Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Атмосфералық қысым

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой қорытуды пайдалана білуге, физикалық теориялардың, олардың элементтерінің, ұғымдардың модельдерін, заңдары қолдану, шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс - әрекетте дұрыс әдіс - тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа үйрету. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас, эксперименттік
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, зерттеу әдісі.
Пәнаралық байланыс: география, химия, биология, математика.
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, мультимедиа.
Құрал - жабдықтар: Колба, жалпақ ыдыс, пипетка, стакан, слайдтар, видео.
Демонстрациялық көрсетілімдер: атмосфералық қысымның бар екендігін дәлелдейтін тәжірибелер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын тексеру

ІІ. «Ой қозғау» кезеңі. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Қысым дегеніміз не?
2. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?
3. Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?
4. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?
5. Қатынас ыдыстар туралы не білеміз?

ІІІ. «Көп біл» кезеңі. Жаңа сабақ
Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
1 – тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды.
Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым

Атмосфералық қысымның бірлігі – 1 миллиметр сынап бағаны алынады. [1 мм. сын. бағ.]. 1 мм. сын. бағ.=133, 3 Па
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алғаш итальян ғалымы Э. Торричелли ойлап тапты. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м - ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “торичелли бостығы” пайда болады

Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады. Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы — сынап барометрі (грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады.

Барометр - анероид
ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, ол барометр - анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда барометр - анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.

IV. Сабақты бекіту тапсырмалары
“Біздің барлық біліміміздің тәжірибеден басталатыны сөзсіз” (Иммануил Кант).

1. «Аз сөйле» кезеңі
24 - жаттығу
1. Стақанды суға батырып, оны судың ішінде төңкеріңдер. Одан соң оны жайлап судан шығарыңдар. Сонда стақанның жиегі судың ішінде тұрғанда неге оның ішіндегі су төгілмейді? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
2. Стақанға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен басып тұрып, стақанды төңкеріңдер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ, стақандағы су төгілмейді. Қағаз стақанның жиегіне жабысып қалғандай болады. Неліктен? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

2. Практикалық жұмыс, есептер шығару.
1) Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м³.
2) 100 см² ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
3) Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0, 3.

3. Сөзжұмбақ «Қысым»
1. Анероид қандай мағынаны білдіреді? (Сұйықсыз)
2. Барос қандай мағынаны білдіреді? (ауырлық)
3. Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр? (атмосфера)
4. Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды? (сынап)
5. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы? (барометр)

V. Сергіту сәті «Танымдылық»
Ғалымдардың суретіне қарап, оларды тану, олардың есімін атау және қандай жаңалық ашқанын айту
И. Ньютон – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы
Б. Паскаль – Сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндірген ғалым
Г. Галилей – Инерция құбылысын ашқан итальяндық атақты ғалым
Н. Коперник – Гелиоцентрлік жүйені жасаған ұлы поляк ғалымы
Э. Торричелли – Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін өлшеген итальян ғалымы

4.«Терең ойла» кезеңі.

Өлшем бірліктерін айналдыру
1 мм. сын. бағ.=133, 3 Па
760 мм сын. бағ.=101308 Па
750 мм сын. бағ.=99975 Па
715 мм сын. бағ.=95309, 5 Па
266, 6 Па=2 мм сын. бағ.
1333 Па=10 мм сын. бағ.
2666 Па=20 мм сын. бағ.

VII. Сабақты қорытындылау
Рефлексия
Не білдім?
Не қиын болды?
Не жеңіл болды?

VII. Үйге тапсырма: §48, 24 - жаттығу(1) Барометр туралы қосымша мәлімет жинау
VIII. Бағалау

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье ауылы
Ю. А. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Ермекова Айдана Әміржанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 650
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье селосы Ю. А. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Муханова Насип Абиловна
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Ауа – газдар қоспасы
Ауа – газдар қоспасы
Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы А. Лавуазъе 1774 жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеуші ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап, әрқайсысын ерекше қасиетіне бола, мысалы, сутекті «жанғыш ауа»,
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.