Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сабақтың мақсаты: Салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ және жасанды ғаламшар серіктері туралы білімдерін нақтылау.
Өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың ғаламшарларды зерттеу техникаларының қызметі және тарихы және зерттеу мақсаты туралы ойлау қабілеттерін дамыту.
Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқытуда күтілетін нәтижелер: Салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ, бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы білімдері қалыптасады.
Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күші арасындағы айырмашылық туралы білімдері толықтырылып, ойлау қабілеттері артады.
Жасанды ғаламшар серіктерінің қызметі, тарихы және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылындағы ғарыш саласында жеткен табыстары туралы мағлұматтар алады.
Сабақта қолданылатын 7 модульдің идеясы: Аралас, СТО, «Не білемін?»,
«Не білгім келеді?», «Не білдім?» стратегиялары. Жаңа білімді меңгерту.

I. Ұйымдас тыру
Ынтымақтас тық атмосфера сын қалыптас тыру.
- Егер сендер мектепке қуана - қуана келіп жүрсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер.
- Егер сендерге еліміздің тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер.
- Егер өздеріңді Отанымыздың патриотымыз деп есептесеңдер, екі қолдарыңды көтеріңдер.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Не білемін?»
Әр топқа тапсырма беру.
I топқа: Күш
II топқа: Қозғалыс.
III топқа: Масса.

Оқушылардың үйге берілген тапсырманы қаншалықты білетіндігін анықтау үшін сұрақ түрінде тапсырмалар беріледі. Орындау реті мен критерийлерін анықтайды. Үй тапсырмасын қорытындылайды және бағалайды.

III. Ой қозғау. «Не білгім келеді?»
Кіріспе. Жаңа сабақты өз беттерімен меңгерту тапсырмалары.
Оқушыларға ғарыштың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғарышкерлер есімі мен тегіне байланысты ребус мен кроссвордтар берілген. «Көпірден өт стратегиясы» бойынша тез шешулері керек..
I топқа. «Талғат»
II топқа: «Циолковский»
III топқа: «Кеплер»
Оқушылардың Салмақ. Салмақсыдық туралы не білетіндік
терін білу үшін «Ғаламшар серіктері» тақырыбына ассоциация құру тапсырмасы беріледі.

IV. Мағынаны ажырату.
Жаңа «Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Салмақ салмақсыз дық» тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау мақсатында оқулық және ғылыми жобалармен жұмыс жасай отырып, мәтіндер бөлініп берілді.
Жаңа сабақты өз беттерімен меңгеруге бағыттайды. Қосымша толықтырулар жүргізіп отырады. Дәптерлеріне анықтамалар мен формулаларды жазыңдар.

V. Сергіту сәті.
Таза тақта ойыны:
Тақтада ғарышқа байланысты суреттер көрсетілген. Осы суреттердің болған уақыты және ҚР тәуелсіздігіне 25 жылындағы атқарылған ерекше оқиғалар дәл айтылса, жыл алынып, ең соңында таза тақта қалады.
1353 жыл, 1926 жыл, 1957 жыл, 1961 жыл, 1969 жыл, 1991 жыл, 1999 жыл, 2014 жыл, 2015 жыл

VI. Ой толғаныс.
«Не білдім?»
Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты білгендігін меңгеру мақсатында тәжірибелер, эксперимент
тік тапсырмалар, беріледі.
I топ. Қарапайым телескоп жасау: картон,
қайшы, скоч, линза,.
II топ. Ғарышкер - робот құрастыру: Лего конструк
торы.
III топ. Қазақстанның Жерді зондтау жүйесін зерттеу. Компьютер (оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты білгендерін, берген жауаптарын тыңдайды. Топпен жұмыстарды бағалайды.
Нәтижеге қол жеткенін айтады.

VII. Үйге тапсырма.
Бүгін үй тапсырмасын өздерің таңдаңдар. Тақтада 2 түсті карточка бар.
№1. Жасыл түсті карточкада:
§17 “ Ғаламшарлар серіктерінің қозғалысы. 14 – жаттығу. № 4.
«Қазақстандық ғарышкерлер» реферат.
№2. Қызыл түсті карточкада:
18. “ Дененің салмағы. Салмақсыздық.” 15 - жаттығу №3, 4.
Байқоңыр – ғарыш айлығы» реферат жазу.

VIII. Бағалау.
Топ басшылары белгілеген бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалау.

IX. Рефлексия.

Стикерге: «Күш» тобына: Не ұнады?
«Қозғалыс» топ. Ұсыныстар. Тілектер.
«Масса» тобына: Білгім келеді?
Тақтаға стикермен Зерттеу техникасы Зымыранның суретін құрайды.
«Білгенім - бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз».
Ары қарай жасайтыным.
Жақын арада жасайтыным.
Менің ертең жасайтыным.
Менің бүгін жасағаным.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Көкбұлақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Сары Жетібай Байнауырызұлы
Үздік ашық сабақ байқауына

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 289
11
22 дауыс
Оқи отырыңыз
Қысым
Қысым
Қысым туралы түсінік алу Оның қандай шамаларға тәуелді болатынын анықтау
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылы. Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Пікірлер (11)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Назкен Жетібайқызы
Назкен Жетібайқызы Қонақ 12 қаңтар 2017 23:58
0
Өте жақсы ашық сабақ!
Нәписа
Нәписа Қонақ 15 қаңтар 2017 01:01
0
Тәуелсіз ел ұрпақтарын ғарышқа самғатар, сабақ құрылымы ұнады.
қырмызы
қырмызы Қонақ 16 қаңтар 2017 18:29
0
сабақ өте жақсы, жоғары деңгейде өткізілген.
қырмызы
қырмызы Қонақ 16 қаңтар 2017 18:30
0
жоғары деңгейде өткізілген сабақ.
Әдемі
Әдемі Қонақ 16 қаңтар 2017 20:45
0
жүйелі түрде қазіргі өмірмен тығыз байланыстыра отырып өткізілген сабақ. Мұғалім жоғарғы санатты , жоғары деңгейлі .
Сандуғаш Жасұланқызы
Сандуғаш Жасұланқызы Қонақ 17 қаңтар 2017 20:38
0
Сапалы білім жүйесін қалыптастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген, елге үлгі балар нағыз ұстаз!!! Сабағыңыз өте керемет...
Сандуғаш Жасұланқызы
Сандуғаш Жасұланқызы Қонақ 17 қаңтар 2017 20:42
0
Сапалы білім жүйесін қалыптастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген алдыңғы буынға үлгі болар нағыз ҰСТАЗ!!! Сабағыңыз өте керемет...
Самал
Самал Қонақ 18 қаңтар 2017 21:39
0
Сабақ құрылымы өте жақсы құрылған.Сабақ керемет.
AnuarBekbaev
AnuarBekbaev Қонақ 19 қаңтар 2017 00:30
0
Өте жақсы құрылған сабақ деп бағалаймын!
Мерует
Мерует Қонақ 20 қаңтар 2017 19:02
0
Сабақ өте керемет
Самал
Самал Қонақ 22 қаңтар 2017 11:55
0
Сабақты үздік деп бағалаймын!