Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?

23 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мад топтарында ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?»
Мақсаты: балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдермен таныстыру. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Байқағыштыққа, өз ойларын анық, сауатты түрде жеткізе білуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сөздік жұмыс: өсімдік, ағаш, тамыр.
Билингвалды компонент: өсімдік - растение, бөлік - часть, көбею - размножение.

Дәлелдеу (Тәрбиеші топқа өсімдіктердің ханшайымы Флора болып кіріп келеді)- Сәлем, балалар! бүгінгі күніміз сәтті болсын деп мен сендердің алдарыңа өсімдіктердің ханшайымы Флора болып келіп тұрмын.
– Қане бәріміз тұрып шаттық шеңберін орындайық.
Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге күн сәулесін төгеді
Күнге қарап қол бұлғайық,
Күн күлімдеп, нұр төкті, бізге жолдап – Сәлем!
Кел қосылып айтайық бір – бірімізге - Сәлем!

Флора:- Балалар, біз сәлемдесу арқылы достарымызға, туыстарымызға қуаныш, жақсы көңіл - күй сыйлаймыз. Біздің достарымыз өте көп, солардың арасында табиғатта бар.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- дұрыс, табиғаттың бір бөлігі - ол өсімдіктер. Өсімдіктер бізге жақсы көңіл күй, таза ауа береді, азық ретінде қолданамыз және емдік қасиеті де бар.
Жұмбақ жасыру.
Неткен көркем жасыл достар
Жомарт, адал, асыл достар
Ауамызды тазартады
Бөлмемізді жаңартады.

Қарапайым өсімдік,
Бақшамызда өсірдік
Сырқаттансақ шамалы
Бізді емдеп жазады.

Сұрақ - жауап.
1. Балалар сендер өсімдіктердің нешеге бөленетіндерін білесіңдер ме?
2. Жапырағы күзде сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштарды атаңдаршы?
3. Мәңгі жасыл болып тұратын жапырағы ине тәрізді ағаштар ше?
4. Өсімдіктердің екінші тобына жататын қандай бұталарды білесіңдер?
5. Өсімдіктердің үшінші тобына жататын шөптерді атаңдаршы?
6. Өсімдіктер тірі табиғатқа жата ма?

- Өсімдіктер жақсы өсіп, құлпырып, біздерге өздерінің алуан түрлі әсемдігін сыйлау үшін қандай жағдай керек?
- Дұрыс, күтімі дұрыс болса өсімдіктер жақсы өседі, өнеді, көбейеді.
-«Өсімдік өсу үшін топырақ жылы әрі ылғалды кезде, тұқым ісініп, жарылады, тамыр жаяды, топырақтың бетінде өскін пайда болады. Нәзік, жасыл өскін жарыққа ұмтылады. Бірінен кейін бірі екі жапырақшасы пайда болады. Жас жапырақтар өсімдікке қоректенуге көмектеседі. Гүлдері пайда болады. Оның орнын кейін ішінде тұқымы бар жеміс басады.
Сергіту жаттығуы:
Айналсын деп гүлдерге
Тұқым септік бұл жерге
Жерге тамыр тастады
Гүлім өне бастады
Жапырағы жайқалып
Үлкен гүлге айналып
Соғып еді самал жел
Ары бері шайқалып.

Ұйымдастыру іздену
Рефлексифті түзету
- Өсімдіктер неден пайда болады?

- өсімдіктердің өсу кезеңдерін атаңдаршы? Яғни бөліктерін?
Дидактикалық ойын: «Ағаш - гүл»
Өздік жұмыс.

Рефлексифті түзету
1. Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады?
2. Өсімдіктің адам үшін қандай маңызы бар?
3. Өсімдіктер тірі табиғатқа жата ма?

Білу: өсімдіктің өсу кезеңін; бөліктерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
Игеру: өсімдіктің тұқымынан көбею тәсілдері туралы.
Меңгеру: өсімдіктің өсу кезеңін атауды; өз ойларын анық, сауатты жеткізуді.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы білім бөлімі
№12 балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Аманғожина Халима Әлжанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 134
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту жолдарын түсіну, пиязшық арқылы көбейтетін өсімдіктер туралы түсінік беру. Өсімдіктердің өсімдік мүшелері арқылы көбею ерекшеліктерін түсіну.
Cабақ және оның қызметі
Cабақ және оның қызметі
Тірі организм өседі, дамиды, өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі, өскен сайын өзгеріп отырады. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдікте күн сәулесін пайдаланып қоректік зат алады.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.