Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

10 саны

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
10 саны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 санының құрылымымен таныстыру және «біртаңбалы, екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын, жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойын
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, АКТ, сұрақ - жауап, көрнекілік, коментарии
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекіліктері: сандар, сюжетті суреттер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.
- Балалалр, біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Ұлтымыз қалай аталады?
- Қазақ.
- Мейрамда біз де саяхатқа шығайық. Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.
8 +1 -------- 9 - 1 -------- 6+3 -------- 9 - 3
7+2 --------- 9 - 2 -------- 5+4 -------- 9 - 4

IV. Жаңа материалмен таныстыру
А) 10 дегеніміз қандай цифралардан тұрады? (1 және 0)
10 - екітаңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифраларынан
Ә) Суреттермен жұмыс.
Үйректерді санап, жауап береді.
10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.
9+1 =10
0 - 9=1
10 - 1=9
Б) 1 дм - де 10 см бар. 1 см жолақшаны жалғастырып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру.
В) Біртаңбалы сандар: 6, 1, 8, 9, 0.
Екітаңбалы сандар: 10, 13, 21, 63.

V. Оқулықпен жұмыс
10 санын әдемі етіп жазу. №3 - 22 бет /салыстыру/
6 * 7 ---------- 6 * 6 +1 ---------- 9 - 3 * 9 - 4
3 *4 ----------- 8* 8 - 3 ----------- 10 - 1 * 10 - 2
10 * 9 --------- 10 * 9+1

VІ. Өткен материалмен жұмыс. №2 - 84 бет

VIІ. Сергіту сәті
Тамшы болып тамайық,
Арықпен бірге ағайық.
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық.
Күн көзімен құрғайық.
Бу боп аспан төрінде
Бұлттар санын құрайық
Бұлттан жаңбыр сөгілер,
Жер әлемге төгілер.

VIIІ. Ауызша жұмыс№3 - 84 бет,
Оқулықтағы №4 дәптерге орындау
1. Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?
2. Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.
Қандай өрнек құрастыруға болады?
3. Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да, салыстыру (« >», «<») таңбаларын қоямыз. Қандай таңбаны қою керек, неліктен? Теңсіздікті оқыту.

ІХ. Сабақтың қорытындысы.
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақта не істедік?
- Қандай тапсырма қиын болды?

Х. Үйге тапсырма беру: №5 №5 тапсырма кеңістікті елестету, заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.

ХІ. Бағалау. Оқушылардың қатысымына байланысты кемшілік жетістіктерін ескере отырып бағалап мадақтаймын.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Қазан ауылы Қазан негізгі мектебінің
Бастауыш пән мұғалімі
Қайролла Мұратқабыл Мейрамбекұлы
2 759
6
99 дауыс
Оқи отырыңыз
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту;
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Пікірлер (6)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Казан
Казан Қонақ 13 наурыз 2016 22:36
0
Сабақ құрылуы жүйелі әрі түсінікті. Тапсырмалардың орналасуыда оұушылардың тапсырма орындау кезіндегі деңгейлеріне сай жоспарланған.
Алтынай
Алтынай Қонақ 13 наурыз 2016 22:40
0
Мұратқабыл, сабағыңыз өте жақсы құрылған, рахмет
Жакашева
Жакашева Қонақ 13 наурыз 2016 22:42
0
Мұратқабыл, өте керемет, маған ұнады, сізбен тәжірибе алмассақ қалай қарайсыз?
Сара
Сара Қонақ 13 наурыз 2016 22:45
0
Оте жаксы маган унады! жумысыныз жемисти болсын!
Mara
Mara Қонақ 13 наурыз 2016 22:47
0
Керемет, сабағыңыз өте керемет, маған ұнады
Аина
Аина Қонақ 13 наурыз 2016 22:52
0
Жақсы құрылған, жүйелі және түсінікті