бола білудің жолдарын ұғындыру.
Міндеттері:
- «БАҚЫТ», «СӘТСІЗДІК» үғымдары туралы түсінік қалыптастыру;
- Балалардың өз ойларын еркін айтуға жағдай жасау;
- Бақытты сезіне білуге, біреуге бақыт сыйлай білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: АКТ, үнтаспалар, түрлі - түсті қағаз, қарындаштар, ленталар т. б.

Кіріспе
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сабақта сәттілік тілеу.
Топта «Менің ең қызықты күнім» тақырыбында презентация қорғауы. Айдын, Алия.
Неліктен бұл күн сендердің ойларыңда қалды? Осы сұрақтың төңірегінде ой өрбіту.

Тәрбиеші: Ой қозғау
- Сендердің ойларыңша «Бақыт» дегеніміз не?
- Адам ғұмыр бойы бақытты бола ала ма, әлде өмір бақытты сәттерден тұра ма?
- «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?
- Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?
- Неге оны көбіне құсқа теңеп жатады?

Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Ал енді қиялға батып елестетіп көрейікші:
- Егер бақытты көре алсақ, ол үлкен бе, жоқ әлде кіші болар ма еді?
- Иісі қандай болар еді? Неге ұқсайтын еді?
- Дәмі ше?
- Адамның басында қанша уақыт болар еді?

Дәл осы сәтте бақытты балаларды анықтау үшін стикерлерді ойын аша алмаған оқушылардың орындығының артына жабыстыру. Содан кейін оларды «Ең бақытты балалардың орындықтарында бақыт құсы отыр»- деп, сол оқушылармен жұмыс жүргізу.
Берілген ойды жалғастыру:
1. Сәби бақыты, ол -......
2. Ана бақыты, ол -....
3. Дәрігер бақыты, ол -......
4. Ұстаз бақыты, ол -......
5. Ұлт бақыты, ол -...
6. Іні бақыты, ол -....
7. Ер - азамат бақыты, ол -......
8. Кәсіпкер бақыты, ол -....
9. Ғалым бақыты, ол -....
10. Оқушы бақыты, ол -....

Олай болса, «Бақыт» деген.........................

1 - оқушы
Бақыт деген - адам болып жүргенің,
Бақыт деген - қуанғанда күлгенің.
Бақыт деген - иманы бар пенде боп,
Сыйлы болып шынайы өмір сүргенің.

2 - оқушы
Бақыт деген - аналардың жүрегі,
Аман болса ұл - қыздардың тірегі.
Берекелі, тыныш болса ошағың,
Бақыт деген - шаңырақтан кіреді.

3 - оқушы
Бақыт деген - ақыл - кеңес бергенің,
Ата - анаңның қадірін ұғып, білгенің.
Бақыт деген - қысылғанда достарың,
Алып ұшып алғаш болып келгенің.

4 - оқушы
Бақыт деген - ата - анаңның «Балам» деп арқаңыздан қаққаны,
Бауырыңның «Ағам» деп сенен демеу тапқаны,
Ең бірінші бақытың еліңнің тыныш жатқаны.

«Бақыттың құрамы» (Оқушылар топпен жұмыс жасайды)
1 - топ Сендердің ойларыңша, «Отбасындағы бақыттың құрамы» қандай болу мүмкін?
2 - топ «Мектептегі бақыттың құрамы»
3 — топ «Тәуелсіз елдің бақытының құрамы»
Осы үш тақырыпта оқушылар өз ойларын қоса отырып, түрлі деңгейде постер құрайды.

Бейнеклип А. Нұрмағанбетова «Бақыт деген...»

Жағдаяттар.
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп баласы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кіретін. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Анаңызға досыңыз ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе? Бұл оқиғада кім бақытсыз?
Әр оқушының пікірі тыңдалып, қорытынды жасалады.
Бейнебаян «Сен бақыттысың!»
Көрсетілген бейнебаян бойынша талқылау.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, баршамыз бірге «Бақытты үйдің іргетасын қалаймыз».
«Бақытты топ болу үшін не істеуіміз керек?»- деген тақырыпта оқушылар өз ойларын айтып, үйдің қабырғасын қалауға көмектеседі. Өз нұсқамды қосып айтып, толықтырамын.

Сергіту сәті
Балаларға алдын - ала берілген шарды үрлеу тапсырылады. Содан кейін оқушыларға:
«Егер сендердің бақыттарың осы шардың ішінде болса, оны не істейсіңдер?»
(Біреуі ұстазына беруі мүмкін, біреуі ұшырып жіберуі мүмкін, біреуі өзіне қалдыруы мүмкін)

Қорытынды:
Бақытты адамдар:
1. Олар жанындағы адамдардың өзі туралы қандай ойда екенін мүлде ойламайды.
2. Олар барлық нәрседе тек қана жақсы жақтарды көреді.
3. Достарының көп болғанын қалайды.
4. Күнін көңілді өткізуге тырысады.
5. Олар қанағатшыл келеді.
6. Сәтсіздіктердің бәрі бақытсыздық емес деп ойлайды....

«Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде, әрекет негізінде келеді»
Д. И. Писарев
Бақыт - сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның, ата - анаңның амандығы екенін айтады.
«Бақыт балалы үйге үйір» деген нақыл сөзді дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз - ой - арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік.

Рефлексия
«Мен бақытты баламын...» деген тақырыпта өз ойларын айтқызып, лента арқылы жалғасын табу. Егер лентаның ұшы тисе, ата - анасын болашақта қалай бақытқа бөлейтінін айтады.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
Гранитогор мектеп - интернатының тәрбиешісі
Мустапаева Майра Ерликқызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 818
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Қызықты математика
Қызықты математика
Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту.
Мамандық иелері!
Мамандық иелері!
Балаларға мамандық түрлері туралы әңгімелей отырып, олардың өмірдегі алар орны, атқаратын қызметі, маңызды рөлі туралы сөз ету.
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Әйнегі - күн, шатыры - аспан Кең дала, төсегі толқыған есік. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан - Республикам менің.
Пішіндер қалашығына саяхат
Пішіндер қалашығына саяхат
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.