Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.

27 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Биология
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі: (1 - 3 мин).
(Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамын. Жоқ оқушыларды түгелдеп, сайыс сабағымызға сәттілік тілей отырып, сабақта әдепті - мәдениетті болуды талап етемін).
ΙΙ. Сабақтың ұраны:
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар».

Мақсаты:
1. Білімділік - Оқушылардың ағзаның ішкі ортасы, жүрек - қан тамырлар жүйесі тараулары бойынша алған білімдерін тереңдету арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру және тиянақтап қорытындылау;
2. Дамытушылық – Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен ізденіп, ойын жинақтап айта білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелілік – Ойын элементтерін пайдаланып, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың өмірмен байланысын жүзеге асыру; Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру;
Көрнекілігі: кестелер, суреттер, тірек - сызбалар, құпия қорапшалар, бағалау жетондары, қан туралы жазылған кітапшалар, слайд, интерактивті тақта, т. б.
Сабақтың түрі: «Жаңа сабақ»
Сабақтың әдісі: Сайыс түрлері, ойындар, топтастыру, Венн диаграммасы, тірек – сызбалар, рефлексия әдісі, т. б.

Ұйымдастыру
*Білген адам білімді......
*Оқығысы келген оқушы....... іздейді
Оқығысы келмейтін оқушы........ іздейді.
*Табиғаттағының бәрі шындық, бәрі ақиқат,........

Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты меңгерту
4. Сергіту сәті
5. Сәйкестендіру тесті
6. Қорытынды
7. Үйге тапсырма.
Топқа бөлу:
І топ: Салатамыр
ІІ топ: Көктамыр

1. Ыстық бауырсақ
Әр топқа сұрақтар беріледі. Топтағы оқушылар тез жауап беруі керек. Уақыт белгіленеді. (ауызша)
Сұрақтары:
Салатамыр тобына
1. Қызыл қан жасушалары?
2. Эритроциттің сипаттамасы?
3. Эритроциттердің ядросы қандай?
4. 1мм қанда эритроцит болады?
5. Адамда қанша қан тобы бар?
6. Эритроцит қайда түзіледі және тіршілік ұзақтығы қанша?
7. Табиғи иммуниет дегеніміз не?
8. Эритроциттердің тіршілігі біткенде қайда ыдырайды?
9. Гемоглобин дегеніміз не?
10. Қанның түсі неге қызыл?

Сұрақтары:
Көктамыр тобына
1. Лейкоцит дегеніміз не?
2. Адамның 1мм қанында қанша лкйкоцит болады?
3. Лейкоциттер қайда түзіледі және тіршілік ұзақтығы қанша?
4. Лейкоциттер қалай қозғалады?
5. Фагоцитоз қандай процесс?
6. И. И. Мечников дегеніміз кім?
7. Лимфоциттер дегеніміз нелер және олар қайда түзіледі?
8. Әмбебап донор дегеніміз не?
9. Жүре пайда болған иммунитет дегенді қалай түсінесің?
10. Лейкоциттердің негізгі қызметі?

Кіріспе сөз
- Құрметті оқушылар! Міне, біз бүгін үлкен ΙΙ – тарау, яғни ағзамыздың ішкі ортасы – қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы, қан айналым жүйесін аяқтап, содан алған білімімізді тереңдету және есте сақтау мақсатында қорытынды сабақ өткізгелі отырмыз.
«Қан - өмір өзегі» деп бекер айтылмаған. Қансыз адам баласының тіршілік етуі мүмкін емес. Күнделікті тамақтануымыз да қан арқылы жүзеге асады. Күнде дем алған ауамызда оттегі - өкпе арқылы бүкіл ағзаға барады. Ауырып қалсақ, ағзамыздағы антиденелер де осы қанымызда жасалынады. Жүрекке келетін болсақ, ол - адам баласының өмір бойы жүріп тұратын – жанды моторы. Сол арқылы үлкен және кіші қан айналым жүйесінің жұмысы атқарылады.

Жаңа сабақ:
§33. Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
(Мұнда жүректің макеті беріледі. Сол макет арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

Тұжырымдау
● Жүрек төрт қуысты.
● Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
● Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады.
● Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
● Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.

Тұжырымдау үшін екі топтың оқушыларына жүрек құрылысының суреттері беріледі. Олар бұл суреттерді талдайды.
Әрі қарай оқушыларға парақшаға жазылған әріптер беріледі.

2. Адасқан әріптерді
Адасқан әріптерді құрастыр және мағынасын таны
1. МИТУНТИМН
2. ЮГАИНЦИЯГЛТА
3. ОНОРД
4. БОГЕМГОИЛН
5. ЗАТМОЕГОС
Жауаптары:
1. МИТУНТИМН - Иммунитет - Организмнің ауруды қабылдамайтын қасиеті.
2. ЮГАИНЦИЯГЛТА - Агглютинация - Эритроциттердің бір - бірімен жабысып қалуы.
3. ОНОРД - Донор - Қан беруші адам.
4. БОГЕМГОИЛН - Гемоглобин - Эритроциттегі ерекше нәруыз.
5. ЗАТМОЕГОС - Гомеостаз - Организмнің гормондар арқылы реттелуі.

3. Сергіту сәті
(көңілді әріптер)

4. Сәйкестендіру тесті беріледі. Оқушылар сәйкестендіреді.(ауызша)
А Қолқа --------------- Қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді
Ә Артерия ------------ Бұл қабаттан әр - түрлі заттар қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға өтеді
Б Капилляр ----------- Бұлшық ет және созылғыш талшықтары аз
В Вена ------------------ Артерияның ең ірісі

4. Сандарды сөйлетейік
(оқушыларға берілген парақшадағы сандардың тұсына жазады)
200 - 300 –
100мкм –
4 - 20 мкм –
200 –
2 млрд -

5. Жұмбақ 2 топқа (ауызша)
«Салатамыр» тобына: Диаметрі 7 - ден 10 мкм.- ге дейінгі екі беті ойыс дискі тәрізді. Мұндай пішін оның бетін 1, 5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді болып табылады, жетілгендерінде ядро болмайды. Адам организмінде барлығы орташа алғанда 25 триллион бар деп есептеледі. Егер осы қан жасушасын бір қатарға қойса, тізбек ұзындығы 175 мың км құрайды. Онымен жер шарын 4 рет айналып шығуға болады..
Жауабы; эритроцит

«Көктамыр» тобына: Ядросы бар және белсенді қозғалады. Дені сау адамның 1 м3 қанында 6 - 8 мың болады. Тәуілік мезгіліне және организм жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Тіршілігінің ұзақтығы 2 - 4 күн, кейде бірнеше жылға созылады. Көкбауырда бұзылады. Амеба сияқты жалған аяқтарын шығарып жылжиды. Организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде заттардың енуінен сақтайды. Бұл қанның қандай жасушасы.
Жауабы; лейкоцит

6. Семантикалық карта
Сұрақтар
1. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
2. Қан қысымы шамалы
3. Дененің барлық мүшелеріне таралады
4. Қан қысымы жоғары
5. Адам шашынан 50 есе жіңішке
6. Қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді
7. Қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы оңай өтеді
8. Ұсақ майда қантамырлар
9. Қақпақшалар түзіледі
10. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
Кілт сөздер
А) артериялар
Ә) веналар
Б) қылтамырлар

7. Сынақ 2 топқа бірдей беріледі.
(оқушыларға берілген парақшадағы тез белгілейді)

1. ІІ топтағы қанды құюға болады:
а) тек І топқа;
в) ІІ, ІV топтарға;
с) ІІ, ІІІ топтарға;
д) ІІІ, ІV топтарға;
е) І, ІV топтарға.
2. Артерия қан тамыры:
а) тек қана артерия қанын жеткізеді;
в) тек қана вена қанын жеткізеді;
с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді
д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді.
3. Эритроциттың бұзылуы жүреді:
а) көк бауырда; в) сүйектің қызыл кемігінде;
с) лимфа түйіндерінде; д) ұйқы бездерінде; е) сүйектің сары кемігінде.
4. Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді:
а) В3; в) В2; с) В6; д) В12; е) С.
5. Лейкоциттердің негізгі қызметі:
а) қоректік; в) тыныс алу;
с) тасымалдау; д) қан ұюға қатысу; е) қорғаныш.
6. Жарадан аққан ірің – ол:
а) клетка аралық заттар;
в) ұлпа сұйықтығы; с) өлген лейкоциттер, ұлпалар, клеткалар;
д) өлген эритроциттер, ұлпалар;
е) өлген тромбоциттер, ұлпалар, клеткалар.
7. Иммунитет болмайды:
а) туа біткен: в) жүре пайда болған;
с) табиғи; д) жасанды; е) бейтарап.
8. Организмнің антиденені жасау қабілеттілігі организмде қалыптастырады:
а) тромб түзелуден сақтауды; в) ішкі ортаның тұрақтылығын;
с) иммунитетті; д) фибриннің фибринге айналуы;
е) протромбиннің тромбинге айналуын.
9. Лимфа қан айналу жүйесіне келіп құяды:
а) артерия арқылы оң жақ жүрекшеге;
в) вена арқылы оң жақ жүрекшеге;
с) артерия арқылы сол жақ жүрекшеге;
в) вена арқылы сол жақ жүрекшеге;
е) капилляр арқылы оң жақ жүрекшеге.
10. Бөгде клеткаларды танумен жоюға жауап беретін лейкоциттер:
а) Т - лимфоциттер; в) В - лимфоциттер;
с) базофильдер; д) эозинофильдер; е) нейтрофильдер.
1) В
2) Д
3) А
4) Д
5) Е
6) С
7) Е
8) С
9) В
10) А
8"Білгеніңіз дұрыс"
Бұл кезде қан туралы ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар жайлы мағлұмат беріледі.

9. Құпия сандар (ауызша)
90 %
300 г
120 күн
0, 9 %
4, 5 - 5 млн
6 - 9мың/мм3
5 литр

10.«Терминдерді терейік»
(оқушылар берілген парақшаға тез жауап жазады)
1. Гемеостаз –
2. Донор –
3. Реципиент –
4. Гемоглобин –
5. Фагоциттер –
6. Агглютинация -

11. Сөз термек
«Биология» деген сөздің әр әрпінен биологиялық сөздерді құру керек.
Жауаптары:
Б - бактерия, бентос, бактериялар, биосфера, биосинтез.
И – иммунитет, изогамия, идиоадаптация, имога.
О – овогенез, овуляция, организм, органогенез, онтогенез.
Л – лактоза, ландшафт, лейкоциттер, лимфа.
О – оогамия, органоид, орнитология, озон, олиготрофтар.
Г – гамета, гаплоид, генетика, гельминтология, гетерозис.
И – инфузория, инфаркт, инсульт, инсулин.
Я – ядро, ядрошық, ядро шырыны, ядро қабықшасы.

12. Венн диаграммасы
Сала тамыр – көк тамыр

Үйге тапсырма:
§33. Қанайналым мүшелері. Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі.
Бағалау

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы, Қабанбай мектебі
Биология – география пәндерінің мұғалімі
Нақыпбеков Әбілхайыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 546
1
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Қызықты жарыс  (химия - биология пәндері бойынша 8 - сыныптар арасындағы сайыс)
Қызықты жарыс (химия - биология пәндері бойынша 8 - сыныптар арасындағы сайыс)
Химия мен биология пәндері бойынша өткен тақырыптарды естеріне түсірулеріне көмектесу. Өз білімдерін басқа сыныптармен сайыста көрсете білулеріне үйрету.
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
дина
дина Қонақ 2 мам 2016 01:57
0
сабақ құрылмы өте жақсы екен. Маған ұнады. Өз сабағымда пайдаланамын