Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Орманның пайдасы және оны қорғау

27 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: «Орманның пайдасы және оны қорғау»
Сабақтың мақсаттары: Білімдік: Оқушыларға орман өнімдерінің өндірістің қай саласы болса да кеңінен қолданылатынын түсіндіру.
Тәрбиелік: Өздері өмір сүріп отырған ортаның табиғатын сүюге, қамқор болуға, құрметтеуге, экологиялық апаттардан қорғауға, мамандықты саналы таңдай білуге жағдай туғыза отырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл – күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауын арттыру, ғылыми жұмыстар мен айналысуға баулу.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ой толғаныс
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика
Сабақтың түрі: Дамытушылық, интеграцияланған сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Көрнекілігі: Кесте, сызбалар

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
ІV. Жаңа сабақты меңгерту.
а) Қызығушылығын арттыру.
• Балалар, қазір біз орманның пайдасы туралы және оны қорғау туралы бұрыннан не білеміз соны топтастырып жазамыз.

• Топпен жұмыс. Топтастырған сөздерден 3 топқа тапсырма беріледі.
І – топқа: «Оттегі». Орманға байланысты оттегі туралы не айтуға болады?
ІІ – топқа: Орман - үй деп неге айтылған?
ІІІ – топқа: Орман жиһаз деп айту себебі неде?
• Топта өз ойларын ортаға салады. Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің шешімдерін баяндайды.

б) Мағынаны тану.
Балалар, бүгінгі жаңа сабағымызға орманның пайдасы оны қорғау туралы көп біле түсу үшін арнайы маман иелерін ортамызға шақырып отырмыз.

Ағаш шебері: Орманның өндірістің қай саласы болмасын пайдасы көп. Үстел, орындық, қарындаш, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік, терезе жақтаулары мұның бәрі де ағаштан жасалатыны сендерге белгілі. Бұл заттарды әдемі жасау үшін бізге математика пәнін білудің маңызы бар. Заттарды өлшейміз, сызамыз, кесеміз. Сондықтан миллиметр, сантиметр, дециметр, метр сиқты ұзындық өлшемдерін қолданамыз. 100 см – де неше метр бар? 1 дм ═?
Орындықты жасау үшін түзу сызғышты, бұрыштық сызғышты пайдаланамыз.

Құрылысшы: Біз салатын әдемі үйлердің бәрі де ағаштан жасалады. Ол ағаштарды біздің орманнан алатынымызды өздерің де біліп айттыңдар
Мен комбинат жұмысшысымын. Кітапты, дәптерді, газет, журналдарды да ағаштан жасайды. Кітап, журналдың баспадан қалай шығатынын сендер ана тілі оқулығынан оқып білдіңдер. «Сен ұйықтап жатқанда» деген әңгімеде бұл туралы жақсы айтылған. Дәптер, кітап туралы жаттаған өлең, жұмбақтарды кім айтып бере алады?

Мен теміржолшымын. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Ағаш вагондар, темір жолдың астына салынатын төсеніштерді де ағаштан жасайтынын сендер білесіңдер ме? Ағаш төсеніштердің ұзындықтарын өлшейміз. Бұл дәлдікті өте қажет етеді. Сондықтан да бұл істе сендерден математикалық білім талап етіледі.

Дәрі – дәрмек жасаушы: Дәрі – дәрмектердің қайдан алынатынын сендер білесіңдер ме?
Дәрілердің бәрі де өсімдіктерден алынады. Орманда әр түрлі өсімдіктер өседі. Орман ағаштарынан да көптеген дәрілер жасалады.

Агроном: Орман егіс далаларын жазда аптаптан, ыстықтан, желден, құрғақшылықтан қорғаса, қыста ысқырған бораннан, қарды ысырып әкетуге жол бермейді.
Орман ең алдымен адамның денсаулығы үшін өте қажетті. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Себебі оның ауасы таза, әрі шипалы. Жасыл ағаштар болмаса біздің ғаламшарымыздағы оттегі адамның тыныс алуына жетпес еді.

Орман туралы зерттеуші ғалым: Орман – жомарт табиғаттың адамға тартқан баға жетпес сыйы. Орман, тоғай – халқымыздың мол қазынасы. Сондықтан оны қорғау әрбір адамзаттың борышы. Небір терілері құнды, бағалы аңдар орманда мекендейді. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, ондағы жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған. Тұқымы азайып бара жатқан аң, құстар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар туралы сендерге өткен сыныпта айтылды. Егер «Қызыл кітапқа» енген аң, құстарды қорғамайтын болсақ, олар мүлде жойылып кетуі мүмкін.
- Балалар, біз орманның пайдасы және оны қорғау туралы көп нәрсені білдік. Білетініміз туралы бірінші топта талқылайық. Талқылап болған соң сұрыптап тақтадағы кестеге «білемін» бөліміне орман туралы бұрыннан білетінімізді, «білгім келеді» бөліміне орман туралы білгіміз келген сұрақтарды жазамыз. Орман туралы жаңадан не білгеніңді «мен үшін жаңа білім» бөліміне толтырамыз.
V - білемін
Қалың ағаштар, аңдар, құстар, пайдалы.
? білгім келеді
Орманда мекен ететін аңдар қыста немен қоректенеді? «Қызыл кітапқа» енген аң, құсты аулаған адамға қанша айыппұл төленеді? Орман ағашының ең ұзақ жасағаны неше жаста? Орман, тоғайларды біздің ауылда да өсіруге бола ма?
+ жаңа білім
Орманның тек адам үшін емес аң, құстар үшін де маңыздылығы. Барлық тұрмыстық заттар да, дәрілер де орманнан алынуы

V. «Дөңгелек үстел әдісі»
Балалар бүгінгі сабақта білгендері туралы не ойлайды, не түсінді?
Бұл жөнінде «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша әр топтан бір – бірлеп оқушылар шақырылып, олар бірінің сөзін бір қайталамай әңгіме жүргізеді.
1 – бала: Орманнан түрлі тұрмыстық бұйымдар алынады.
2 – бала: Газет, журнал, кітап, дәптерлер бәрі де ағаштан дайындалады.
3 – бала: Орман – адам денсаулығының кепілі.
4 – бала: Аң терілері, құстардың мамығы да орман арқылы алынады.
Осылай жалғаса береді.

VІ. Үйге тасырма:
1) Біз бүгін орман туралы көп білдік. Жауабы табылған, жауабын таба алмаған сұрақтарымыз болды. Олай болса, үйден қосымша кітаптарды қарай отырып, білмеген сұрақтарымызға жауап іздейміз.
2) Орман – табиғат байлығы деген тақырыпта өз ойларыңды еркін жазып келесіңдер.
VІІ. Сабақ нәтижесін бағалау.
VІІІ. Сабақты қорытындылау.

Ақмола облысы,
Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Күлшара Әзілханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 624
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Студенттердің шетел тілі пәні бойынша білім деңгейін анықтау, танымдық қабілетін, білім - білік дағдысын, эстетикалық - өнегелік ортасын қалыптастыру, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.