Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қыс қызығы

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала бақша
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі
Бисенова Жансая Ғлажадинқызы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
Балалардың сөздік қорын байыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балаларды белсенділікке, ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті, монтесорри технологиясы.
Көрнекілігі: Шаңғы, шана, коньки, аққала суреті, аққала бөлшектері, ыдысқа салынған қар, су, мұз.

Барысы
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай! деп қолдарын көтереді)

Ғажайып сәт. Желдің дауысы естіледі. Есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты. Қане, есікті ашып көрейін.
Қыс ханшайымы кіреді.
Қыс ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қыс ханшайымымын. Мен сіздердің қыс мезгілі туралы айтып жатқандарыңызды естіп қалып, қонаққа келдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе, ханшайым!
Қыс ханшайымы: Балалар мен сіздерге құр қол келген жоқпын, тапсырмалар әкелдім. Менің тапсырмамды орындауға дайынсыздар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз

1 - тапсырма. Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (аяз)

Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (қар)

Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

Ол көңілді сайқымазақ емес,
Үш қабатты бірақ үй емес. (Аққала)

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Балаларға қар, мұз, су көрсетіледі.
Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Тәрбиеші: Мынау не?
Балалар: Бұл – мұз.
Тәрбиеші: Мұз қалай пайда болады?
Балалар, мұз су мен қардың араласуынан пайда болады. Ал күн жылыса қар не істейді?
Балалар: Қар суға айналады.
Тәрбиеші: Дұрыс.
Қыс ханшайымы: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Қыс ханшайымы: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Қыс ханшайымы: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек.
Қыс ханшайымы: Менің 2 - тапсырмам «Аққала құрастыру» ойынын ойнау
2 – тапсырма «Аққала құрастыру»
Үлгі ретінде тақтаға бір аққаланың жапсырылу жолы көрсетіледі.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.

Сергіту сәті
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Шанамен де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Конькименен
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.

Тәрбиеші: Балалар, біз жаңа ненің қимылдарын жасадық?
Балалар: Шаңғы, шана, коньки тепкендегі қимылдарды жасадық.
Қыс ханшайымы: Балалар, шаңғы, шана, конькиді көргендеріңіз бар ма? Кімде бар?
Балалардың жауабы.
Қыс ханшайымы: Балалар, мен сіздерге шаңғы, шана, коньки әкелдім.
Балаларға көрсетіледі.
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Тәрбиеші: Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, шана ойындары бар екен. Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді, сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.
Балаларға шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп жүрген балалар суреті көрсетіле отырып түсіндіріледі.
- Міне, мынау құралды - «шаңғы» деп атаймыз. Шаңғыны аяғымызға киіп алып, қолымызда екі таяқшасын ұстап, биіктен төменге қарай сырғанаймыз, жоғарыдан төменге тез түсеміз.
Мынау коньки. Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.
- Қане, бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.
Балаларға шаңғы, коньки аяқтарына кигізіліп көрсетіледі.

Тәрбиеші: А. Асылбековтың «Қыс» тақпағын оқып беру:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
- Бұл өлең шумағында не туралы айтылған?
- Қардың түсі қандай?
- Дала қандай екен?
- Сендер бақшаға келгенде қалай киінесіңдер?
Қыс ханшайымы: 3 - тапсырма. Балалар қазір қыста далаға киінетінімізді көрсетейік, ойын жаттығулар арқылы (қимылмен көрсету)

Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу – зу – зу,
Шанамен зулаймыз.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт – сарт – сарт,
Қолымызды соғамыз.
- Рахмет балалар, Сендер білімді екенсіңдер. Енді мен сендермен келесі қыс мезгіліне дейін қоштасамын. Сау болыңыздар!

Қорытындылау
- Балалар, бізге кім қонаққа келді?
- Қазір қандай мезгіл екен?
- Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Қар қандай түсті?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады екен?
Тәрбиеші: Балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Енді, қонақтарымызбен қоштасайық. Балаларға қағаздан жасалған қар таратылып беріледі.
6 334
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.