Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еңбек – бәрін жеңбек

13 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Еңбек – бәрін жеңбек (өзін өзі тану)
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру
- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Шығармашылық жұмыстар, ребус шешу, видеоролик тамашалау, сұрақ - жауап, түсіндіру, мақал - мәтел талдау, суретпен жұмыс, жүректен жүрекке, сахналау, әңгіме жазу, алтын және күміс медальдармен марапаттау.
Көрнекі құралдар:, фотосуреттері, сюжетті суреттер «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі - түсті суреттер, жүрекшелер, топтық жұмысқа арналған заттар.

Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Сабаққа жақсы қатысып
Бестік болсын бағамыз

Мұғалім сөзі: Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.
1. Үй жұмысы
«Обал мен сауап» тақырыбына сурет салу
Сұрақ - жауап.
- Обал деген не? (1 топ)
- Қандай обал істерді жасауға болмайды? (2 топ)
- Сауап деген не? (3 топ)
- Қандай сауапты істерді білесің? (4 топ)

2. Видеоролик тамашалау (Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру)
«Сауап іс және қысқы еңбек» (2 «А» сыныбының ер балаларының қар күреп, ауланы қардан тазартуға көмектесіп, мектеп ауласының тазалығына өз үлестерін қосып жүрген кездері)

Сұрақтар:
Видеороликте қандай сауап іс көрдіңдер? (балалар қар күреп көмектесіп жүр)
Сауап істі не арқылы жасады? (Сауап істі еңбектену арқылы іске асыруда)
Адамға еңбек не үшін қажет?

3. Жаңа тақырып

Жаңа тақырыпты ашу
Ребус шешу

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Еңбек бәрін жеңбек»

Еңбек жайлы қандай мақал - мәтелдер, қанатты сөздер білесіңдер. (Топтар мақал айтып жарысады)

1. Еңбек етсең емерсің
2. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
3. Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
4. Еңбек ер атандырар
5. Еңбек бәрін жеңбек т. б.
4. Оқулықпен жұмыс

Болайықшы осындай өлеңі мәнерлеп оқу, талдау
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
қиындықты жеңіп кіл,
құшағы гүлге толады.
қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым - ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам

5. Суретпен жұмыс
(Тақтада берілген суреттерде еңбектің қандай түрлері берілген?)

Әр топ бір суретке әңгіме құрастырады
6. Мәтінмен жұмыс.
«Еңбексіз өмір сүреңсіз» мәтінін оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қам¬далса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шал¬қайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.
Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!...
Ай өтті, жыл өтті. қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.
Бір күні:
- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді қара пышақ. - Бірге жатайық. БІЗДІ ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі..
- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір - сүреңсіз. Өзің - ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.
Мәтін бойынша сұрақ - жауап:
- Мәтіндегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды, ал сары пышақ ше?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасьңдар?

7. Сергіту сәті

8. Шығармашылық жұмыс
1 - топ: Қысқы еңбек түрлерін жазу, сурет салу
2 - топ: Көктемгі еңбек түрлерін жазу, сурет салу
3 - топ: Жазғы еңбек түрлерін жазу, сурет салу
4 - топ: Күзгі еңбек түрлерін жазу, сурет салу

9. Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.
үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.
Қайдан келдің, бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:
- қайдан келдің, бауырсақ?
¬Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім Нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Оқулықтағы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы
«Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?»
Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтады.

10. Үй жұмысы дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.
«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып,
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты еңбек.
Кесте терсең зерлеп
Мұның аты еңбек
Домбыра мен биге,
Ән мен күйге
Жүрсең күнде қатысып
Мұның аты еңбек

Бағалау:
Оқушылардың белсенділігіне атай отырып алтын, күміс және қола медальдармен марапаттау.

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы
Ерейментау қаласы, «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Карсибаева Айман Нургаликызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 996
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.