М. Дулатов Наурызкөже
М. Дулатов Наурыз көже
Мақсаты: Наурыз айы - жаңалық бастауы екені, наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Оқушыларды топ ішінде бірлесіп әрекет етуге, бірін - бірі тыңдауға, шығармашылық тұрғыда қарым - қатынас жасауға үйрету
Негізгі жабдықтар: ұлттық тағамдардан көрме, наурыз көже, слайд
Оқу нәтижелері: бірлескен жұмыс, талқылауға белсенді қатысады.
Өз елінің салт - дәстүрін қадірлеп, қастерлеуге үйрету
Сабақ кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай аппақ көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
«Наурыз хикая туралы» көрініс (Әр топ мәтін бойынша әр бөліктен көрініс көрсетеді)
1 - топ Наурыз қарияның әңгімесі
Наурыз ата балалармен дастархан басында отырады.
Бала: Ата, наурыз хикая жайлы не білесіз?
Ата: ой, балаларым, ерте заманда қазақ елін жау шауып, ел басына ауыр күн туды.
Бала: Ол қасіреттен қалай аман қалдық?
Ата: Сол қиыншылық кезде Наурыз деген қария өзіне қарасты елін бастап, жаудан қорғануға ыңғайлы аймақты іздеп, тауып, азаматтары шабуыл жасаған жауды жеңген екен. Сол жылы мал жалдары аман шығып ел мәре сәре болып үлкен той жасапты. Бұл Наурыздың 22 - сі болатын.
- Міне, балалар, дәл сол кезден бастап22 наурыз аталып өтілетін болған екен
2 - топ Ұлыстың ұлы күні
Ата:
- бүгін күн мен түннің теңелген, жер бетінің бусанған 22 наурыз күні. Ұлы істің басталар күні. Жер - Ана қуат алып, ерекше күйге бөленетін күн. Кемпір, бұл не жайлылық, той жасаңдар!
Кемпір: Ау, шал! Елің арықшылық уақытта той жаса дедің, қыстан қысылып әрең шыққан жұрт тойды несімен жасайды.
Ата: (күліп) Той қызығы байлық пен қарын тойдыруда емес. Көппен бірге көңілді отырып, ішкен бір ұрттам қара су, бір аяқ көженің нарқы 40 жыл жиған байлықтан артық. Ал енді кемпір қабыңның түбін қақ (Кемпір қабын әкеліп қаққанда, бір жілік пен бірнеше кесек ет шығады )
Ата: Жарайсың кемпірім! Туп - тура бір тойдың етін сақтапсың, дереу қазанға сал.
Кемпір қазанға етін салып:
- Көршілерді шақыр, наурыз көжеге келсін, көңілдерін көтерсін
3 - топ Алаша ханның таңдануы
Әне міне дегенше тағы бір көктем келді. Ел - жұрт Наурыз қарияның ұйғарымы бойынша көктем тойына ерекше әзірленіпті. Қария жан-жаққа ат шаптырып, тойға маңайдағы алыс жақын елдің бәрін шақырыпты.
Тойға шақырушының бірі Алаша ханға барып:
- Тақсыр, сізді ауылымызда өтетін тойға шақырып келдім.
Хан: - Ау, бұл уақытта қандай той. Той дегенің жаз бен күзде жасалмаушы ма еді? Ол кімнің тойы? (таңдана)
(тойға шақырылған жігіт сасқалақтап)
Шақырушы:- Наурыз деген қарияның тойы, Наурыз тойы. (сонда хан көкірегін кере дем алып)
Хан: - Бұл өміршең, өлмес той болып, ғасырдан - ғасырға жалғасқалы тұр екен - депті
Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ «Наурызкөже»
1. Наурыз айында шығатын гүл
2. Наурыз айында алғаш ұшып келетін құс
3. Наурыз айындағы ойын - сауық
4. Наурыз айындағы алғашқы қар
5. Наурыз айында 7 түрлі дәм салынып дайындалатын тағам
6. Наурыз айында берілетін жақсы сөз
7. Наурызкөжеге қосатын дақыл
8. Наурызкөжеге қосатын дақыл
9. Қысқы соғым
Автормен таныстыру
Міржақып Дулатов.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.
Ой тастау
Наурызкөже дегеніміз не?
- Әжелеріміздің қысқы соғымның етін арнайы сақтап, қазанға жеті түрлі дәммен қосып салып пісірілетін дәмді ас
Наурызкөже дегенде естеріңе не келеді?
- Әр үйде қазан толы көже асылып, кең дастархан жайылып, елдің мәре - сәре болып Наурыз мейрамын қарсы алуы.
3. Наурызкөже туралы мұғалім қысқаша түсінік беру
Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т. б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Бұл күні ағаларымыз бұлақтың көзін ашқан.
Бұл күні қариялар ағаш еккен. Бұл күні араздасқан жандар татуласып, ерлер қос қолдасып амандасса әйелдер құшақтасып, бір - біріне игі тілектер айтқан. Бұл күні асылған көжеден тойып ішкен, себебі келер жылы тоқшылық болсын деп ырымдаған екен.
Топтастыру
1 - топ Наурыз тақырыбына сурет салу
2 - топ Наурыз туралы тақпақ айту
1. Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
2. Ұлтым қазақ дәстүрім бұл Наурыз
Қазағым мен жасасып келе жатыр
Қарсы алыңдар қазағым халқым менің
Ұлыстың ұлы күні бұл Наурыз.
3 - топ Наурыз бата айту
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Қыздарың ажарлы,
Ұлдарың базарлы болсын!
Бағалау: «Басбармақ»арқылы бағалау
Рефлексия:
Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады, қорытындылайды
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Кемерши ауылы, Қ. Жазықов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Енсегенова Жанылсын Ескуатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Оқи отырыңыз
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.