Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Спорт – денсаулық кепілі

17 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныптары: 2 «А» 2 «Б» 2 «В»
Тақырыбы: «Спорт – денсаулық кепілі»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қимыл - қозғалыс қабілеттерін дамыту, денсаулықты нығайту.
Түрі: Эстафеталық жарыс.
Берекеде осында,
Мерекеде осында
Болып жатыр той думан,
Қырандардың қасына
Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысып қане үш топ,
Қол соғып қарсалайық

1. Топ таныстыру, ұраны.
2 «а»сынып - Барыс тобы, 2 «б»сынып - Тұлпар тобы, 2 «в»сынып - Сұңқар тобы.

Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Әділ қазы алқасын таныстыру.

Қызады бүгін той сайыс,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді көтеріп,
Інжу маржан шашайық.
Ырыс дәулет мол болсын,
Жарысты енді бастайық.
Ал, қанекей жол болсын!

2. Кедергілер арасымен жүгіру.

3. Аспазшы ойыны. Аспазшының киімін киіп, жіпте ілініп тұрған тәттіні қолдың көмегінсіз жеу, ары қарай аспазшының құралдарын алып келіп келесі ойыншыларға беру.

4. «Кім жүйрік?» Велосипед жарысы.

5. Логикалық сұрақтар.
1. Бес тышқанның құлағы қанша? (10)
2. Қыста су неге айналады? (мұзға)
3. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? (орман)
4. Қойдың төлі (қозы)
5. Жеті сиырдың мүйізі нешеу? (14)
6. Түтін шығаратын қондырғы? (мұржа)
7. Қосылғыштардың мәні? (қосынды)
8. Ата - анасының бірінші баласы? (тұңғыш)
9. Төрт үстелдің аяғы неше? (16)
10. 12 айды бір сөзбен ата (жыл)
11. 1 сағатта неше минут бар? (60)
12. Патша өлсе баласы не болады? (жетім)

6. «(Кім жылдам?» Жүгіріп барып тұрған балалардың киімдерін кезекпен киіндіру.
7. «Кенгуру» жарысы. Үлкен доптармен секіру.
8. Сурет құрастыру. Пазлы жинау.
9. Сынып жетекшілер сайысы. Шарды жылдам әрі үлкен, үрлеп жару.
10. «Қара жорға» би сайысы.

Топпен жұмыс
Жұмбақ шешімін тауып жазу, ортадағы тор көзбен қазақтың ұлттық ойынының аты шығады сол ойынды айтып түсіндіру.
Мен жүгірсем олда жүгіреді,
Мен мүдірсем ол да мүдіреді
2) Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті
3) Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерін
4) Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды
Тиіп кетсе басыңа,
Ешбір зиян қылмайды.
5) Асты тас, үсті тас, ортасында шандыр бас,

1) Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып
2) Басы тарақ,
Арты орақ
3) Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
4) Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс
5) Сүйенбесе тұра алмайды
Сен мінбесең жүре алмайды

«Теңге алу» ойыны
Ыдыстағы теңгені (домалақ тақтайшаны) қаппен секіріп барып алып жүгіріп келу керек. Кім бірінші теңгені жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектену, жалықпау, біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Жеңілгендер ренжімей, тараса бізге жарады,
Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Келгендеріңізге, қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!

Қызылорда облысы, Шиелі кенті
«№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Cейтханова Индира Сейтханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 785
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.