Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Калькулятор бағдарламасы

29 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
Калькулятор бағдарламасы (3 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолы, калькулятордың негізгі батырмалармен таныстыру. Оқушыларды калькулятор бағдарламасын пайдаланып есеп шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылармен компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік іскерлігін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, практика.
Пәнаралық байланыс: математика.
Техникалық оқыту құралдары, құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, оқулық, карточкалар.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
ІV. Сабақты бекіту.
V. Сергіту сәті.
VI. Қортындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл күйлерің қалай? Бүгін сабақта кім жоқ? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Сұрақтарға толы қорапша». Әр оқушы қораптан бір - бір сұрақтан алады да, жауап береді. (Қораптағы сұрақтар: Блокнот қандай бағдарлама? Блокнотты қосу жолы қандай? Стандартты бағадарламаға нелер жатады? Блокнотта шрифтін өзгертуге бола ма? Блокноттағы шрифт түсін өзгертуге бола ма?).

«Бағалау парақтары» таратылады.

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру:
«Ал, канеки, топтар» кезеңі.
Оқушыларды екі топқа бөліп, жаңа тақырыпты интербелсенді тақтада флипчарт арқылы баяндау, көрсету. Одан соң әр топ бір - біріне 3 сұрақтан дайындап оқиды, әр топ ұпай жинайды.

Калькулятор бағдарламасы – бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.
Калькулятор сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows - тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Калькулятордың екі түрі бар:
• Қарапайым
• Инженерлік

Іске қосу жолы:
Пуск – программы – стандартные - Калькулятор.
Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі, терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Num Lock пернесінің міндеті - сандық режимде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.
Калькулятордың функционалдық батырмалары:
“Back Space” – соңғы ендірілген санды өшіреді.
“C” – барлық ендірілген санды өшіреді.
“СЕ” – енгізілген мәнді өшіреді.
“/” – енгізілген мәнді бөледі.
“*” – ендірілген мәнді көбейтеді.
“+” – ендірілген мәнді қосады.
“-“ – ендірілген мәнді азайтады.
“=” – амал нәтижесін индикаторға шығарады.
Sqrt – квадрат түбірін табады.
% - санның пайызын табады.
1/x – индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.
Калькулятордың кейбір нәтижелері сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадқа нөлден басқа сан болса, онда индикатордың астында сол жақ терезеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа басқа мән енгізілсе, онда алдыңғы мән өшіріледі.
MR - жадтағыны өшіреді.
MC - жадтағы санды индикаторға көшіреді.
MS - индикатордағы мәнді жадқа жазады.
M+ - индикатордағы санды жадтағы санға қосады.
Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін қолданады.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек. Бұл калькулятор жайлы біз жоғарғы сыныптарда танысамыз.

IV. Сабақты бекіту:
«Кім жылдам?» практикалық тапсырмалар.
Калькулятор көмегімен есептер шығарады (бұл тапсырмада әр оқушы жеке орндайды).
1 - есеп
18358: 2=9179
876: 25=35, 04
1023*30=30690
156: 12=13
6072: 6=1012

2 - есеп
28535, 2+759, 43=29294, 63
1863 - 558=1305
331*17=5627
18358/2=9179

3 - есеп
Қаржы шығынын есептеу есебі
Жөндеу жұмысына жұмсалған әр түрлі жабдықтар бағасы белгілі.
• Бояу 15 987 теңге
• Әк 1 053 теңге
• Түсқағаз 25 413 теңге
• Құрал - саймандар 32 489 теңге
• Жұмыс ақысы 54 235 теңге
Есептеу керек:
1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржыны.
Шешімі: 1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы – 129 177 теңге.

4 - есеп
Курс $ = 150 теңге
Тауар аты ---------------------- $ бағасымен --------- Теңге бағасымен
1 Ғарышкердің киімі ------- 750
2 Шлем ------------------------- 350
3 Қолғап ----------------------- 100

V. Сергіту сәті:
Орындарынан тұрады, алдымен көз жаттығуларын жасайды: көзді қатты жұмып - ашады 3рет, бас қозғалмай оңға, солға, жоғары, төмен қарау, көзді сағат тілімен айналдыру.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

VІ. Сабақты қортындылау:
«Алма ағашы» арқылы сабақты қортындылау. Тақтаға алма ағашы ілінеді, оқушыларға 3 түрлі (қызыл, жасыл, сары) алмадан таратылады. Оқушылар сабақты жақсы түсінсе қызыл, орташа түсінсе сары, түсінбесе жасыл алмаларды аттарын жазып іледі де, қысқаша не түсінгенін, не түсініксіз болғанын айтып өтеді.

VІI. Оқушыларды бағалау: Бағалау парағы бойынша қортындылап бағаларын шығару.

VІІI. Үй тапсырмасы:
1. Есептер шығару:
28535, 2+759, 43+4029, 07=
12345. 67+987. 54=
555. 77+998. 33=
1863 - 558=
5678, 99 - 456, 73=
267689. 05 - 45678. 98=
555. 66 - 45. 99=
331*17=
57. 35*14=
315*9=
18358: 2=
2. «Калькулятор» сөзіне ребус құрастыру.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы
Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 700
0
15 дауыс
Оқи отырыңыз
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
● Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады. ● Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу. ● Шешімдері бірдей
Қосу және азайту 3+56, 30+24
Қосу және азайту 3+56, 30+24
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №6 Хромтау гимназиясының бастауыш пәні мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековна
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.