Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз далаға қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Ал, күз мезгілі екенін қайдан білдіңіздер? (Жауабын күту)
- Иә, балалар, күз мезгілінде ағаштар қурайды. Жапырақтар сарғаяды. Күн салқындайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Ал, күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Жаңбыр жауады, жер балшық болады. Қалың киім киеміз.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Өте жақсы балалар, ендеше сергіп алайық:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю көріп қалмасын,
Біз тығылып қалайық.
- Тамаша!
- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, сендер де естіп тұрсыңдар ма?
- Олай болса есік есікті ашып қарайық.
- Бұл бауырсақ ғой, балалар, сендер бауырсақты танисыңдар ма?
- Иә, бұл бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер, оны балалардың бәрі таниды.
- Қош келдің бауырсақ!
- Сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой, не болды саған?
- Менің көңіл - күйім қайдан болсын, атам мен әжемнен қашып кеттім, мен оларды ренжіттім.
- Иә, бауырсақ, ата - ананы, үлкендерді ренжітуге болмайды. Сен оларға қайтадан баруың керек, сонда олар саған ренжімейді. Олар орманның шетінде тұрады.
- Мен оларды қалай табамын, маған көмектесіңіздерші?
- Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?
- Олай болса балалар, көзімізді жұмып, орманға саяхатқа шығайық. Ал, енді көзімізді ашамыз. Міне орманға да келіп қалдық. Балалар, орманда әртүрлі аңдар болады. Соларды байқап жүру керек.
- Қоян келе жатыр. Жүгіреді.
- Қоян: Бауырсақ мен сені жеймін;
- Бауырсақ: Жемеші, өтінемін.
- Қоян: Сен менің шартымды орындасаң ғана жемеймін.
- Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмек керек. Әйтпесе, қоян бауырсақты жеп қояды.
- Бауырсақ: Ол қандай шарт?
- Қоян: мына қағазда жазылған, Қараңдар!
Сен қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Тәрбиеші: Қәне, балалар орнымыздан тұрып, пішіндерді айтып берейік. Суреттерімен айтады. (төрбұрыш, шеңбер, үшбұрыш)
Дұрыс айттыңдар, балалар, жарайсыңдар!
Қоян: Сау бол бауырсақ, саған балалар, көмектесті.
(аю кіріп келеді)
Аю: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші аюбай.
Аю: қәне, айтшы онда сен маған: 1 ден 3 ке дейін тура және кері санап берші?
Бауырсақ, балаларға қарап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмектесіп жіберейік:
Балалар, бауырсаққа көмектесіп, санап береді.
Аю: бауырсақ жарайды, саған балалар көмектесті ғой мен жені жемеймін, сау болыңдар!- деп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылдысыңдар! Қәне, ендеше сергіту сәтін жасап алайық:
(Сергіту сәтін жасап жатқанда уылдаған дауыс естіледі.)
Балалар, бұл қатыгез қасқырдың дауысы ғой!
Бауырсақ сен қорықпа, егер саған қасқыр тапсырма айтса, біз саған көмектесеміз, жарайма?
Қасқыр: бауырсақ, қандай жақсы болды, қарным аш еді, сені жеймін енді.
Бауырсақ: Қасқыр, мені жемеші, оданда тапсырмаң болса айт орындаймын,- дейді.
(Қасқыр күледі) Менің тапсырмамды ешкім орындай алмайды.
Мә қағазда тұр, оқып қара, деп қағазды береді.

Тапсырма: «Логикалық есептер мен санамақ айту»
Қолымда бар бір алма,
Айнұрда бар екі алма,
Сонда болады неше алма?
Үш алмұрттың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
Балалар, жауабын айтады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше санамақ айтып берейік, жеке - жеке санамақ айтып береді.
Қасқыр: ооой балалар, сендер қалай ақылды бала болдыңдар? Мен бауырсақты жеймін бе десем, сендер оны құтқардыңдар. Сендер жақсы дос екенсіңдер, жарайсыңдар!- деп, қасқыр да кетіп қалады.

Тәрбиеші: Балалар, біз ата мен әженің үйіне жетіп қалған сияқтымыз. Қәне, жүріңдер бауырсақты ата мен әжеге тапсырайық. Атасы мен әжесі бауырсақты көріп қуанып қалады. Әже балаларға алғыс айтып, тәттілер береді.

Тәрбиеші: Міне, балалар сендер, білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында бауырсақты құтқардыңдар! Бауырсақ сен ақылды бол, ата - әжеңнен қашпа! Сау бол!- деп, балабақшаға қарай жол тартады. Кетіп бара жатып, тәрбиеші балалардан:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Бізге кімдер жолықты?- деп әртүрлі сұрақтар мен қорытындылау.
Мадақтау, бағалау.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі
шағын орталық «Балдырған» тобының тәрбиешісі
Құлбергенова Қамажай Қуанышбаевна
1 995
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Қызықты математика
Қызықты математика
Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту.
Бау - бақшада, бақтарда
Бау - бақшада, бақтарда
Отаным менің кең - байтақ. Жайнаған сансыз қаласы Жайқалған жомарт даласы. Ел - Отан біздің кең байтақ. Отанның біздер баласы
Ақкөжек
Ақкөжек
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс - жүзінде көрсете білуге үйрету.
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.