Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу
Сабақ мақсаты:
- білімділік: студенттерге еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу туралы түсіндіру
- тәрбиелік: студенттерді әдепті, мәдениетті, жан - жақты болуға тәрбиелеу.
- дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, ізденімпаздығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақ түрі: дағды мен іскерлікті қалыптастыру сабағы
Оқыту әдісі: Коммуникативтік, ұжымдық әдіс
Сабақта өткізілетін өзіндік жұмыстардың түрлері: Парақша мен жұмыс
Техникалық оқыту құралдары және көрнекіліктер: «Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есептеу» тақырыбына презентация, есептер, кроссворд
Пәнаралық байланыс: «Экономика негіздері», «Менеджмент, маркетинг және мұнай бизнесін ұйымдастыру»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Бекіту
V. Дағдыландыру жұмыстары
VІ. Сабақты қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин.)
а) Оқушыларды тексеру
ә) сабаққа назарын аудару
Жаңа тақырыпты түсіндіру: (20 мин.)
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім - шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады

Еңбек ақы екіге бөлінеді:
• негізгі;
• қосымша;

Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызмет ақы бойынша есептелетін еңбек ақы. Негізгі еңбек ақының құрамына мыналар кіреді:
• жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызмет ақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;
• қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
• жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
• кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
• ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
• мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
• түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
• жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбек ақының құрамына кіретіндер:
• балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
• жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
• мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
• негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
• пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
• шыққанда берілетін жәрдем ақы;
Қызметкерлер еңбек ақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша еңбек ақылар еңбек ақы қорын құрайды. Еңбек ақы қорының құрамына еңбек ақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жосарымен (болжамымен) белгіленген, еңбек ақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбек ақының сомасы кәсіпорындағы еңбек ақының есептік қоры деп аталады.
Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар:
1 - нысаны – мерзімдік;
2 - нысаны - кесімді;
Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;
2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;
Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
• Сағаттық;
• Күндік ақы;
• Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады. Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді - сыйақылық жүйе;
3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
4. Жанама – кесімді жүйе;
5. Аккорддық жүйе;

Үй тапсырмасын тексеру: (20 мин.)
1 - есеп: қызмет ақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген.
Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 11300/26 =434, 62 теңге. Менеджердің жалақысы 434, 62*20=8692, 4 теңге құрайды.

2 - есеп, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарларға тарифтік ставкасының 20% - ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді.
Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100 %, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы - 3%.
1. Мерзімдік еңбек ақы: 180*100=18000 теңгеге тең.
2. Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % - ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%.
3. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% - 3% = 2%,
4. Сыйақының % - тік мөлшері 4%*2%=8%,
5. Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге,
6. ай ішіндегі еңбек ақы 18000+1440 = 19440 теңге.

3 - есеп. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы 180 сағат жұмыс істеп есепті айда 1200 теңге сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерінде есептелінеді. Тарифтік ставка 100 (сағатпен):
1. Мерзімдік еңбек ақының сомасы 180*100 = 18000 теңге.
2. Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы 1200*35% = 42000 теңге.
3. Айдағы еңбек ақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.

4 - есеп. Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерінде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.
1. Тарифтік еңбек ақы: 160*100 = 16000 теңге.
2. Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.
3. Еңбек ақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

5 - есеп. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250, 56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Еңбек ақысы 30*205, 56=7516, 8 жеңге.

6 - есеп. Құрамында 3 - ші, 5 - ші, 6 - ші разрядты 3 адам бар кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8 - 40, 40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (6 - разряд), Ким 60 сағат жұмыс істеген (5 - разряд), Петтов – 70 сағат жұмыс істеген (3 - разряд).
1. Бригаданың еңбек ақысы 8040, 40*2машина = 16080, 80 теңге.
2. Тариф бойынша еңбек ақы:
Ахметов 80*100=8000 теңге
Ким 60*80=4800 теңге
Петров 70*56= 3920 теңге.
3. Нақты еңбек ақыны бөлу коэффиценті
16080, 8 /(8000+4800+3920) =096
4. Айлық еңбек ақы:
Ахметов 8000*0, 96=7680 теңге
Ким 4800*0, 96=4608 теңге
Петров 3920*0, 96=3000 теңге
Жиыны: 16080, 80 теңге.

Сабақты қорытындылау: (30 мин.)
1. Сөзжұмбақ шешу (1 - қосымша)
№2 Есеп
Есептің мақсаты - жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы есептеу тәртібін меңгеру.
Тапсырма
Төмендегі берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы сомасын есептеңіз.
Берілгені
III разрядты электр жөндеуші Оспанов Қ. Қ., табельдік нөмірі 1012, ағымдық айда 17 жұмыс күнін нақты өтеді (ағымдық айда 23 күн бар). Бір айлық тарифтік ставка – 25760 теңге.
№3 Есеп
Есептің мақсаты жұмысшыға кесімді үдемелі жүйе бойынша еңбек ақы есептеуді меңгеру.
Тапсырма
Берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға кесімді еңбек ақы есептеңіз. Есеп шешуін келесі кестеде орындаңыз.
Кесте: Еңбек ақыны кесімді - үдемелі жүйе бойынша есептеу

Берілгені
Жұмысшы осы айда 18 күн жұмыс істеп, 280 бөлшек жасап шығарды. Жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат. Бір бөлшекті шығаруға бекітілген уақыт нормасы - 40 мин, кесімді баға - 150 тг. Өнім бекітілген нормадан 10% ға артық шығарылса, белгіленген кесімді баға 15%- ға көбейеді. Егер норма 10%- дан артық орындалса, онда кесімді баға 25%- ға өсіріледі.

Үйге тапсырма беру: (5 мин.)
1. Еңбек ақы түрлерін атаңыз?
2. Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің нысандарын атаңыз?
3. Жай мерзімдік еңбек ақыны сипаттаңыз?
4. Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақыға түсінік беріңіз?
5. Кесімді еңбек ақыны сипаттаңыз?
Бағалау: (5 мин.)

Атырау қаласы,
Саламат Мұқашев атындағы
Атырау политехникалық колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Исмагулова Назгүл Куткожаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 609
0
14 дауыс
Оқи отырыңыз
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспазшы т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.