Сөйлем туралы түсінік
Сөйлем туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыға сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы сауатты жазуын, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу;
алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, СТО элементтері (семантикалық карта)
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, тірек сөздер, плакаттар, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, психология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қазақ тілінде. Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Орыс тілінде.
Ағылшын тілінде
II. Оқушы қызығушылығын ояту.
— Ерте - ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір - бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір - бірінен бөлек тұрса да, бір - біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
— Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел — «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз.Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.
Мысалы, 1 - вагонда: «Жылт - жылт еткен, жырадан өткен»; 2 - вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; 3 - вагонда: «Жараға жағатын дәрі»; 4 - вагонда: «Ешкінің төлі»; 5 - вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; 6 - вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».
1 - тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. — Қандай сөз шықты? (СӨЙЛЕМ ). Бұл сөз туралы не білетініңді есіңе түсір.
2 - тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық. — Сөйлем сөздерден тұрады. — Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? — Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
3 - тапсырма: — Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.
— Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері қойылады? Қане, ойланып көрейік.
— Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі.
Сөйлем туралы ой жинақталып, сызбаға түсіріледі:
III. Мағынаны таныту.
Көркем жазу: С с. Самат, сағат, сауысқан, суық, суыр, сілеусін.
Оқулықтағы 164 - жаттығуды орындаймыз. Сөздер салыстырылып оқытылады:
Сөздер: Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.
Сөйлемдер: Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасалады.
165 - жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.
«Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: Тақтада бірнеше сөз жазылған жапырақтар жатады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру қажет. Құраған сөйлемдерін тақтаға жазады. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылғанына, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аударылып, жауап алынады.
Берілген сөздер:
1. Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2. Ақан, сырғанады, шанамен.
3. Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.
4. Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.
ҚОЙЫЛЫМ. «Мен тыныс белгісімін»
«Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып қалады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.
IV. Ой - толғаныс
В) Танымдық тапсырма. Көрсетілген тыныс белгілеріне схема бойынша сөйлем құрап жазамыз.
V. Қорытынды.
Семантикалық карта
Тыныс белгілері ------------------------------ Нүкте ------- Сұрақ белгісі ------- Леп белгісі
Самал қайда барасың--------------------------------------------+
Неткен сұлу, неткен көркем
Арша тез жанады
Бүгін киноға барамыз
Орман іші сондай тып - тыныш
Үйге тапсырма беру
Үйге 63 беттегі 168 - жаттығуды орындап келеміз. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Рефлексия. Ұнады немесе ұнамады.
Бағалау.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ырғыз селосы, Ырғыз гимназиясы ММ - нің
бастауыш пәні мұғалімі
Құдабаева Майдагүл Шәріпқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Сөйлем туралы түсінік сұраулы сөйлем лепті сөйлем хабарлы сөйлем тыныс белгілері қазақ тілі бастауыш сынып
Оқи отырыңыз
Сөйлем түрлері
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Ләзиза Мұқышқызы
У дыбысы және әрпі
У дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Жалғау
Қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату. Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
10 саны
10 санының құрылымымен таныстыру және «біртаңбалы, екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру
Пікірлер (25)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.