Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы

17 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Биология
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қанның адам өміріндегі маңызы, құрамы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру және медициналық тұрғыда қан жасушаларының белсенділігін меңгерту арқылы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту стратегиясының элементтерін қолдану арқылы белсенділігін арттыру, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басының тазалығын, денсаулығын сақтауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру әдістері, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қан жасушаларының суреттері, электрондық оқулық, сызбалар, кеспе қағаздар Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

II. Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм» әдісі бойынша 3 топқа тапсырмалар беріледі.
1. Зерттеңіз: - адам қаңқасының бөлімдері
- сүйектің байланысы, буындар
- бұлшықеттің маңызы
2. Салыстырыңыз: - сүйектің құрылысы
- бұлшықеттің құрылысы
3. Суреттеңіз: - қол және аяқ бұлшықеттерінің айырмашылығы

- Адам қаңқасының бөлімдері (Адам қаңқасы бір - бірімен буын арқылы жалғасқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200 - ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді. Ұзын сүйектерге қол - аяқты құрайтын жіліктер жатады. Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, сайсақ сүйектері жатады. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас - жалпақ сүйектерге жатады).

– Сүйектің байланысы, буындар ( Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін сайшалар, қантамырлар, жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Адам денесінде 230 - дан астам буындар бар. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған).

– Бұлшықеттің маңызы ( Бұлшықеттер адам ағзасында әр түрлі қозғалыстар жасайды. Дененің тепе - теңдігін сақтайды. Денені тік ұстауға көмектеседі).
– Сүйектің құрылысы, бұлшықеттің құрылысы ( Сүйектер тығыз және борпылдақ ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүек қабының астыңғы беті жасушалары бөлініп, сүйектер жуандап өседі. Бұлшықеттер - бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады). Қол және аяқ бұлшық еттерінің айырмашылығы.( Қобұлшықеттері - иық белдеуі және қол бұлшықеттері деп бөлінеді. Қолға көп күш түсетіндіктен, қолда екібасты, үшбасты бұлшықеттер болады. Аяқ бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың бұлшықеттері деп бөлінеді. Аяқ бұлшықеттерінде санның төртбасты бұлшықеттері мен балтырдың үшбасты бұлшықеттері жақсы дамыған.

III. Жаңа сабақ. Сабақ 3 кезеңнен тұрады.
Адам тіршілігі үшін, организм тірегі, тіршілік көзі – қан және қан жасушалары. «Қан – организмнің айнасы» деп бекер айтылмаса керек. Қан болмаса тіршіліктің болмайтындығы медицина тұрғысында зерттелген.

Жатырда қанды емізген,
Аусыз қорек жегізген,
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзіңді өзім дегізген
Тіршілік сөйтіп таралған

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Тақтамен жұмыс. Жаңа сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.
1) Қызығушылықты ояту кезеңі. Тапсырма: «Қан өмір сыйлаушы» деген сөздің мағынасын ашу.
IV. Топтастыру әдісі.

Қан

Дене қызуының бір қалыптылығын сақтаушы
Тіршілік көзі
Қызыл түсті сұйықтық
Мүшелерді байланыстырушы
Оттегін тасушы
Денені қорғаушы
Қоректендіруші

Электронды оқулықпен, суреттермен жұмыс.
Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген? Қанның құрамына не жатады? Олардың қандай түрлері бар? Организмде қандай қызметтер атқарады? Жұқпалы аурулардан қалай сақтану керек? Денсаулықты сақтау ережелері туралы не айтар едің? «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалды қалай түсінесің?

2) Жаңа сабаққа түсінік.
Организмнің ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады. Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Организмде болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5 - 5 л. Қанның құрамы - плазмадан 55 % және қан жасушаларынан 45 % тұрады. Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр - қызыл қабаты қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер ( қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары), тромбоциттер ( қан пластинкалары) жатады. Эритроциттер – қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Пішіні ортасы қысыңқы, табақша тәрізді. Эритроциттердің қызыл гемоглобинге байланысты. Қан плазмасы - қанның сарғыш түсті сұйық бөлімі. Лейкоциттер - қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, көкбауырда түзіледі. Қанда тамақ ішпегенде аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2 - 5 тәулік. Тромбоциттер - қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын құрайды. Диаметрі 2 - 5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның ұюына қатысады. Плазманың құрамында 90 - 92 % су, 7 - 8% нәруыз, 0, 12% глюкоза, 0, 7 - 0, 8% май, 1% тұз болады.

V. Шығармашылық жұмыс. 2) Мағынаны ажырату кезеңі.
РАФТ әдісі. Р - рол А - аудитория Ф - форма Т - тақырып
Мұғалім рол ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды.
1 - топқа: «Темір тапшылықты анемия» - аудитория ( тақырыпқа сипаттама)

Жауабы: Анемия немесе қаназдық ауруы – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету, химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің бұзылуы, кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы, эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың( темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттекпен қанықпағандықтан мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда, қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

2 - топқа: «Жүрек пен қан тамырларының жұмысына темекі мен алкоголдің әсері» - форма (сол тақырып бойынша өлең, мақал - мәтел, шығарма, хат т.б. жазып оқиды).

Жауабы:
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Салауатты өмір сүреміз,
Темекіні шекпейміз.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
Шылымқор, сорады кеп шылымды ол,
Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.
Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,
Сора - сора уытын өн бойына жайлайды.
Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,
Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,
Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді.
Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,
Оң болсын десең, тіршілігің өмірің.
Сақта халқым, саулығын аналардың,
Болсын десек дені сау ұрпақтарың.

Келесі мақал - мәтелдер:
«Темекі шеккенің, денсаулықтың түбіне жеткенің», «Арақты ішті дегенше, азғын жолға түсті де», «Мастықтың түбі – мазақ, мазақтың түбі – азап», «Түтінмен ыстап өкпені, никотин уын төккені», «Күрк - күрк көк жөтел, күркілдеген көк жөтел», «Спорт – денсаулық кепілі», «Денім сау болсын десең», «Денсаулықтың жаңасын, ақшаға қайдан табасың», «Тазалық саулық негізі, саулық – байлық негізі» т. б.

Шығарма оқу. Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері.
Алкоголь мен темекі адам организмінің барлық мүшелеріне әсер етіп, оларды уландырады. Әсіресе никотинде ( яғни темекіде) у болғандықтан ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қан тамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі шегетіндердің басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді. Ішімдіктің зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, организмге тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады.
Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүректің жұмысына кедергі жасайды. Жүрек - қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі – көбірек қозғалу. Адам көбірек қозғалыста болса, бұлшықеттердің жиырылуы артады. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттекпен және қоректік заттармен байытады. Дұрыс қалыптасқан организм ауруларға шалдықпайды. Спортпен түрлі жаттығулармен денені шынықтырудың маңызы зор. Шыныққан адамның жүрегі көп шаршамайды. Денесі де ширақ, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам әлсіз, тез шаршайтын болады.
Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сендердің өз қолдарында. Сондықтан салауатты өмірді насихаттау керек. Салауатты өмір деген не? Ол спортпен шұғылдану, күн тәртібін ұстау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу: маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекерге айтылмаған.

3 - топқа: - тақырып (қан тобына байланысты мінезді анықтау) тапсырмаға тақырып қойып, соны қорғап шығады. Адам қанының тобына байланысты мінезді анықтау.
Жауабы: (1 - топ – қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл - сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді).
(2 - топ - сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне - өзі талап қойғыш, өз іс - әрекеттерін мұқият бақылап отырады).( 3 - топ - секемшіл өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сарыуайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жайтты тез есінен шығарады). (4 - топ - көздеген мақсатына жетуге жан - тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз, әрі табансыз).

Қан тобы арқылы мінезді анықтау өте қызық, әрі тартымды болады.

VI. «Сандар сыр шертеді» (Оқушылар ауызша жауап береді)
? ---------------- Жауаптары:
1. 55 % ( плазмадағы қанның сұйық бөлімі)
2. 4, 5 - 5 л ( Организмдегі қанның мөлшері)
3. 90 - 92 % ( плазма құрамындағы су)
4. 0, 1 - 0, 12% ( плазмадағы глюкоза мөлшері)
5. 120 күн ( эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы)
6. 1 % ( плазмадағы тұз мөлшері)

VII. Сабақты бекіту. 3) Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасы
Венн диаграммасын пайдаланып, эритроциттер мен лейкоциттерді түсіндіреді.
Эритроциттер
Ұқсастығы
Лейкоциттер

VIII. Үйге тапсырма беру: Организмнің ішкі ортасы, қан туралы шығармашылық жұмыстар дайындау.
а) ( сөзжұмбақ, ребус, мақал - мәтелдер)
ә) Тақырыпты мазмұндау

IX. Бағалау
Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою. (Бағалау парағына қарап мұғалім оқушыларды бағалайды).

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Жанай ауылы, «Жанай орта мектеп - бақша» КММ
География - биология пәндері мұғалімі
Агимбекова Базаргуль Алтинбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 750
3
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Оқушылар Үйінің «Радиотехника» үйірмесінің жетекшісі Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі секреция бездері үлкен емес: миллиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без, бүйрек үсті безі жатады.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Жанар
Жанар Қонақ 9 мам 2016 00:13
0
Сабағыңыздың құрылымы өте жақсы, маған қатты ұнады. Тәжірибелі ұстаз екендігініз көрініп тұр. Сізді жеңіске жетеді деп ойлаймын Тек сәттілік тілеймін.
Канат
Канат Қонақ 9 мам 2016 00:18
0
Сабақ маған ұнады. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор деп есептеймін. Жеңіске жетуіңізге тілектеспін.
Сәуле
Сәуле Қонақ 9 мам 2016 00:25
0
Сәлеметсіз бе! Бәйгеге жіберген сабағыңыз өте жақсы. Сйтқа тіркелмегенмін. Дауыс бергім келеді. Жеіңске жетуге мүмкіндігіңіз бар.Сізге сәттілік тілеймін.