Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қаратпа сөз

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қаратпа сөз
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қазақ тілі
Мақсаты: Қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтау,
рефлексия.
Көрнекіліктер: жеке суреттер, тірек - сызба, ойын құралдары.

Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Қызығушылықты ояту. Үнтаспадан келесі сөйлемдер тыңдатылып, кімге қаратылып айтылғаны таптырылады.
Сәлем, қымбатты достарым!
Сәлеметсіз бе, қадірлі ұстаз!
Армысыз, әже!
Ата, қайырлы таң!
Бұл сөйлемдер тақтаға жазылып, «қымбатты достарым», «қадірлі ұстаз», «әже», «ата» сөздерінің асты сыздырылып, бұл сөздердің не үшін қолданылып тұрғаны сұралады. Оқушы жетекші сұрақтар арқылы қымбатты достарын, қадірлі ұстазын, әжесін, атасын өзіне қаратып алу үшін айтқанын айтады.
Грамматикалық - тілдік жаттығу. 2 - жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқыту. Мазмұнына, тыныс белгілеріне назар аударту.

Арайлым, сен кітапханаға бардың ба?
Әже, ертегі айтып беріңізші.
Дүкеннен керек - жарағыңды алуды ұмытпа, қызым.

Арайлым кітапханаға барды.
Әжем ертегі айтып берді.
Қызым дүкеннен керек - жарағын алуды ұмытпады.

- Сонымен не байқадыңдар?
- Арайлым, әже, қызым сөздеріне қаратылып айтылып отыр.
Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, ереже шығарту:

«Бұл сөздер біреудің назарын аудару үшін қолданылып тұр. Мұндай сөздерді қаратпа сөз дейді. Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады».

Сергіту сәті:
2. Операциялық - орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
3 - ж. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқыту. Қаратпа сөздерді тапқызып, қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жататындығын айтқызу.
- Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті. Өзі бұрын есік ашпаған бала екен, жақсылап көйлек тігіп кигіз.
- Иә, балам, оқып жүрсің бе?
- Оқып жүрмін, Абай ата.
«Дүкенде» ойыны. Ойынның шарты: Ойын төмендегідей жағдаятқа құрылады.
Досыңның туған күніне сыйлық алмақшы болып дүкенге келдің. Сыйлық таңдау көп қиындық келтірді. Көмекке дүкенші келді.
Дүкенші мен сатып алушының арасындағы әңгімені диалог түрінде көрсет. Дүкенші мен сатып алушының қандай қаратпа сөздер қолданғанына назар аудар.
Ой сергіту жаттығуы. Сөйлемдерді оқытып, әр сөйлем қай шығарманы еске түсіретіндігін айтқызу. Бұл сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаздыру.
1. Мысық Мақтақыздан құйрығын қайтарып беруін өтінді.
2. Түлкі қарғаны мақтады.

3. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Тіл дамыту жаттығуы - «Мен қарындашпен сурет саламын»
«Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру.
Тапсырма: Осы ертегі мазмұны бойынша сурет салуға дайындал. Салған суреттерің бойынша ертегіні қаратпа сөздерді қатыстырып айтып бер.

Сәйкестендіру тесті. Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын бір - бірімен сәйкестендіреді.
- Бүлдірген тереміз, балақай.
- Алақай!
- Ат жарыс көреміз, балақай.
- Алақай!
- Айға ұшып барамыз, балақай.
- Алақай!
- Кел, ағаш жарамыз, балақай.
- Әй, ата - ай!...

Үйге тапсырма: 6 - жаттығу.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Қарақой ауылы, «Қарағой бастауыш мектеп»КММ - нің
бастауыш сынып мұғалімі
Тилеукабылова Куаныш Тилеукабыловна

Толық нұсқасын жүктеу
6 499
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөйлем туралы түсінік
Сөйлем туралы түсінік
Ерте - ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір - бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір - бірінен бөлек тұрса да, бір - біріне бағынып, бірін -
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Ләзиза Мұқышқызы
Білімділер порталының «Үздік ұстаз» бәйгесіне қатысушылардың тізімі
Білімділер порталының «Үздік ұстаз» бәйгесіне қатысушылардың тізімі
«Үздік ұстаз» бәйгесіне қатысушылардың тізімін толығырақ бөліміне өтіп қарауға болады.
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.