Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жалғау

15 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалғау
Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату. Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын
Типі: ашық сабақ
Түрі: Қорытынды сабақ
Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер, кесте, ой қозғау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4 - жаттығуды тексеру. Жаңылтпашты оқы. Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз.
Түбір сөздер: Көп, көк, ешкі.
Жалғауы бар сөздер: Шөпті, жейді
Үй тапсырмасын қорыту.
Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.
Қосымша
Жалғау
Жұрнақ

1 - топ. Қосымша дегеніміз не? (Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)
2 - топ. Жұрнақ дегеніміз не? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз)
3 - топ. Жалғау дегеніміз не? (Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз)

ІІІ. Қорытынды сабақ.
- Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.
Бүркіт суреті

Бүркіт – ші
Бүркіт - пен
Бүркіт - ті
Бүркіт - тер
- Ортада не жазылып тұр? Бүркіт.
Осы бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші.
- Бүркіт – ші. Не пайда болы?
Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
- Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды. Басқа бір қосымша жалғап көрейік:
Бүркіт - пен. Мысалы аңды бүркітпен аулайды. Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Мысалы: жұмыс – жұмысшы, ойын - ойыншық
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: жұмыс – жұмыста, ойын - ойынға.

Топпен жұмыс.
1 - жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Жалғаулы сөздерді белгіле.
Жарықта жағалайды,
Қараңғыда жоламайды.
(көлеңке)
Оқулықпен жұмыс
2 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Екі аққу көл - де жүзіп жүр.
2. Мәлік кітапхана - ға келді.
3. Өзен - нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр.
4. Мектеп басшысы сыйлық - ты Дәуренге табыс етті.
5. Орман - нан құстардың дауысы естілді.

3 - жаттығу
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер ---------- ның ------ нің ------ дың ------- дің
Астана -----------+
Ақтөбе
Алатау
Есіл

Сергіту сәті

«Кім жылдам?» салыстыру
Ән ------------ ға
Би ----------- мен
Қала --------- да
Дала --------- ды
Қалам ------- тан
Кітап -------- нан

Карточкамен жұмыс.
Берілген сөздерге жалғау жалғап, сөйлем құрастырып жаз.
1. Жамбыл қазақ – тың ақын - ы.
2. Әже - м ауылын - да Айжан тұрады.
3. Қала - ға Арман кетті.
4. Үсен ағаш - ты ара - мен кесті.
5. Күй сөзіне жалғау жалға.
6. Ағаш сөзіне жалғау жалға

Тапсырма:
Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз.
Ағаш
Гүл
Күшік
Күн
Мысық
Доп
Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Төрт мезгілдің бірі. (жаз)
2. Рәміздің бірі. (елтаңба)
3. Ешкінің төлі (лақ)
4. Тиіннің қорегі.(жаңғақ)
5. Тамақтанатын орын.(асхана)
6. Киіз үй бөлігі (уық)
Ж а з
е л т А ң б а
Л а қ
ж а ң Ғ а қ
а с х А н а
У ы қ

Қорытынды.
Ойын: «Алма жинау»
Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді. Екі оқушы тақтаға шығып жалғау, жұрнақ жалғанған сөздерді себетке жинайды. Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды.

Кері байланыс жасау

Үйге тапсырма
122 бет 5 - жаттығу – Тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Бағалау.
Сабаққа қатысуы мен үй тапсырманы орындауына қарай бағалаймын.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№ 24 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 650
0
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.