Пішіндер қалашығына саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Таным»
Бөлім: _Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Пішіндер қалашығына саяхат
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, магнитті тақта, құс ұясы, сиқырлы қалам, иллюстрациялы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, сурет салу, тіл дамыту
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, қайталау, талдау, түсіндіру, топтастыру, ойын___
Билленгвальды компонент: қалашық - городок, үшбұрыш - треугольник, шеңбер - круг, төртбұрыш - четыреугольник, шаршы - квадрат, құс ұясы - гнездо
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап өсеміз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суретке аударып жыл мезгілдеріне тоқталады.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір қай мезгіл?
Ауа - райы қандай?
- Балалар бүгін біз сендермен «Пішіндер қалашығына» саяхатқа барамыз. Ол үшін поездға мінуіміз керек, біздің поезымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд». Қараңдаршы, поезымыз дайын сияқты. Бірақ поездымызға не жетіспейді?
- Мына дөңгелек заттардың арасынан поездың дөңгелегін табайықшы.
Түрлі домалақ заттар көрсетіледі. Мысалы, торт
Мынау поездың дөңгелегі ме?
Ал мынау поездың дөңгелегі ме?
- Өте жақсы. Енді біз Ғажайып поездымызбен баратын жерімізге тез жетеміз.
Ұйымдастыру - ізденушілік
Мінекей «Пішіндер қалашығына» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет, ортада тұрған үстелдерге отыра қойыңдар.
- Балалар, біздің келген Пішіндер қалашығының тұрғындары сендерге арналған тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындаймыз ба?
- Олай болса мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын.
- Бұл орамның пішіні
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны
Шығады тоқаш наны боп
Балалар ол қандай пішін?
- Дұрыс айтасыңдар, қане домалақты ауада салайықшы.
- Енді домалақ пішінге ұқсас қандай заттарды білесіңдер.
- Төрт бұрышы да тең түскен
Осынша жақтау және тең.
Мұндай шаршы, мен білсем
Табылмас ау еш жерден?
- Үш бұрышы бар, үш қабырғасы бар,
Ұзындықтары әр түрлі болуы мүмкін.
Ол не, балалар?
- Бұл жұмбақтың шешуін жақсы таптыңдар.
Жарайсыңдар.
Балалар қане пішіндер атауын Көмекші досым «Зерек» қаламнан сұрайыншы
«Зерек» қаламмен пішіндердің суретімен таныстыру.
Ал енді «Зат қандай пішіннен құралған» деген ойын ойнаймыз. Ол үшін мен сендерге тағы бірнеше жұмбақ жасырамын. Алдарындағы магнитті пішіндерден менің жасырған жұмбағымның шешуін суреттеңдер.
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Төріндемін үйіңнің. Бұл не екен?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл шырша екен.
- Бұл шырша қандай пішіннен құралған?
- Төрт қабырғасы, шатыры бар ол не екен?
- Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді келесі ойынымыз.
«Қай пішінге ұқсайды?» деп аталады. Тақтадан суреттер көрсетіледі. Балалар суретке қарап ұқсас пішіндерді айтады.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын
Ал енді логикалық сұрақтарға жауап беріңдерші.
1) Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
2) Дөңгелекте бұрыш бола ма?
3) Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Ал балалар кім сұрақ қояды?
Ерасыл С: Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбаңдап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.
Қанша қонжық кетті?
Әнел: Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы....
Жарайсыңдар!
Ойын: «Жоғалған пішінді тап!»
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ал балалар пішіндер туралы кім тақпақ айтады.
Айым: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
Асқар: Бөлініп - ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.
Күзде кейбір құстар жылы жаққа қарай ұшады, ал кейбірі қалып қояды. Оларды қыстап қалатын құстар деп атаймыз.
Осы кезде Батыр келеді. Қолында ағаштан жасалынған кішкене ұясы бар.
Батыр сен қайдан келе жатырсың? Неге көңіл күйің жоқ?
Батыр: Күн болса суық, мен суық торғайларға арнап әкеме ұя жасатып жатырмын. Бірақ ол аз торғайлар болса көп. Олар тоңып қалады деп уайымдап тұрмын.
Міне, Батыр нағыз құстардың қамқоршысы.
Балалар Батыр сияқты сендер де әкелеріңе ұя жасатасыңдар ма? Батыр сен көңіл күйіңді түсіріп ренжіме, достарың сені қолдайды. Кел отыра қой.
Рефлекциялық түзету
Ендеше балалар құстың ұясын қандай пішіннен жасайтынымызды ойланайық. Құстар туралы Еңлік өз тақпағын айтады.
Еңлік: Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш.
Әдемі үйшік болады,
Астына қойсаң төртбұрыш
Құс келсін десең ұяға
Дөңгелек қой ортаға.
Балалар тақтаға қараңдаршы ненің пішіні шықты?
Балалар балабақша ауласындағы ағашқа біз де өз қолымызбен ұя жасап ілейік.
Мына дайын үлгілерді тетігіне келтіріп құрастырайық.
Балалар ұямыз дайын. Енді оны балабақша ауласына апарып ілейік. «Ғажайып пойызымызға» мініп бақшамызға қайтайық.
Пішіндер қалашығының тұрғындары сендерге өздері туралы қызықты фильм беріп жіберді. Тамашалайық.
Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Онда қандай пішіндер бар екен?
Тағы не жасадық?
Ұя жасаған сендерге ұнады ма?
Әуенмен бақыт құсы келеді. Қолында сыйлықтары бар.
Айсұлу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бақыт құсымын. Сендердің жасаған ұяларынды көрдім. Көп рахмет сендерге. Мынау сендерге сыйлық. Сау болыңдар.
Бақыт құсы ұшып кетеді.
Ой балалар тыңдаңдаршы ненің дауысы естіліп жатыр?
Балалар қыстап қалатын құстар біздің жасаған ұямызды күтіп тұрғандай. Жүріңдер барып ұямызды ілейік. Келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейміз.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажыратып, айыра біледі
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгерді.
Жасай алуы. Үлестірмелі материалдардан берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады.
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№23балабақша тәрбиешісі
Салықбаева Альфия Еркенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Оқи отырыңыз
Ғарыш әлеміне саяхат
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту.
Тиінге қонаққа барамыз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы Балабақшаның тәрбиешісі Избасова Гүлдана Серікқалиқызы
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.