Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ұзындық. Масса. Көлем

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ұзындық. Масса. Көлем
Үздік ұстаз конкурсына
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
1. 1. 3. 1 Шамаларды ажырату, оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу
1. 1. 3. 4 Ұзындықтың өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру
Жетістік критерийлері:
Ұзындық, масса, көлем және олардың өлшем бірліктерін анықтайды.
Шамалардың өлшеу бірліктері мен құралдарын таңдай алады.
Шамаларды өлшеуді өз әрекетімен түсіндіреді.
Дескрипторлар: 1. Ұзындық, масса және олардың өлшем бірліктерін анықтай алады
Тілдік мақсат: Шамаларға байланысты терминдерді пайдалана алады
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ұзындық, масса, көлем, кг, л, см, дм
Тілдік құзіретті қалыптастыру үшін оқушыларға жаңа сабаққа байланысты тірек сөздер 3 тілде айтқызылады
Сантиметр – сантиметр – centimetre(сәнтиметр)
Дециметр - дециметр – decimetre (десеметр)
Килограмм – килограмм – kilogram (килогрәм)
Литр - литр – litre (литер)
- Естіген, көрген шамаларды өлшеуге арналған құралдар, олардың өлшем бірліктері және оларды қалай қолдануға болатыны туралы талқылау
- Қалай білдің? - Немен өлшедің?
- Осы шамаларға байланысты қандай өлшем бірлігін қолданар ең?
- Қандай нәтиже шықты? - Өлшеген заттарыңның шамалары бірдей ме, әртүрлі ме?
- Не себепті деп ойлайсың?
(алған нәтижелерін, өлшем бірлігін ламинатталған бетке жазғызу6 топпен қорғау)
Ишара: Смайликтер
Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер көтереді: *жалғастыруға дайынмын
*бір нәрсе түсінемін бірақ бәрін емес *Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

Сабақтың басы 1 - 3мин.
Психологиялық ахуал
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан - жағым

Ортасы 4 - 35мин.
«Құпия дорба» стратегиясы
Дорбаның ішіне ұзындық, масса, көлем өлшейтін заттарды салу. Оқушылар олардың қандай заттар екендігін анықтайды
Сызғыш, сантиметрлік лента - заттардың ұзындығын өлшейтін құрал.
Таразы - дененің массасын анықтайтын құрал.
Шыны ыдыспен, бөтелкемен - көлемді өлшеуге болады.
Сабақтың мақсатын айтқызу:
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады, нені үйренеміз деп ойлайсыңдар? (оқу мақсатын анықтап алу, толықтыру)

Топпен жұмыс:
1 - топ: оқушыларға өздерінің салмағы анықтауға мүмкіндік беру (таразымен өлшеу жолына бағдар беру)
2 - топ: Мына шелекті толтыру үшін қанша су қажет екенін анықтаңдар
3 - топ: партаның ұзындығын, енін анықтайды
- Зерттеу жүргіз
- Сынып бөлмесінде тағы нені өлшеуге болады?
Кері байланыс жасау (3 топ бір - бірін бағалау)
«Заттардың ұзындықтары қандай?» Жалпы сыныппен Осы сабақтағы тапсырманың ерекше сипаты: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайтынын байқату. Сызғыш бойынша басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығару арқылы оқулықтағы сұрақтарға жауап береміз.

Жұппен жұмыс: Өздерің сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындаңдар.
- Сызғыштан ұзын зат бар ма? Қанша сантиметр ұзын?
- Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа?(3см қысқа)
- Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын? (9см ұзын)
- Өшіргіш пен қайшыны бір - біріне тіркестіріп көр (16см) Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің?
Жауабы: өшіргіш - 5 см; қайшы - 11 см; қарындаш - 14 см.
«Шығарып көр» Жұптық жұмыс.
Талқылау: оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептейді, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады.
— Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе - теңдік күйде.)
— Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.)
— Азық - түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.)
— Олардың массасы қандай? (6 кг.)
— Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.)
— Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?
Жауабы: қарбыз — 4 кг, 1 қап картоп — 5 кг.

«Ойлан» Жұптық жұмыс.
Шелектің сыйымдылығын анықтау:
1. Құмыраның көлемін табу. (1 л.)
2. Қазанның көлемін табу. (2 л.)
3. Шелектің көлемін табу.
(2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.)
Жауабы: 7 л.
«Орындап көр» Қабілеті жоғары оқушымен жұмыс: Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен шелектің үлгілерін дайындайды. ( суреттердің астына олардың көлемін жазады)
Жауап нұсқалары:
бір рет 3 л және он жеті рет 1 л;
екі рет 3 л және он төрт рет 1л;
үш рет 3 л және он бір рет 1 л;
төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л;
бес рет 3 л, бес рет 1 л;
алты рет 3 л, екі рет 1 л;
жиырма рет 1 л.

Сергіту сәті: ұзынды, масса, көлем бірліктерін оқушыларға айтқызу) көлем бірлігі - қолшапалақтау, масса бірлігі -

«Заттардың ұзындығын анықта» Өздік жұмыс
Жауабы: қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см.
«Заттардың массасын анықта»
Жауабы: кітап — 1 кг; сыйлық — 2 кг; қарбыз — 4 кг.

Соңы 36 - 40мин.
«Смак» дүкеніне саяхат (ортақ тақырыпқа байланысты)
Дүкеннен осы заттарды сатып алу үшін сен қандай өлшем бірліктерін пайдаланасың?

Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы М. Әуезов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Байкадамова Айман Дубековна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
14 773
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық
Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық
Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күші арасындағы айырмашылық туралы білімдері толықтырылып, ойлау қабілеттері артады.
Қысым
Қысым
Қысым туралы түсінік алу Оның қандай шамаларға тәуелді болатынын анықтау
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
Мәрелік қимыл 100 м жүгіру
Мәрелік қимыл 100 м жүгіру
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді.
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.