Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жас математик

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Жас математик атты интеллектуалды ойын.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға ана тілінде еркін, таза математикалық тілде көркем сөйлеуге, жылдам ойын қорытып жауап беруге жаттықтыру, логикалық математикалық тілді дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Жоспары
І бөлім. «Ой қозғау»
ІІ бөлім. «Ғажайып үштік»
ІІІ бөлім. «Сырлы сандар әлемі»
IV бөлім. «Ойымды жалғастыр».
V бөлім. «Қазақтың ұлы тұлғалары».
VI бөлім. «Криптограмма».

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, өнер - білім сүйгіш оқушылар. Бүгінгі біздің 5 - 7 сыныптар арасындағы " Жас математик " атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика – құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!

Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – оқушылар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін оқушы бал алады.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отыра, қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
5 сынып оқушылары – Мукашев Диас, Сардинешев Асқар.
6 сынып оқушылары – Иманғазы Алуа, Итыбаева Дана.
7 сынып оқушылары – Қайрден Құмар, Махамбет Дәния, Хайрудинова Замира, Қайкен Бибігүл.

Мұғалім: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1 бөлім. Ой қозғау
1) Координаталық сәуледегі сан. (координата)
2) 1 - ге көбейтілген сан... (сол санның өзі)
3) Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туған пілдің баласы неше кг? ( 125 кг)
4) Жарты түзу. (Сәуле)
5) Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі. (км, м, см, дм)
6) Ең кіші жай сан. (2)
7) Киелі сан. (7)
8) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
9) Бүтін және бөлшек бөлігінен тұратын сан. (аралас сан)
10) Бөлшек сызығының астыңдағы сан. (бөлімі)
11) Кесіндіні өлшейтін құрал. (сызғыш)
12) Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
13) 6 нөлі бар ондық сан. (1000000)
14) 100 - ің ½- і. (50)
15) Нөлге көбейтілген сан... (0)
16) Квадраттың ауданының формуласы. (S=а2)
17) 9 нөлі бар ондық сан. (млрд)
18) Ең кіші натурал сан. (1)
19) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
20) Кит 250000 кг. Ол неше тонна / 250 тонна
21) "Алгебра" сөзі қандай сөзден шыққан? / Әл жебр деген араб сөзі/
22) Бөлшек сызығының үстіндегі сан. (алымы)
23) Екі бөлгіші бар сан қалай аталады? (жай сан)
24) Жай да, құрама да сан емес. (1)
25) Түзулер екі нүктемен шектелген бөлігін не деп атайды? (кесінді).
26) Массаның төрт өлшем бірлігі. (кг, г, т, ц)
27) Спутник жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ 43 мин).
28) 300 - дің 1/3 - і. (100)
29) Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр? /2м 8 дм 8 см/

2 - бөлім - Ғажайып үштік. Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
Логикалық есептер 30 40 50
Математикалық есептер 30 40 50
Формулалар 30 40 50

Логикалық есептер - 30ұпай
1. Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады?(2)

Логикалық есептер - 40ұпай
1. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8 - де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? (9)

Логикалық есептер - 50ұпай
Анар өзінің моншағының оң жақ бөлігіне қандай төрт моншақ қосады? (2)

Математикалық есептер - 30 ұпай
1. Теңдеуді шешіңдер:
64 + у = 12 ∙ 8
жауабы: 32

Математикалық есептер - 40 ұпай
Есептеңдер
81∙ (2423 - 1879): 36
жауабы: 1224

Математикалық есептер - 50 ұпай
Тік төртбұрыштың ұзындығы
8 м, ені одан 2 есе кем. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.
Жауабы: 32

Формулалар - 30
Р = 2 (а + в) Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы.

Формулалар - 40
V = а3
Жауабы: Тікбұрышты параллелелепипедтің көлемі.

Формулалар - 50
С = аn
Жауабы: Заттың құны.

ІІІ бөлім. « Сырлы сандар әлемі»
11111=100 ---------------- (111 - 11=100)
5555555=100 ------------- (555: 5)-(55: 5)=100
33333=100 ---------------- (33•3)-(33: 3)=100
777777=100 ----------------(777: 77): 7=100

IV бөлім «Ойымды жалғастыр».
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
4. Досыңды үш күн сынам, үш жыл сына
5. Бір елі ауызға екі елі қақпақ
6. Жүз сомын болғанша, жүз досың болсын
7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды
8. Білгенің бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз.
9. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

V бөлім. « Қазақтың ұлы тұлғалары».
1- сұрақ. Қазақ мектебі үшін дайындалған математика оқу құралдарының көшін бастаушы «Есеп құралы» атты оқулықтың авторы кім?
Жауабы: Міржақып Дулатұлы.

2 -сұрақ. Аса көрнекті геолог ғалым, қоғам қайраткері, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы?
Жауабы: Қаныш Сәтпаев.

3 -сұрақ. Мына сөздердің авторы кім?
„ Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та бір ғана оқудың арқасы. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу “
Жауабы - Міржақып Дулатұлы.

4 сұрақ. Табиғи тума талант иесі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор - математик, академик кім?
Жауабы: Орынбек Жәутіков

5 сұрақ. Мына сөздердің авторы кім?
«Математика – ой, ақыл шегін кеңейтеді»
Жауабы: Орынбек Жәутіков
Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

VI бөлім. «Криптограмма».
Н Ш Е Е Ң Д
Ү К Ң Т Ө Е
Р Т Б Е Р У
А Е Ұ Ш Т Б
Д И Р Ы М Е
С У А Л О С
А Н Т У Д А
Жауабы: Нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алу, алым, сан, теңдеу, бес.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет
Қорытындылау. Әділқазылар алқасы және санақ (ұпай) комиссиясы қай команданың жеңгенін анықтайды. Жеңімпаз топ мүшелері сыйлықтармен марапатталады.

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәні мұғалімі
Абылгазинова Айымгүл Сайлауқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 133
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Студенттердің шетел тілі пәні бойынша білім деңгейін анықтау, танымдық қабілетін, білім - білік дағдысын, эстетикалық - өнегелік ортасын қалыптастыру, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.