Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

19 наурыз 2016, Сенбі
Мұқағали Мақатаевқа - 85 жыл
Тақырыбы: Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

1 - Жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнерсүйер қауым! М. Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен - биікке самғаумен келген ақиық ақын М. Мақатаевты «мен өмірлі жырлау үшін келгенмін» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
1 - оқушы «Арыз жазып кетейін» Шырайлым

1 - Жүргізуші: М. Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз аулында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.
2 - оқушы: «Шыда, Шыда»

2 - Жүргізуші Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды.
3 - оқушы «Ей өлең» Арайлым

1 - Жүргізуші М. Мақатаев Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.
4 - оқушы «Фантазия»

2 - Жүргізуші: М. Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім - жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

1 - Жүргізуші: Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға – жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір – өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр» шығармаларымен жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

5 - оқушы «Барлығыда сендердікі»

2 - Жүргізуші: М. Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған.
Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали ағамыз жайлы сыр шертейік.

Көрініс: «Менің анкетам»

1 - Жүргізуші: М. Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.
Ән: «Туған жер» Аида

1 - Жүргізуші: М. Мақатаевтың өлеңдері, жыр - шумақтары ғасырдан - ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең - жырлары өлген жоқ.
6 - Оқушы «Керемет - ай» Кирилл

2 - Жүргізуші Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді.

9 - Оқушы «Сатқаны мен сатпаймын дінімді мен»

2 - Жүргізуші Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.

1 - Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.
“М” дегеніміз - Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі - Мұхамедқали
“Ұ” дегеніміз - ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали атамыз зор сеніммен аманат етті.
“Қ” дегеніміз - Қарасаз, яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы, Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
“А” дегеніміз - “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев.
“Ғ” дегеніміз - Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”. Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып, жырларын мәңгілікке қалдырған.
“А” дегеніміз - Асқар Оразақын. Асқар - ақын, зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп, 4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
“Л” дегеніміз - Лашын, Мұқағалидың өмірлік жары. Шын аты Ләсима Әзімжанова.
“И” дегеніміз - имандылық. Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.

Хор: «Есіңе мені алғайсың»
Қорытынды
1 - Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық. Әрине, ақынның мол, таусылмас мұрасын бір күнде, бір сағатта оқып білу мүмкін емес. Ақын шығармалары ұрпақтан - ұрпаққа тарап, жалғасын таба береді. Олай болса Хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Жаңа - Қанай ауылы
«Қанай орта мектебі» КММ – нің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сейтбеков Санжар Серикулы
3 673
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру. Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.