Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.
Сабақтың мақсаты:
1. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы жайында түсінік қалыптастыру және ауданын табудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру; тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
2. Оқушыларға саналылыққа, зеректілікке достыққа тәрбиелеу. Білімге деген қызығушылығын, жылдамдыққа, тапқырлыққа, дәлдікке баулу.
3. Оқушының логикалық ой - өрісін, математикалық тілін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекілігі: кесте, геометриялық фигуралар, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ түрінде өткелі тұр. Бүгінгі сабағымызға қонақтар катысып отыр. Сендерге сәттілік тілеймін.

Оқушылар тақтадағы стикерлерді алу арқылы 3 - топқа бөлінеміз.
(Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш)
Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Сынып ішіндегі ережемізді еске түсіріп жіберейікші
• 1 - ереже
• Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
• 2 - ереже
• Нақты, дәл жауап береміз!
• 3 - ереже
• Сабаққа белсене қатысып, белсене жауап береміз!
• 4 - ереже
• Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!

Үй тапсырмасы: № 6
1 – топ
1. Үшбұрыш периметрін қалай табамыз?
2. Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз?
3. Тағы қандай геометриялық фигураның ауданын палетка арқылы табамыз?

2 - топ
1. Тіктөртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?
2. Тіктөртбұрыштың периметрі қалай табамыз?
3. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

3 топ
1. Шаршының периметрін қалай табамыз?
2. Шаршының ауданын қалай табамыз?
3. Шаршының қасиетін ата?

Математикалық диктант
7*3=
9*3=
64/8=
100/2=
72/9=
8*4=
6*9=
Жаңа сабақ:
Ауданның келесі өлшем бірлігі - квадрат метр
1 м =10дм
1 м² =100 дм²

Ал енді осыған байланысты есептер шығарайық 3 топқа 3 тапсырма
I - топ
Тіктөртбұрыш пішіндес терезенің ұзындығы 10 дм, ал ені 7дм. Терезенің ауданы неге тең?
Ұзындығы - 10дм
Ені - 7 дм
S -? дм²
Ш: 10дм*7 дм=70 дм² Ж: 70 дм²
II – топ
Тіктөртбұрыш пішіндес бөлменің ұзындығы 20 м, ал ені 9дм. Бөлменің ауданы неге тең?
Ұзындығы - 20м
Ені - 9 м
S -? м²
Ш: 20 м *9 м=180 м² Ж: 180 м²
III – топ
Тіктөртбұрыш пішіндес терезеінің ұзындығы 10 дм, ал ені 8 дм. Терезенің ауданы неге тең?
Ұзындығы - 10дм
Ені - 8 дм
S -? дм²
Ш: 10дм*8 дм=80 дм² Ж: 80 дм²

«Ізденемін, ойланамын»
«Сен әуелі кіріс, кіріссең оны бітіру қиын болмайды» №2 Топтық жұмыс

1 топ Ұзындығы 5 см, ал ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.
P=5см+5см+5см+5см =14 см
S= 5см*2см=10см²

2 топ Қабырғасы 4 см шаршының периметрін және ауданын тап
Р=4см+4см+4см+4см=16см
S= 4см* 3см =12 см²

3 - топ Ұзындығы 3 см, ал ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.
P=3см+2см+3см+2см =10см
S= 3см*2см=6см²

Есіңе сақта!
Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығын еніне немесе керісінше енін ұзындығына көбейту керек.

Электронды оқулықпен жұмыс.
Өз бетінше жұмыс «Тездет, бірақ қателеспе»
№3 Әр үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.
1 - Топ Р=х+3+2
2 – Топ Р=4см+2см+5см = 11 см
3 – топ Р=х+5+5

«Мұны сен істей аласың, сенің қабілетің бар» «Ойлан, есепте»
№4 Ертіс - Қарағанды каналының беткі ені 40 м, ал табанының ені одан 10 есе кем. Тереңдігі табанының енінен 1м артық. Каналдың тереңдігі неше метр?

Ертіс – Қарағанды беткі ені - 40 м
Табанының ені -?, ---------- 10 есе кем
Тереңдігі -? ------------------ 1 м артық
Ш; 40/10 =4 ------------------- 4+1=5
Жауабы: Тереңдігі 5 м

Сергіту сәті:
Оң қолыңды көтеріп,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол қарап тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
«Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін» Жеке жұмыс
№5
1 - топ
(15+35): 5=10
(29 - 14): 5=3
2 - топ
(161 - 152)*3=27
(200 - 193)*4 =28
3 - топ
9*5 - 7*3=24
8*5 - 18: 2=31

Жұптық жұмыс №6
I топ 4 - ке бөлгенде 3 қалдық қалатын төрт сан жаз.
15/4= 3 калд 3
23/4= 5 калд 3
27/4= 6 калд
35/4=8 калд 3

II топ 3 - ке бөлгенде 2 қалдық қалатын төрт сан жаз
8/3= 2 калд 2
17/3=5 калд 2
23/3=7 калд 2
26/3=8 калд 2

III топ 4 – ке бөлгенде 1 қалдық қалатын төрт сан жаз.
13/4=3 калд 1
21/4=5 калд 1
29/4=7 калд 1
37/4=9 калд 1

Топтық жұмыс:
I - топ. Геометриялық фигураларды пайдаланып поезд құрастырыңдар.
II - топ. Ауданның формуласы бойынша үй құрастырыңдар
III - топ. Геометриялық фигураларды пайдаланып машина құрастырыңдар

Рефлексия
Қабырғасы 1дм шаршының ауданы 1 дм² (квадрат дециметр) – бұл ауданның өлшем бірлігі.
Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
- Сабақта қандай ойын түрлері болды? Қай ойын саған ұнады?
- Қай топтың сабаққа қатысуы ұнады?
- Ауданның өлшем бірліктерін ата?
1 м² - 100 дм²

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
Ал балалар бүгінгі сабақта жақсы араласып тамаша жауап бердік. Менің сендерге көңілім толды. Сабағымда өз мақсатым жеттім деп ойлаймын.
«Сендер мақсатқа жеттіңдер» Топ басшысының бағалауы
«Қорықпа, бұл сенің қолыңнан келеді» Үйге тапсырма: Әрқайсысың өз бөлмелеріңнің ауданын өлшеп тауып келесіңдер. № 7, 96 - бет

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің
Бастауыш сынып пән мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 534
0
18 дауыс
Оқи отырыңыз
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.