Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу

19 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдаланып есептер шығаруда теңсіздік шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазып дағдылану

Дамытушылық: Ой өрісін кеңейте отырып, өз беттерінше еңбектену белсенділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, тез ойлап дәл таба білуге тәрбиелеу

Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз
Білімге жетелейтін үш жол бар;
Еліктеу жол – ең жеңіл жол,
Ойлау жолы – ең игілікті жол
Тәжірибе жолы – ең қиын ащы жол.

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
2. Санды теңсіздіктің 1 - қасиет
3. Қандай сан аралығы интервал деп аталады?
4. Санды теңсіздіктің 4 – қасиет
5. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
6. Санды теңсіздіктің 2 - қасиет
Санды теңсіздіктің 3 - қасиеті
Қандай сан аралығы сәуле деп аталады?

ТЕСТ: сәйкес жауабын тап
1) (-; 3]
2) [- 1; 3]
3) (- 1; 3]
4) (- 1; )
5) (- 1; 3)
6) [- 4; 3 ]
Жауаптары:
а – 3
б – 5
в – 6
г – 2
д – 4
е – 1
қиылысуын және бірігуін тап
қиылысуы:-------------- бірігуі:
[0; 3]----------------------- [- 10; 6]

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
ax > b
ax 0
5x - 2 b, а >0 болса, онда х >

Анықтамалар
● Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.
● Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу.
● Шешімдері бірдей теңсіздіктер мәндес теңсіздіктер деп аталады.

Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге түрлендіріледі
● Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама - қарсы таңбамен көшірілсе;
● Теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бірдей оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе
● Теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама - қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:
▪ Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе – тең түрлендіріп, ықшамдау керек
▪ Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, белгісізі жоқ мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек.
▪ Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
▪ Теңсіздіктің екі жағын да белгісіздің коэффициентіне бөлу керек.
▪ Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан аралығында белгілеу керек.

Шығармашылық жұмыс.
Сөз жұмбақ «Қазақстан»
Математикалық 4 амалдың біреуі.
2. 5 - сынып. Математика оқулығының авторы.
3. Қосу амалына кері амал.

4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.
5. Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар?
6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?
7. Әріпті өрнектердің теңдігін не дейміз?
8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?
9. Санауға қолданатын сандар
Жауаптары:
1. Қосу
2. Алдамұратова
3. Азайту
4. Аралас
5. Қарама - қарсы
6. Бұрыс
7. Теңдеу
8. Рационал
9. Натурал сандар

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№42 жалпы білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі
Басканбаева Айман Абдолдаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 513
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеулерді шешу
квадрат теңдеулердің түбірлерін табу туралы түсініктерін толықтыру. Түбірлер мен коэффициенттер арасындағы тәуелділікті көрсету.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.