Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Эстафеталық жүгіріс 4х60 м

06 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Ашық сабақ 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгіріс 4х60 м
Сабақтың мақсаты: Эстафеталық жүгіріс 4х60 техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1) 4х60м эстафеталық жүгіріс түрін түсіндіру,
2) Адамгершілікке, отанын сүюге, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
3) Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту
Сабақтың өткізілетін мерзімі:
Керек құрал - жабдықтар: ысқырық, эстафеталық таяқша, доп, секіргіш, кедергілер, сұрақтар,
Өткізілетін орны: мектеп стадионы.

Дайындық бөлім
1. Сапқа тұрғызу Түзел! Тік тұр!
Рапорт қабылдау, сәлемдесу.
2. Саптық жаттығуларды орындау:
«Оңға», «Солға», «Артқа бұрыл» бір қатардан екі қатарға сап түзе. т. б
3. Бір қалыпты жүгіріс. Ойын алаңын екі айналып жүгіру.

Тыныс алу жаттығуларын орындау:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару
4. Ж. Д. Ж
- Б. Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 1 - 2 басын солға, 3 - 4 оңға айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол иықта 1 - 2 шынтақты алға, 3 - 4 артқа айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде қол кеуде алдынды,
Қолды жартылай және толықтай бүгіп, жазу.
- Б. Қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолды жоғары төмен сермеу.
- Б. Қ сол қол белде, оң қол жоғарыда солға, оңға иілу.
- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол белде1 - 2 белді солға қарай, 3 - 4 оңға қарай айналдыру.
- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 Б. Қ келу.
- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде қол алда
1. отырамыз,
2. Б. Қ келеміз.

Негізгі бөлім
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл қазақстандық 1 - спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО - ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л.Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, В. Савин, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А.Бадранков, т. б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27 - Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген

- Эстафеталық жүгіру түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.
- Бір біріне эстафеталық таяқша беру арқылы жүгіреді.
-«Дайын бол» пәрменін естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді.
-«Марш» пәрмені естілгенде кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады.
- Эстафеталық таяқшаны келесі ойыншыға бергенде сол қолмен беріп, оң қолмен алу
- Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын жүгіріп өткені жөн.

Эстафеталық ойындар:
- Кім жылдам сұраққа жауап беру
- Таяқшамен жүгіру.
- Допты қолмен жылжыту.
- Секіргішпен жүгіру.
- Қаппен секіру.

Қорытынды бөлімі
Сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау және бағалау.
Үйге тапсырма: 60 м жүгіру

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебі
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Боранқұлова Гүлнұр Сисенғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 185
3
18 дауыс
Оқи отырыңыз
Гимнастика. Баспен тұру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті «№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Cейтханова Индира Сейтханқызы
10 саны
10 саны
10 санының құрылымымен таныстыру және «біртаңбалы, екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Эльвира Алдасугирова
Эльвира Алдасугирова Қонақ 13 мам 2016 08:51
0
Оте керемет маган унады
Гулбакыт Бисембаева
Гулбакыт Бисембаева Қонақ 13 мам 2016 14:21
0
Өте жақсы сауатты жазылған. Сабақта балаларды шынықтыруға тигізер пайдасы зор
Есенказакова Гулим
Есенказакова Гулим Қонақ 19 мам 2016 13:12
0
Оте жаксы. Балаларга пайдалы.