Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сызықтық функция және оның графигі

16 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Сызықтық функция және оның графигі»
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категориясы: Жоғарғы сынып
6 сынып
Сабақ тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Жалпы мақсаттар: Оқушыларды сызықтың функцияның графигі бойынша формуласын жазып, графигін салуды үйрету. Өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту.
Сілтемелер: Күнтізбелік жоспар, 6 - сынып математика
Түйінді идеялар: Сызықтық функция - түзу сызық графигі
Оқыту нәтижелері: - сызықтық функция анықтамасын біледі
- графигін сала алады.
- график бойынша формула жаза алады
- коэффициентін анықтайды, таба алады.
Көрнекіліктер слайд «Сызықтық функция және оның графигі», сызғыштар, үлестірме материалдар атын жазу
Дереккөздер: Электронды оқулық - 6 сынып, оқулық Математика - 6 номер
Әдіс - тәсілдер: Жекелей, жұптық, топтық, «Сұхбаттасатын жұп», «Ой қозғау», « Постер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Конверттік есеп», «РАФТ», «Серпілген сұрақтар»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ұйымдастыру (2 мин)
- Оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу
- кезекшілік қызметін қадағалау;
Сыныпта жағымды ахуал туғызу.
Шаттық шеңбері.
Сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)
«Сұхбаттасатын жұп» бойынша үй тапсырмалары тексеріледі.
Жаңа сабаққа даярлық (5 - мин)
«Ой қозғау»
Жаңа сабаққа дайындық есебін ұсынамын.

Жаңа сабақ (10 мин)
Бүгінгі сабақта нені білетін боламыз?
Сабаққа мақсат қою.
1 - топ. Координаталық жазықтық ұғымы.
Функция дегеніміз не?
2 - топ Функцияның графигі деген не?
Функцияның графигі қандай түрде беріледі?

«Ойлан, жұптас, талқыла»
Топта бір - бірімен өзара жаңа сабақты талқылауды ұйымдастырады. Сұрақтар қойғызу

Жаңа сабақты бекіту (15 мин)
1) «Конверттік есеп» таратылады. №1329, 1330, 1331 тапсырмалар орындау

2) «РАФТ» әдісін пайдаланып, оқушыларға сызықтық функция тақырыбына шығармашылық есептер құрастыру. /Топ бойынша құрастыру./
№1 Өскемен қаласынан шыққан автобус

Қорытындылау (5 мин)
«Серпілген сұрақтар» әдісі бойынша сызықтық функция тақырыбын қорытындылау.
Үй тапсырмасы (2 мин)
28 - тақырып. №1319

Бағалау (1 мин)
Топтар бір - бірлерінің жұмыстарын бағдаршам, смайликтер арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Мұғалім бағалайды. (Жиынтық баға)
Рефлексия (1 мин)
«Блоп ағашы» арқылы кері байланыс

Кері байланыс Эдуард Де Бононың «Плюс, минус, қызықты» кестесін оқушылар өз ойларын жазады.

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Шорға ауылы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Қаймолдина Динара Қажымұратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 595
1
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Туынды тарауын қайталау
Туынды тарауын қайталау
Оқушылардың туындыны есептеу ережелері, күрделі, тригонометриялы функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
«Функция» сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. «Функция» терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
● Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады. ● Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу. ● Шешімдері бірдей
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дильназ
Дильназ Қонақ 3 наурыз 2017 19:45
0
Мыны есепти шыгара алмадым комек керек 99 бет 6класс 2-болим №1168,1169,1170 recourse