Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күзгі құс керуені

18 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Күзгі құс керуені.
Сабақтың мақсаты: Күзгі құс керуені туралы мәтінді меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
• Құстардың түрлері, ерекшеліктері туралы біледі;
• Табиғат жаршысы құстарды қорғауды, аялауды, қамқорлауды түсінеді;
• Сөздік қорын молайтып, жазба тілі дамиды.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, маркер, «Құстар әлемі» бейнелі суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың тәсілі: СТО, сұрақ - жауап, ой қозғау, баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
І топ: «Су құстары»
ІІ топ: «Отырықшы құстар»
ІІІ топ: «Жыл құстары»
ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Кім тапқыр?» сөзжұмбақты шешу.
1. Ұзақ тектес құс, шіркей жеп, ауыл маңынан ұзап кетпес құс. (Қараторғай)
2. Бұдыр - бұдыр балшықты жинады да талшықты, ұқсатып қамытқа, үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
3. Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
4. Кеудесі қайқаңдап, жүреді байпаңдап. (Қаз)

Үй тапсырмасын тексеру.
Күз. Т. Жароков
• «Алтын күз» дегенді қалай түсінесің?
• Күзгі еңбек түрлерін ата.
• Күзгі табиғатты бейнеле.

Ой қозғау.
 «Күз» мезгіліне байланысты қандай өлеңдер білеміз?
 Құстардың Қазақстанда неше түрі бар?

Мағынаны тану.
Бейнеклип көру. М. Әуезов. Күзгі құс керуені.
- Әуенді тыңдай отырып көз алдарыңа не елестеттіңіздер?
- Күннің салқындағаны, құстардың жылы жаққа қайтуы.
- Ендеше осындай құстардың ұзақ сапарға ұшуын құс керуені дейміз.
Құстар

Отырықшы құстар (қыстап қалатын құстар)
Жыртқыш құстар
Үй құстары
Дала құстары
Жыл құстары (маусымдық өзгерістерге байланысты келіп - кететін құстар)
Су құстары (суда тіршілік ететін құстар)

Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған. Мұхтар атасы Әуездің, әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болған. М. Әуезов - ғұлама жазушы. Ол барлық өмірін Абайға арнады. «Абай жолы» эпопеясы – ғасырдың ұлы туындысы.

Оқулықпен жұмыс.
 Мәтінді мәнерлеп тұтас оқу, мазмұнын талдау.
 Мәтінді тізбектей оқыту.
І топ: мәтіннің екінші бөлігі бойынша түсінгендерін айтып сипаттайды (жыл құстарының ұшу ерекшеліктері туралы айту).
ІІ топ: мәтінді оқып сөздікпен жұмыс жасап, мағынасын ашады (жолбасшы қандай болу керек және оның міндетін қорғау).
ІІІ топ: бір құстың атынан күзгі жолдың қиындығын сипаттап, балаларға хат жазу.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Суретпен жұмыс. Құстардың күзгі тіршілігі
Жолбасшы

Тәжірибелі
Жұмысы көп
Ауаны жарып жол салып отырады
Бірнеше
Қауіпсіздігін бақылайды
Күзетеді

Семантикалық карта.
Құстар ---- Су құсы ----- Жабайы құс --- Үй құсы --- Жыртқыш құс
Қаз-----------------------------------------------------+
Үйрек
Бүркіт
Тырна

Дәптермен жұмыс.
Қымбатты жас дос!
Міне, бүгін жылы жаққа сапар шеккенімізге оныншы тәулік болды. Асқар - асқар тауларды артқа тастадық. көз түрткісіз қараңғы түндерде құз жартастарға соғылдық. Дамылсыз ұшып келеміз. Кешегі қатты нөсер жауын мен қуатты күшті желден қанатымызды қағып жүру мүмкін болмады. Қанаттары әлі қатаймаған жас балапандарға ілесу қиын болып келеді. Керуенді бастап келе жатырған жолбасшымыздың мол тәжірибесінің арқасында туған жерімізге де жақындадық.
Сәлем хат жолдаушы: тырналар керуені.

«Жалғасын тап» ойыны.
▪ Қара құс бөліп жейді, Сұңқар құс......
▪ Қаз орғанына...
▪ Сауысқаннан...
▪ Құстың қуы...

Ой толғаныс.
5 жолды өлең
Зат есім. Күз.
Сын есім. Қоңыр, алтын.
Етістік. Салқындайды, сарғаяды, суытады.
Сезімді білдіретін сөйлем. Алтын күз қандай қызықты!
Синоним. Табиғат.

Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Халық болжамдары туралы мәлімет жинау.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылы,
Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Камбетова Шынар Мизановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 514
0
11 дауыс
Оқи отырыңыз
Құстар
Құстар
Құстар туралы білімдерін, таным - түсініктерін кеңейту; құстар тіршілігімен таныстыру; құстардың ерекшеліктерін айшықтап көрсету;
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
«Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Бунақденелілердің жануарлардың тобына жататындығын және өздеріне тән тіршіліктерімен танысу. Олардың көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын, зиянын және тіршілік ету ерекшелігін түсіну.
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп балабақша кешені Музыка пәні мұғалімі Сарсенгалиева Жаннагуль Ануарқызы
Үй құстары
Үй құстары
Үй құстарына деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін ояту. Жаңа Сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорларын молайту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.