Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Үш таңбалы сандарды қосу, көбейт, бөлу

29 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Жақсы ауданы,
Алғабас ауылы, Алғабас негізгі мектептің
бастауыш пәні мұғалімі Салимова Құралай Тілектесқызы

Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Үш таңбалы сандарды қосу, көбейт, бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау, үш таңбалы сандарды қосуға, көбейтуге, бөлуге, теңдеуді шешуге, есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру.
Пәндік нәтиже: оқушылар бұрын өтілген (қозғалысқа берілген есептер және екі таңбалы санға бөлу) материалды бақылауды жүзеге асыру.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ - жауап, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер, қима кеспелер т. б.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.

ІІ Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру;
Балалар банк деген не?
Қандай банктерді білесіңдер?
Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады:

І қатар – «Альянс» банкі
ІІ қатар – «Халық» банкі
ІІІ қатар – «Евразия» банкі

Бүгін осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс істейтін тұрақты банк екенін тексеруді тапсырды. Сондықтан бүгін сабақты дұрыс ұғуымыз керек, тез есептеп, ойлап жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек.

ІІІ Ой қозғау. Қайталау. Оқулықпен жұмыс
№1. Сандарды оқып, қанша бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, ондық мың, жүздік мың, және т. б. бар екенін анықтау.
Ойын «Сынап көр». Теңдеуді шешу.
Әр қатар әр бағанаға шығарады:
12000●х=24000
80000: х =4000 - 2000
х – 200=63: 7

Ойын «Тез ойлан».
Сандарды кері және тура санау:
5437833
339736
8294728
875647
«Бәйге» ойыны
Әр қатар әр бағанаға шығарады:
І қатар
25000: 5 = 5000
2758●3 = 8 274
2 қатар
65 534: 7=9 362
25 050: 5 =5 010
3 қатар
34 872: 8=4 359
25 055: 5=5 011

№2. Ауызша орындау.
Жеке жұмыс
Банк бастықтары тақтада парақшамен жұмыс орындайды. Банк бастықтары тапсырманы дұрыс орындаса, сол дұрыс орындаған банк иесіне жаңа сейфтің кілті тапсырылады.

Дәптермен жұмыс
(10 987+2 987)∙2=27 948
10 987 - 2 987∙2=5 013
(10 987 - 2 987)∙2 =16 000
(10 987 - 2 987): 2=4 000

№ 3. Есепте. Дұрыстығын тексер.
7326∙32= 234 432
34800∙16= 556 800
4025∙23=92575
951374: 29=32 806
9060∙43= 389580
52070∙14= 728 980
234124: 44=5321
112517: 37=3041
7690∙84= 668724
53080∙18=955440
842751: 27 =31213
480612: 12=40051

Сергіту сәті Біздің топта ұл - қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз.

Әр параллелепипедтің көлемін есепте.

3. Ой толғаныс. Логикалық жаттығулар.
1. Екі адам 4 сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол жүрді? Жауабы 4 сағат (4*2 = 8 8: 2 = 4)
2. Тауық екі аяқпен тұрғанда 5 кг тартады. Бір аяқпен тұрғанда неше кг тартады?
Жауабы: 5 кг.
3. 10 кг тас ауыр ма, 10 кг мақта ауыр ма?
Жауабы: екеуі де бірдей.

Сабақты қорытындылау.
І қатар: Тік төртбұрыштың ауданы 35 см² ені - 5см. Ұзындығы қандай?

2 қатар: Ауданы 81 см2 шаршының қабырғасын тап.
3 қатар: Төртбұрыштың ауданы 24 см² бір қабырғасының ұзындығы 4 см. Екінші қабырғасының ұзындығын тап.

IV Оқушыларды бағалау, мадақтау.

V Үйге тапсырма. № 6 есеп, 50 бет.
964 800: (30*16)- 14*131= 176
20000 - 76*800: 19=16800

57892: 41*4+64400: 280=5878
5600*48: 280+324764=325724

VI Рефлексия.
- Сендерге қай тапсырмалар ұнады?
- Қай тапсырмалар күрделірек көрінді?

Ақмола облысы, Жақсы ауданы,
Алғабас ауылы, Алғабас негізгі мектептің
бастауыш пәні мұғалімі Салимова Құралай Тілектесқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 934
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Өрнек 10 - а
Өрнек 10 - а
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Туякбаева Саулет Куатовна
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау. Өтілген материалдар бойынша оқушының білімдерін пысықтау, ой - өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
Қосу және азайту 3+56, 30+24
Қосу және азайту 3+56, 30+24
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №6 Хромтау гимназиясының бастауыш пәні мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековна
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.