Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру

11 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Тобы__________________
Сабақтың өтілу күні______

Сабақ тақырыбы: Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру.
МҚ кестесі параметрлерін орнату.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Псевдонимді және мәліметтер қоры кестесін құруды үйрету. Мәліметтер қорын тұрғызу принциптерімен таныстыра отырып, оларды бағдарламалауда қолдану ерекшеліктерін көрсету.
2. Дамытушылық Студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін, ақпараттық мәдениетін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік Студенттерді тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың түрі ________________________________________________________
Сабақтың типі ___ аралас сабақ _____________________________
Оқыту технологиясы _____ жобалау әдісі ___________________________________
Оқыту әдістері ___________ тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы_______
Сабақтың көрнекілігі _____ дербес компьютер; интерактивті тақта; ADO Tester тест қабықшасы
Пәнаралық байланыс _____ ағылшын тілі, математика, информатика___________

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі амандасу, оқушыларды түгендеу, кабинет тазалығын қадағалау (3мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру (10 - 15 мин)
10. 1 Графикалық файлдар форматтары. Графикалық ақпараттарды кескіндеу компоненттері тақырыбына арналған шығармашылық жұмысты интерактивті тақтада қорғау

3. Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері Мәліметтер қорын тұрғызу принциптерімен таныстыру және алиас пен МҚ кестесін құруды үйрету

4. Жаңа тақырып (материалдар толық түрде) (15мин)
Мәліметтер қоры – бұл ақпарат сақтайтын файлдар жиынтығы.
Мәліметтерді қолданатын бағдарламаның және сол мәліметтердің орналасуына, сондай - ақ бірнеше қолданушы арасында мәліметтерді бөлу әдістеріне байланысты мәліметтер қоры локальды және алыстатылған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде локальды (dBase, FoxPro, Accsess, Paradox) және алстатылған (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server) мәліметтер қорын құруға және қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламалық жүйелер көп.
Локальды мәліметтер қорының мәліметтері (мәліметтер файлы) бір (локальды) құрылғыда орналасады. Ол компьютер дискі немесе желілік диск (желіде жұмыс жасайтын басқа компьютердің дискі) болуы мүмкін.
Алыстатылған мәліметтер қорының мәліметтері (файлдары) алыстатылған компьютерде орналасады.

Мәліметтер қоры жазбалардан тұрады. Әр жазба бір объект туралы ақпаратты сақтайды. Ақпараттар әр түрлі өрістердің мәндері болып табылады. Барлық жазбалар бірдей өрістерден құралады, бірақ кейбір жазбаның небір өрісінде мән болмауы да мүмкін. Мәліметтер қорын кесте түрінде елестетсек, онда оның әрбір қатары (жолы) жазбаға, ал әрбір ұяшығы өріске сәйкес келеді. Кестенің бір бағанында орналасқан ұяшықтардың өрісі ортақ болады. Кестенің әрбір бағанына (Мәліметтер қорының өрісіне) Қайталанбайтын ат, ал әрбір қатарға жазба нөмірі беріледі.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бағдарламаны құру кезінде бағдарламашы мәліметтер қорының файлдары қайда орналасатынын білмейді. Мысалы, қолданушы мәліметтер қорын C:, D: дискілерінің біреуіне немесе желілік дискіге орналастыруы мүмкін. Сондықтан, бағдарламаға мәліметтер қорының файлдары қайда орналасқаны туралы ақпарат беру мәселесі туындайды.
Delphi - де мәліметтер қорының файлдары қайда орналасқаны туралы ақпаратты беру мәселесі мәліметтер қорының бүркеншік атын (псевдоним) қолдану арқылы шешіледі. Бүркеншік ат (Alias) – бұл мәліметтер қорының нақты, толық атына сәйкес қойылған қысқа атау. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламасы мәліметтерге қатынау үшін нақты атауын емес, бүркеншік атын қолданады.
Мәліметтерге қатынау үшін мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бағдарлама Borland Database Engine (BDE) кітапханасын қосады. Ол құрамына жүйеде тіркелген барлық алиастар туралы ақпарат кіретін конфигурациялық файлды қолданады.
Мәліметтер қорының алиасы BDE Administrator утилитасының көмегімен құрылады (тіркеледі).
Мәліметтер қорын құру
Мәліметтер қоры – ақапараттар сақтайтын файлдар (кестелер) жиынтығы. Ережеге сәйкес мәліметтер қоры бір каталогта орналасатын бірнеше кестелерден тұрады. Жаңадан құрылатын МҚ - ның каталогын қарапайым жолмен құруға болады, мысалы Жолсерік арқылы. Кестені Delphi - дің құрамына кіретін Borland Database Desktop утилитасының көмегімен құруға болады.
МҚ - ның файлдарына (кестелеріне) қатынау үшін BDE кітапханасы файлдар орналасқан каталогтың атын емес оның алиасын қолданатындықтан, жаңа МҚ - ның файлдарын құрудың алдында осы МҚ - нің алиасын құрып алу қажет.
МҚ - н құру процессін төмендегідей қадамдар тізбегі түрінде көрсетуге болады:
1. Каталог құру;
2. Алиас құру;
3. Кесте құру.
Database Desktop - бұл көп жағынан Рaradоx - ке ұқсас, әр түрлі форматтағы жергілікті(локальды) мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс істеуге арналған Delphi - мен бірге қойылатын утилит. DataBase Desktop утилитасымен құрылған файл кеңеймесі *. db
Database Desktop утилитін іске қосу үшін негізгі менюден Tools/Database Desktop командасын таңдау қажет.
Кесте құру үшін ең алдымен өзіңнің алиасыңды (яғни, өзіңнің МҚ - ның каталогының атын) анықтау қажет.
Жаңа алиас құру үшін сұқбаттық терезеде Tools/Alias Manager - ді таңдаймыз:

New (жаңа алиас құру) батырмасын басып, Database Alias өрісінде алиасыңның атын (мысалы, Gruppa) теру қажет. Жолды анықтау үшін Browse (жолды таңдап) батырмасын басып, КeepNew және ОК батырмаларын басып сақтау қажет.

Мәліметтер қоры кестесінің параметрлерін тағайындау
Жаңа кесте құру үшін менюден File / New / Table командаларын таңдаймыз,

сонда кестенің типі (Paradoх 7) көрсетілген сұқбаттық терезе пайда болады.
Кестенің типін таңдаған соң, Database Desktop әрбір формат үшін, кестенің өрісін және олардың типін анықтай алатын сұқбаттық терезені ашады.

Paradoх форматындағы кестедегі өріс аты, төмендегі ережелерге бағынатын жолдан тұрады:
1. Аты 25 символдан ұзын болмау керек;
2. Аты бос орыннан басталмауы қажет, бірақ арасында бос орындар бола алады;
3. Атында квадраттық [ ], жай ( ) немесе фигуралық { } жақшалар, (-)

сызықша), (>) үлкен символдары болмауы қажет;
4. Аты тек қана символдар болмауы қажет;
5. Аты 10 символдан ұзын болмауы қажет;
Өрістің аты таңдалғаннан кейінгі келесі қадам, өрістің типін беру. Типтердің тізімін алу үшін «Type» бағанасына өтіп, бос орын немесе тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет.

Parаdox форматтағы кесте өрісі келесідей тип бола алады:

Alphа ----------- кез келген символдары бар 1 - 255 байт ұзындықтағы жол
Number -------- мәні оң және теріс бола алатын ұзындығы 8 байт сандық өріс. Сандардың шекарасы 10 - 308 - нен 10308
$ Money ------- мәні оң және теріс болатын сандық өріс. Үнсіз ондық нүктені және ақша белгісін кескіндейді
Short ---------- тек қана - 32768 - ден 32767 - ге дейінгі бүтін сандар бола алатын ұзындығы 2 байт сандық өріс
Long Integer ----- 2147483648 - ден 2147483648 - ге дейінгі аралықта бүтін сандар бола алатын ұзындығы 4 байт сандық өріс
Date ----------- ұзындығы 4 байт күнді бейнелейтін өріс
Memo -------- ұзындығы 255 байттан артық, символдарды сақтауға арналған өріс
Logical -------- тек қана 2 мәнді - T(truе - ақиқат) немесе F(false - жалған) қабылдай алатын ұзындығы 1 байт өріс
Bytes --------- кез келген мәліметтері бар 1 - 255 байт ұзындықтағы цифрлар жолы

МҚ - ның барлық өрістерін енгізіп болған соң, кестені сақтау қажет. Ол үшін:
1. Save as.. командасын орындау;
2. МҚ атын енгізу(File Name);
3. Alias - та өзің құрған алиасты таңдау;
4. Save батырмасын басу;
қажет.
Деректерді енгізу үшін File/Open/Table командаларын, өрістерді түзету үшін Ғ9 немесе Table/Edit datа командаларын орындау қажет. 5 жазбаны енгіземіз және терезені жабамыз. МҚ дайын. Содан соң Database Desktop - ты жабамыз.
Өзіндік жұмыс: (25мин)

Келесі құрылымдағы МҚ кестесін құрыңдар және кесте параметрлерін орнатыңдар. МҚ кестесімен жұмыс істеу қосымшасын құрыңдар.
1. «Кітапхана» МҚ
1. Студент карточкасының нөмірі
2. кітап аты
3. берілген күні
4. студенттің аты, тегі, әкесінің аты
5. өткізілген күні
2. «Асхана»
1. Күн – ай мерзімі
2. Кассирдің №
3. Төленген ақысы
4. Уақыты
3. «Колледж оқытушысы»
1. Оқытушының аты - жөні, тегі, әкесінің аты
2. Қызметі
3. Сағатының саны
4. 1 сағатқа төленетін ақы
4. «Оқудың ақысы»
1. Студенттердің аты - жөні, тегі, әкесінің аты
2. Қабылданған күні
3. Төленетін ақысы
4. Кассирдің №
5. Тобының №
5.«Цех бастығының орыны»
1. Басшының аты - жөні, тегі, әкесінің аты
2. Бағынушылардың саны
3. Жұмыс тапсырудың мерзімі
4. 1 күндік жұмыс ақысы
6.«Топ туралы мәлімет»
1. Топтың №
2. Студенттер саны
3. Аты жөні, тегі, әкесінің аты
4. Мекен жайы
5. Телефоны
Өзіндік жұмысты қорғау (10 - 15мин)

5. Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)
Жаңа сабақты бекіту мақсатында, бес студентке компьютерде СБР - ді қолдана отырып, ADO Tester бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындату. Тапсырмада жаңа тақырып бойынша таңдау тесті беріледі. Таңдау тестінде берілетін тапсырмалар:
1. Қарапайым деректер қорын құруға арналған утилита?
- Delphi6/7
- BDE Administrator
+Database Desktop
2. Өріс сәйкес келеді:
+баған
- ұяшық
- жол
3. Database Desktop –
- кез келген мәліметтері бар 1 - 255 байт ұзындықтағы цифрлар жолы
+мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс істеуге арналған Delphi - мен бірге қойылатын утилит.
- ақапараттар сақтайтын файлдар
4. Жазба сәйкес келеді:
- баған
- ұяшық
+жол
5. DataBase Desktop утилитасымен құрылған файл кеңеймесі
-*. gdb
+*. db
-*. mdb
6. Жергілікті деректер қорын жасақтауга арналған бағдарламалық жүйеге қайсысы жатпайды?
- Access
+Oracle
- Paradox
7. Жаңа кесте құру үшін... командаларын таңдаймыз
+File/New/Table
- File/New/ Database Desktop
- File/Open/Table
8. Мәліметтер қоры –
- бұл көп жағынан Рaradоx - ке ұқсас, әр түрлі форматтағы жергілікті мәліметтер қорының -- кестелерімен жұмыс істеуге арналған Delphi - мен бірге қойылатын утилит.
- бұл мәліметтер қорының нақты, толық атына сәйкес қойылған қысқа атау.
+ бұл ақпарат сақтайтын файлдар жиынтығы.
9. Локальды мәліметтер қорын құруға және қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламалық жүйелер:
- Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server
+dBase, FoxPro, Accsess, Paradox
- dBase, Sysbase, Infomix, Paradox
10. Алстатылған мәліметтер қорын құруға және қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламалық жүйелер
+Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server
- dBase, FoxPro, Accsess, Paradox
- dBase, Sysbase, Infomix, Paradox

Ал қалған студенттер төмендегі сұрақтарға интерактивті тақтада жауап береді:
5. 1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
5. 2. Database Desktop утилитін іске қосу үшін қандай командаларды орындау қажет?
5. 3. МҚ - ын құру процессінің қадамдар тізбегін атаңыз.
5. 4. Алиас дегеніміз не?
5. 5. Алиас құру үшін қандай командалар орындалады?
5. 6. Жазба дегеніміз не?
5. 7. Өріс дегеніміз не?

6. Сабақты қорыту (2мин) Студенттер тақтада қысқаша Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді? деген сұрақтарға жауап береді ____________
7. Бағалау: Студенттердің сабаққа қатысуына байланысты электронды журналда бағалау(3мин)
8. Үй тапсырмасы 11. 1 Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату. (2мин)

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Баймуқанова Жаннат Баймуқанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 729
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Гимнастика. Баспен тұру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.