Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Р дыбысын қою

08 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала бақша
Р дыбысын қою.
Мақсаты: Білімділік: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Дамытушылық - коррекциялық: Балалардың ой - өрісін дамыту. Есту және көру қабілетін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту. Тіл кемістіктерін түзеу. Р дыбысын қою, бекіту, автоматтандыру.
Тәрбиелік: Балалардың сабақ барысында тәртіпті сақтап, мұқият зер салып тыңдауына түрткі болу. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Арыстан, жолбарыс, раушан гүл, қара қалам, ракета радио, қасқыр, ара,
торғай, ғарыш, самаурын, шарқат, шар, ас бұршақ,
Құралдар: суреттер, мозайка тақтайшасы; дәнді дақылдар, [ Р ]дыбысының символы, айна, зонд. релаксация5а арнайы видео(ноутбук), қағаз гүл, қағаздан жасанды ағаштың жапырағы.

Мотивациялық түрткі болатын
Сәлемдесу сәті.
Шаттық шеңберін құру
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
(Логопед шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек - кезек қарап айтады.
Қолдарын бір - біріне ұстатады. 3 мин)
Ал ендеше балалар орнымызды табайық, жайғасып орнымызға отырып релаксациялық өлеңді тыңдайық, сабақты бастамас бұрын көзімізді және санамызды машықтандырып алайық.(музыкальная релаксация 5 мин)
- Балалар қазір қай жыл мезгілі? (5мин)
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ауа - райы қандай? Ауа - райы жылы, алайда кейде кенеттен өзгеріп қалуы мүмкін.
(Кіші моториканы орындауға арналған жаттағулар орындату. 5 мин)
- Жаңбыр жауады,
- бұршақ жауады
- кейінен күн шығады
- кемпірқосақ шығады.
- ағаштардың жапырақтары өседі,
- жерде шөп өседі,
- гүл өседі

Ұйымдық – іздену
Жарайсыңдар балалар, көктем мезгілін сипаттай алдық.
(Тыныс алу жаттығуларын орындау - 4 минут)
- Ал енді көктем жаңбырынан кейін ауада қандай иіс сезесіңдер?
Ауаны мұрнымызбен ішімізге тартып ауызбен жіберейік.
- Көктемгі гүлдердің жұпар иісін сезу үшін мұрнымызбен ауаны ішімізге тартып аузымызбен жібереміз (балалардың қолына гүл ұстату)
- Кенеттен ауа райы өзгерді, салқын жел жай ғана уууу - уууу - ууу деген дауысты шығарды,(қағаздан жасанды ағаштың жапырағын қолға алып үрлеу)
Балалар бүгін біз жаңа дыбыспен танысамыз. Кеспеге қарап ЭР әрпімен және РРРы дыбысымен танысайық.
Әріпті - көреміз, жазамыз, Дыбысты - естиміз, айтамыз
жаттығуын орындау арқылы шынықтырайық,
Тіліміз көктем мезгілінде серуенге шығады, есікті ашып (жаттығу), оңға, солға, төбеге, төменге қарайды, ауа райы жылы болса ооооо, суық болса дддддд дейді екен, сосын ауылдағы досына барады, жолда бара жатып күркені көреді: блбл блбл, досы жүйрік ат екен (жаттығу), атқа мініп әжесіне барады, әжесі тәтті тосап пісірген, тәтті тосапты (жаттығу) жеп үйге атқа мініп қайтады.

• Балалар енді мына суретке қараңдаршы. Күшік қайтеді?
- Ендеше, бәріміз хормен айтайық. Созып айтуға келе ме?
- Ендеше бұл қандай дыбыс?
Р - дыбысын айтып үйренейік! Тілімізді үшкірлетіп төбе таңдайымызға көтереміз, ішімізге мұрынмен ауаны тартып тілімізге ыр деп ауаны жібереміз: дыр - сыр - зыр - жыр (20 мин)
• Буындарды қайталаймыз:
РА - РО - РЕ - РИ - РЫ - РУ.
АР - ОР - ЕР - ИР - ЫР - УР.
ДРА - ДРО - ДРЕ - ДРИ - ДРЫ - ДРУ
ТРА - ТРО - ТРЕ - ТРИ - ТРЫ - ТРУ
СРА - СРО - СРЕ - СРИ - СРЫ - СРУ
ЗРА - ЗРО - ЗРЕ - ЗРИ - ЗРЫ - ЗРУ
ЖРА - ЖРО - ЖРЕ - ЖРИ - ЖРЫ - ЖРУ
АДР - АТР - АСР - АЗР - АЖР

• Р дыбысын дыбыстар қатарынан естігеніңде бір рет қол соқ: а о р т д р б п р ж ч р в ф р г ғ р з с р л л р
• Р дыбысын буындар қатарынан естігеніңде бір рет қол соқ: ба, ар, ва, ра, да, ла,
на, ра, па, ма, ар, ка, са, ра, ша, са, ра, за, ар, ча, ра, ца, ща, ра.

• Суреттерді ата.
Арыстан, жолбарыс, раушан гүл, қара қалам, ракета радио, қасқыр, ара, торғай, ғарыш, самаурын, шарқат, шар, ас бұршақ,
• Дидактикалық ойын:
Суреттердің арасынан атауында Р дыбысы бар сөздерді тауып бір қатарға іл!
• Осы суреттердің атап буынға бөлу.
• Сергіту сәті
Бір, екі, үш, төрт, бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын
• Р әрпін тақтайшаға жаз
Кіші моториканы дамытуға арналған жаттығу (арнайы тақтайшаға дәнді дақылдар арқылы жазу. Ойлау, есте сақтау, кіші моториканы машықтандыру. 4 мин)

Рефлекстік – түзету
Балалар біз қандай әріпті жазып үйрендік? Ал қай дыбысты айтып үйрендік?
Жарайсыңдар балалар!
Сендерге қандай баға қояйын? қастарындағы балалар сендерді бағаласын, сосын мен бағаларыңды айтамын. Әр балаға жауабы үшін жұлдызша беру, сабақтың соңында жұлдызшаның санымен бағалау. Үш жұлдыз 5, Екі жұлдыз 4, Бір жұлдыз 3.
Ал ендеше үйге тапсырма: дәптерге ЭР әрпін жазып келіңдер.(4 мин)

ОҚО, Сайрам ауданы, Рудаки көшесі,
№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектептің
инклюзивті 0 сыныбының мұғалім – логопеді
Газрати Самая Валигызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 465
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету. Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.