Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару

12 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты 1. Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, формулаларын білу.
2. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдікті пайдаланып есептер шығару бейімділіктерін қалыптастыру.
3. Оқушыларды кәсіпкерлікке, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қима қағаздар, сурет қималары, тірек сызбалар.
Сабақтың әдісі: Сабақ - жәрмеңке.

Сабақтың жүрісі: 1. «Көкпар» - ауызша сұрақтар.
2. «Жеміс - жидек» жәрмеңкесі – есптер шығару.
3. «Көне бұйымдар» жәрмеңкесі – оқулықпен жұмыс.
4. «Аукцион» - үш машина аукционға түседі.

1. Ұйымдастыру.
2. Бірінші саты: «Көкпар».
1. Синустың анықтамасы? sin30 ⁰=?
2. Косинустың анықтамасы? sin ²a + cos ²a =?
3. Тангенстің анықтамасы? tgx=1, x=?
4. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдікті айтыңыз. tg60 ⁰=?
5. 30 ⁰ – тық бұрышқа қарсы жатқан катет неге тең? cos45 ⁰=?

Оқушылардың берген жауаптарына байланысты олардың әрқайсысына «чек» беріледі. Осы «чекпен» банктен қаражат алып, келесі сатыға өтеді.

«Банк». 1. Екі бас, екі қол, алты аяқ. Бірақ жүретін де, жүгіретін де тек төртеуі. Бұл не?
3. Медеуге бара жатырған Бауыржанның алдынан үш адам кездесті. Олардың әрқайсысының қасына ерткен бір - бірден баласы бар. Медеуге барлығы неше адам барды?
3. Екінші саты. «Жеміс - жидек» жәрмеңкесі.
Бұл сатыда оқушылар жинаған қорына сәйкес жеміс сатып алады. Әр жемістің артына оқулықтағы есептер номері көрсетілген. Сәйкес келген есепті тақтаға шығарады.

«Банк». 1. Бір мерекеде менің досым: «Осыдан екі күн бұрын менің жасым 40 - та тын, ал келесі жылы 43 - ке толамын»,- деді. Бұл мүмкін бе?
2. Аня мен Таняның салмағы 40 кг, Таня мен Маняның салмағы 50 кг, Маня мен Ваняның салмағы 90 кг, Ваня мен Даняның салмағы 100 кг, Даня мен Аняның салмағы 60 кг. Аняның салмағын тап.
3. Үш жолдас әңгімелесті. Олар: Ақбасов, Сарбасов, Қоңырбасов. Қоңырбасов Ақбасовқа: «Міне қызық, біздердің фамилияларымыз ешқайсымыздың шаштарымыздың түстеріне сәйкес емес»,- деді. Олардың әрқайсысының шаштары қандай түсті болуы мүмкін?

4. Үшінші саты: Көне бұйымдар жәрмеңкесі.
1. Қабырғалары 1, 2, √3 болатын тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын анықта.

«Банк». 1. Азамат, Болат және Берік бір класта оқиды. Біреуі мектептен үйіне автобуспен, екіншісі троллейбуспен, үшіншісі трамваймен барады. Бірде Азамат сабақтан соң досын автобус аялдамасына дейін шығарып салады. Олардың тұсынан троллейбус өтіп бара жатырғанда, үшінші досы автобусқа: «Болат сен дәптеріңді мектепте қалдырдың!» деп айқайлайды. Кім үйіне немен барады?

2. Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында үш мысықтан, әр мысықтың құйрығында бір мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы қанша мысық отыр?

5. Төртінші саты: «Аукцион».
Бұл сайыста оқушылар өздерінің жинаған барлық қорларын есептеп, аукционға түседі. Аукционда үш машина бар.
1. Жеңіл машина: Тікбұрышты үшбұрыштың екі катеті берілген. Оның бұрыштарын тап.
a= 261, b=380.
2. Автобус: Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті мен гипотенузасы берілген. Оның бұрыштарын тап. c=64, 6; b=12, 6.
3. Трамвай: Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті мен гипотенузасы берілген. Оның бұрыштарын тап. c=67, a=45.

6. Сабақты қорытындылау.
Әр топ өздерінің қолдарындағы барлық қаржыны есептеп, түскен пайданың жалпы сомасын айтады. Әр топтағы сабаққа қатысып отырған оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай ауылы.
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәнінің мұғалімі:
Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 653
0
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.