Александр Сергейұлы Пушкин ертегілері
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Александр Сергейұлы Пушкин ертегілері
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға А. С. Пушкин ертегілері туралы түсінік беру. Оқушылардың кітапқа, әдебиетке қызығушылығын ояту, олардың таным көкжиегін кеңейту.
Тәрбиелік. Оқушыларды қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, қанағатшыл, уәдеге берік, адал да әділетті болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірін дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа баулу
Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, «Алақан», «Бағдаршам».
Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, суреттер, кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
1. Сәлемдесу;
2. Сыныпты түгендеу;
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
4. «Алақан» жаттығуы
Өткен сабақты еске түсіру (5 мин)
Сен Пушкинді қаншалықты білесің?
Пушкин қай жылы өмірге келді? (1799, Москва)
Пушкиннің әкесінің есімі кім? (Сергей Пушкин)
Ақынның әжесінің есімі кім? (Мария Алексейқызы)
Пушкиннің күтушісінің есімі кім?(Арина Радионқызы)
Пушкиннің отбасында қай тілде сөйлескен? (Француз, анасы Надежда Осипқызы француз тілін еркін меңгерген)
Пушкин қай кезден өлең жаза бастады? (Сегіз жасынан делінеді, алайда өзі он үш жасынан дейді)
Пушкинге орысша жазуды кім үйретті? (Әжесі Мария Алексейқызы)
Пушкинге кім ертегілер оқып берді? (Никита ағасы мен күтушісі Арина Радионқызы)
Пушкиннің сүйікті жыл мезгілі? (Күз)
Пушкиннің кітапханасында қанша кітап болған? (3560)
Пушкин қай жылы өмірден өтті? (1837, Санкт - Петербург)
Жаңа сабақты түсіндіру (5 мин)
Ертегі дегеніміз не? (Қиял – ғажайыптан туған халық ауыз әдебиетінің бір түрі).
Қандай халықтық ертегілерді білесіңдер? (Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Күн астындағы Күнікей қыз және т. б.)
Әдеби ертегі дегеніміз не? (Авторы белгілі ертегі).
Халықтық және әдеби ертегілердің ұқсастығы неде? (Таңғажайып оқиғалардың орын алуында, кейіпкерлердің түрлі шытырман оқиғаларды бастан өткеруінде, жауыздықпен алысу, кедергілерге қарсы тұру, жамандықты жақсылықтың жеңуі).
Жаңа сабақта түсінгенін тексеру (8 мин)
(Оқушыларға алдын – ала әзірлік ретінде ертегі мазмұнымен танысып келу тапсырылған.)
Оқушылар, мен ертегі кейіпкерлерін атаймын. Сендер сол арқылы менің қай ертегіні жұмбақтап отырғанымды табасыңдар.
Көк теңіз, шал мен кемпір, балық, астау (Балықшы мен балық)
Оқушылар, мен ертегі бөлімдері бойынша суреттер көрсетемін, сендер сол арқылы ертегінің мазмұнын айтып бересіңдер. Бұл ертегіні бірінші атаған себебім, ертегі 1833 жылы, «Алтын әтеш» ертегісінен бұрын жазылған. «Алтын әтеш» ертегісі 1834 жылы жазылған.
«Балықшы мен балық» ертегісі бойынша сұрақтар:
Көк теңізде кемпір шал қанша жыл тұрған еді? (33)
Шал қандай балық аулады? (Алтын)
Алтын балық қарт қармағын нешінші рет салған кезде түсті? (3)
Алтын балық шалға қандай өтініш айтты? (Теңізге жіберуді)
Ертегіде кемпірдің кім болғысы келді? (Ақсүйек, патшайым, теңіз билеушісі)
Ақсүйек кемпір шалын қай жерге жұмысқа жіберді (Ат қораға, жылқы бағуға)
Шалдың теңізге әр барғандағы теңіздің өзгерісін ертегіден тауып оқы
Неліктен теңіз беті өзгеріп отырды? (адам баласы секілді алтын балық та өз қарсылығын, ашуын теңіз бетіндегі толқындар арқылы көрсетті)
Кемпір не үшін жазасын алды? (Тойымсыздығы, қанағатсыздығы, байлыққа құмарлығы)
Ертегідегі балықтың ерекшелігі неде? (Алтын болғандығында, адамның тілінде сөйлеуінде, армандарды орындауында).
Патша, данышпан, әтеш, ханшайым (Алтын әтеш туралы ертегі)
«Алтын әтеш» ертегісі бойынша сұрақтар:
Ертегінің басты кейіпкерлерін атаңдар? (Дадан патша мен әтеш)
Ертегінің оқиғасы қай жерде өрбиді? (Нақты оқиға орны жоқ. Себебі, бұл оқиға кез келген елде, кез келген адамның басында болуы мүмкін оқиға.
Беріде емес, әріде
Пәлен жұрттың жерінде).
Дадан патшаға Алтын әтеш не үшін қажет болды? (Елін жаудан қорғау үшін).
Ертегіде данышпан неліктен әтеш сыйлады? (Әтеш орыс халқында сәттіліктің, бақыттың, байлықтың, ақылдың белгісі).
Данышпанға Дадан патша Алтын әтештің ақысына не бермек болды? (Қалаған нәрсесін.
Риза болып, айтар хан:
"Бұйым алтын, күміс пе?
Басқа мүдде, жұмыс па?
Тауалыңды қайтарман.
Сенен немді аярмын!
Қашан болса, даярмын
Не сұрасаң беруге -
Не десең де еткізіп,
Не мүддеңе жеткізіп,
Өз көңілімдей көруге").
Алтын әтештің міндетіне не? (Жау келе жатқанын хабарлау, патшалықты қарауылдау).
Әтеш сырық басына орнатылғалы елде неше жыл тыныштық орнады?
(Жау тыйылды, басылды.
Бір жыл өтті, екі жыл,
Тапты рақат жұрт дамыл,
Әтеш отыр жай, тыныш).
Ертегіде Шамахан ханшайымы неге теңеледі? (Күнге.
Нұры күндей шашылып,
Шамаһанды билеген,
Нөкері жоқ, жап - жалғыз
Шыға келіп патша қыз).
Ханшайымды әкелгенде халық оларды қалай қарсы алды?
(Таянғанда қалаға,
Дулап, шулап далаға,
Хан алдынан ел шықты).
Данышпан алтын әтештің ақысына Дадан патшадан не сұрады?
(Шал айтады: "Хан Дадан!
Бар - ды айтқан уағдаң
Тілегімді беруге
- Не десем де еткізіп,
Ризалыққа жеткізіп,
Өз көңіліңдей көруге.
Ақы алатын күн жетті,
Мойныңдағы міндетті
- Өте бүгін қарызды.
Сүйсең көңілім тынуын,
Бер Шамаһан сұлуын!).
Дадан патша қалай қаза болды?
(Сырығынан түсіп кеп,
Алтын әтеш ұшып кеп,
Хан басына қонады.
Тұмсығымен қақты да,
Ханның миын шақты да,
Әтеш кетті аспанға.
Арбасынан хан ұшты,
Кеудесінен жан ұшты).
Дадан патша не үшін жазасын алды? (Уәдесінде тұрмағандықтан, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермегендіктен)
Нағыз патша қандай болуы керек? (Оқушылар пікірі тыңдалады).
Сергіту сәті (3 мин)
Пушкиннің өзіміз оқыған кейіпкерлерін атағанда қол соғамыз. Өзге ертегі кейіпкерлері аталғанда аяғымызбен еденді тақылдатамыз.
Алтын әтеш ------------ Құбыжық
Ақшақар ---------------- Күлше қыз
Жеті ергежейлі ------- Шал
Алтын балық ---------- Эльза ханшайым
Кемпір ------------------- Шамахан ханшайымы
Данышпан -------------- Дадан патша
Карточкамен жұмыс (5 мин)
1. Әр ертегі кейіпкерін өз ертегісіне сәйкестендір
Алтын балық
Дадан патша «Алтын әтеш» туралы ертегі
Алтын әтеш
Шал
Кемпір «Балықшы мен балық» ертегісі
Шамахан ханшайымы
2. «Балықшы мен балық» ертегісіндегі артық кейіпкерлердің астын сыз
Шал, кемпір, алтын әтеш, Дадан патша, алтын балық, Ұйқыдағы ару.
3. «Алтын әтеш» туралы ертегідегі артық кейіпкерлердің астын сыз
Дадан патша, Балда, Салтан патша, Шамахан ханшайымы, данышпан, алтын әтеш.
4. Пушкин ертегілерінде кездесетін қасиеттердің антонимін жаз
Жақсылық - Жамандық
Еңбекқор - Еріншек
Адал - Арам
Жауапкершілік - Жауапсыздық
Батыл - Жасық
Достық - Қастық
Ақылды - Ақымақ
5. «Балықшы мен балық» ертегісінде кездеспейтін бұйымдардың астын сыз
Ау, жіп, ожау, құмыра, астау, сағат, жүзік, білезік, шәйнек, айбалта
«Балықшы мен балық» ертегісіндегі әр кейіпкердің сөзін кейіпкерге сәйкестендір
Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал,
Бар болса не қажетің менен алып! Кемпір
Балықтан барыпсың да үй алыпсың,
Ақымақ, миың ашып, кеткен шіріп.
Ізіңмен, үйге кірмей, қайт балыққа!
Қадірсіз мұжық деген ат халыққа. Шал
Кемпірім ұрсып, әбден мазам кетіп,
Жаңа астау сұрайын деп келдім, тақсыр! Балық
«Алтын әтеш» туралы ертегідегі әр кейіпкердің сөзін кейіпкерге сәйкестендір
Мынау алтын әтешім!
Қондыр сырық басына,
Қой сарайың қасына,
Болар мықты күзетшің Дадан патша
Кіри - ку - ку, жат, ханым!
Жатып жұртты бақ, ханым! Данышпан
Екі азамат сұлтаным!
Екі лашын - сұңқарым!
Ауға түскен, алданған.
Маған күйік! Маған дерт!
Маған өлім! Маған мерт! Алтын әтеш
Кейіпкерлерге мінездеме беру (5 мин)
(Тақтада ілінген кейіпкерлер суретінің астына сәйкес келетін жазылып, дайын тұрған кейіпкер мінездерін жапсыру).
Кемпір мейірімсіз, тойымсыз, қанағатсыз, рахымсыз, қызғаншақ, дөрекі, байлыққұмар.
Шал жуас, мейірімді, жасық, батыл емес.
Балық мейірімді, әділетті.
Дадан уәдеге берік емес, қатыгез, ызақор, қызғаншақ, дөрекі.
Қорытынды (3 мин).
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға мен де арнайы алтын балықты шақырдым. Біздің алтын балығымыз да ерекше алтын балық, ол да арман - тілектерді орындайды. Қазір мен әрқайсысыңа алтын балықтарыңды үлестіремін. Алтын балықтың артына тілектеріңді жазып, теңіз бетіне жапсырасыңдар.
Бағалау (3 мин).
Үйге тапсырма. (2 мин).
Балалар, А. С. Пушкин ертегілерінің ерекшелігі өлеңмен жазылғандығында. Өлеңмен ертегі құрау оңай емес. Себебі, өлең жолдары ұйқасуы керек. Сондықтан да сендер үйден асықпай өлеңмен ертегі құрастырып келіңдер.
Рефлексия, «Бағдаршам» (3 мин).
Қызыл түс – мен өте жақсы жұмыс жасадым. Өзіме сеніп, бойымдағы күшімді қолдана білдім.
Сары түс – менің жұмыс жасағым келді, бірақ бүгін менің күнім емес.
Жасыл түс – мен жақсы жұмыс жасадым, бірақ бойымда қорқыныш болып, өзіме сенбедім.
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылы
Жалаулы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бектурған Айнур Бақытжанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Пушкин ертегілері қазақ әдебиеті ашық сабақ әдеби ертегілер тойымсыздық қанағатсыздық байлыққа құмарлық алтын балық
Оқи отырыңыз
А. С. Пушкин Стихотворение. Уж небо осенью дышало…
расширить знания учащихся по творчеству А. С. Пушкина, ознакомить со стихотворением «Осень»;
Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысқалиева Ақжонас Сағынғалиқызы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.