Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Түбі адам болатын бала ( Б. Соқпақбаев « Менің атым Қожа» 2 - сағат)

14 сәуір 2016, Бейсенбі
Әдебиет 6 - сынып
Тақырыбы: «Түбі адам болатын бала» ( Б. Соқпақбаев « Менің атым Қожа» 2 - сағат)
Мақсаты:
Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасу
ә ) оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар топқа бөлінеді. Кейіпкерлердің суреті арқылы топқа бөлу
1 - кезең: «Тоғыз жұмбақ»
Бұл қай сәт?
“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін, ай!” (Сабақ оқымай келгендегі сүйікті ұстазы Анфиса Михайловна орыс тілі пәнінен сабақ сұраған кезіндегі Қожаның жағдайы. )
Бұл қай сәт?
“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”( Майқанованың сөмкесіне бақа салғаннан кейінгі жағдай: ауылға мамасының келуі, Қожаның қора үстіндегі шөпке жатып ойланып барып, анасының алдына барғандағы түрі. )
Бұл қай сәт?
Қожекеңнің сол мезет қандай күйге түскенін көрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып ала қойдым да, сыр бермеуге тырыстым. Мүмкін, ол мені танымас деп ойладым.
( Оқулық алуға барғаннан кейін Майқанованың сынып жетекші болуы)
Бұл қай сәт?
“Қожекең сұр кепканы қойнына сүңгітіп жіберіп, тақыр бас қара бала болып шыға келді. Балалар ананы - мынаны сұрап, азан – қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата алдым. ” ( оқулық сатып алуға барғандағы кезі)
Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш.” ( Жантас туралы Қожаның ойы )
Бұл кім?
“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр.” Сәйбек қарт
Бұл кім?
“ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.” Ахметов еді
Бұл кім?
“Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім.” (Қожа)
Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды:...” Жаңа класс жетекшісі Майқанова болатын.

III. Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту
2 - кезең «Жасырынған бейне»
1. Б. Соқпақбаевтің өмір сүрген жылдары
2. Қожаның анасының есімі
3. Б. Соқпақбаевтің туған жері
4. Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі?
5. Қожаның ұстаздары
6. «Мінез - құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды» деген пікірдің иесі
1) Мынау кім?
2) Қай сәт бейнеленген?
3) Майқанова Қожаға қандай баға берді?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бақа оқиғасынан кейін анасын педкеңеске шақырып алады. Тыста күткен Қожа Сәйбек қартпен әңгімелесіп, Сәйбек қарт әкесінің азамат адам болғанын айтады. Қожа енді тентектік жасамаймын деп уәде береді. Сәбира Майқанованың «Түбі адам болатын бала» деп баға бергені Қожаға ерекше әсер етіп, өзі құпия кеңес жасайды.

Мәтінмен жұмыс
3 – кезең. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, рөлге енеді.
«Шеберлік шыңы»
1 - топ
Сәйбек қарт: - Бұл кім?
Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?
Қожа: - Педсоветке келдім.
Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?
Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
Қожа: - Директор етеміз дейді.
Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.
2 - топ:
Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?
Қожа: - Білемін
Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз?
Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?
Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.
3 - топ
Анасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін.
Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.
Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ.

V. Жаңа сабақты бекіту
« Менің атым Қожа» кинофильміне шолу ( «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.)
Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүз жылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.

4 – кезең «Кино майталмандары»
Шеңберлерді таңдау арқылы кейіпкерлер туралы әңгімелейді.
( Кейіпкерлер: Жанар, Сұлтан, Дәулет, Сәбира Майқанова)

5 - кезең
Бес жолды өлең
Кім? ( зат есім) 1сөз
Қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз
Сөйлем (кім туралы) 4сөз
Синоним 1 сөз
“Теріп алу” әдісі арқылы кейіпкерлерге мінездеме береді.
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, - арамза, жағымпаз.

6 - кезең:
Үнсіз бейнеле. Оқушылар мәтін бойынша Қожаның қимылын көрсетеді.
1. “ Омырауымды сипалап таппаған галстугым, сөйтсем, иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім. Балалар дүр етіп түрегелді. Маған емес, әрине, артымда келе жатқан оқытушыға құрмет көрсеткендері ғой. Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім”
2. “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3. “Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен – ақ шығара ма?”

7 - кезең Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет – ретімен қою)
1. Менің атым...
2. Жолдама алған Жантас
3. Бір сәтті кез
4. Бақа әлегі
5. Педсовет

(Майқанова, Миллат шешесі, Оспанов, Ахметов, Жантас, Қожа)
Кейіпкердің сөзі
Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі.
Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?
Қадыров түбінде адам болатын бала
Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ
Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?
Мынау, біздің мектептің ақыны, болашақ Сәбит Мұқановымыз

IV. Үйге тапсырма
1) “ Менің атым Қожа” фильмінің бұрынғы және қазіргі жаңа нұсқасын ( Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін) негізге ала отырып, өздерің соларға ұқсас фильмнің сценарийін құрастырыңдар.
2) “Менің қиялымдағы Қожа...” қандай болу керек? эссе жазып келу
Y. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірболатова Гүлзира Тайырқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 588
0
14 дауыс
Оқи отырыңыз
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау. Өтілген материалдар бойынша оқушының білімдерін пысықтау, ой - өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш пәні мұғалімі Гайсина Дамели Бактыгалиевна
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігі
БҚО, Ақжайық ауданы, Алғабас орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мусагалиева Райля Қуанышқызы
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Әңгіменің идеясын таниды, жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат алады.
Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
- Оқушылар, біз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқып шықтық. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.