Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мұхит салған әуезді ән

11 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Мұхит салған әуезді ән
Сабақтың мақсаты: Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласының көркемдік рухының көк жиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік өнерге жетелеу. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру арқылы аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білімділігі: Домбырамен ән айту - үлкен рухани, адамгершілік мектебі, баға жетпес өмір оқулығы. Жәнеде композиторлардың шығармашылығымен танысу;
Дамытушылығы: Ұлттық дәстүрмен салт - сана тағылымын оқушының бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуға, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасымен ән шырқаған кезде атқаратын рөлі мол екендігін жеткізу.
Тәрбиелігі: Оқушылардың халық музыка аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, қазақ музыка өнерін құрметтеуге, адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:
1. Әр түрлі аспаптардың тембрін ажырата білуге үйрету.
2. Оқушылардың ән - күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, сезіну, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: жеке сабақ
Сабақтың әдістері: кіріспе сұрақтары, үлестірмелі парақ, бағалау сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, дауыс қыздыру жаттығулары.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: компьютер, үнтаспалар, видеолар, музыкалық аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі;
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих;
Күтілетін нәтиже: Аспаптарды үнінен ажырата білу, композиторлармен танысу. Ән орындау барысында мәнеріне келтіріп, сүйіспеншілік сезіммен орындау.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдарды түгендейді.
Оқушыға бүгінгі өтілетін сабақ жайлы түсіндіріп, оқушының сабаққа қандай дайындықпен келгені, үй тапсырмасын орындау кезінде қандай мәліметтер алғаны туралы қысқаша баяндайды.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Ой толғау.
• Слайдтағы сұрақтар бойынша жауап беру.
• Домбыра аспабының сүйемелдеуімен ән айту;
• Музыкалық дидактикалық - ойындар;
• Оқушыдан «Сәулем - ай» әнін сұрау;

Сабағымызды бастамас бұрын оқушылармен «Бұл қай аспап» ойынын ойнатамын. Әр аспапқа байланысты жұмбақтар жасырамын. Жауапты тапқан оқушы сол аспапты көрсетіп, таныстырады. Оқушы жұмбақты тауып отырады, артынша слайд арқылы видеолар, суреттер корсетіліп отырады.
Ойынның мақсаты: Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады.

Жұмбақтар:
Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі (Сыбызғы)

Тілшікті аспап, қобыздай асқақ,
Ерекше үні бар, бұл қай аспап (Шаңқобыз)

Екі ішекке бір тиекті қондыра
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра
Білсең егер айтыңдаршы балалар
Бұл қай аспап? Бұл әрине.......(Домбыра)

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Әуенінен жеті түрлі мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі - түрлі жыр шығар
.......(Жетіген)

3. Жаңа сабақ.
1. Дауыс жаттығуларын жасайды.
2. Үнтаспадан әнді тыңдату.
3. Ән музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалады.
4. Ән фраза бойынша үйретіледі.

Түсіну: Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлының өмірбаянымен танысу.
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен - ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, «сал Мұхит» атанды..
Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да «Айнамкөз» болсын дейді. (Үнтаспадан әнді тыңдатып, композитор шығармашылығымен таныстыру)

Тыңдау: «Айнамкөз»
А) Әннің шығу тарихы. Бүгінгі ашық сабағымызда Мұхит бабамыздың «Көк Айдай»әнін үйренеміз. Бұл әннің шығу тарихына келер болсақ, Мұхит шығармашылығында Айдай дейтін әндердің өзіндік ерекшеліктері бар. Айдай, Үлкен Айдай, Кіші Айдай, Кок Айдай. Айдай деген негізі казақы әндерде угай - ай, шіркін - ай деген ән жұрнақтар кездеседі бұлар мәтін жағынан мағынасы болмасада музыкада өзіндік мағынасы бар. Дегенменде бұл әнді дәулескер күйші Қ. Ахмедияров атамыз Бала Ораздың әні деп атайды. Рас Мұхит бабамыздың тұстасы, сәл үлкендігі бар. Мұхиттың ұстазы деп те айтуға болады. Сол кісі Айдай деген қызға ғашық болған екен дейді. Айдай қыздың аты. Ал енді Көк Айдай әнінде тағыда мағына білдірмейді. Көк Айдай жастарға арналған сөзіне қарап отырсақ махаббат лирикасы желісіне жазылған. Бұл жерде философияда, мұңаюда, қайғыруда жоқ. Өзінің сүйгеніне арнауы мүмкін. «Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,» деген өлең жолдарынан байқауға болады.
Мұхит әндерін бізге жеткізуші Ғ. Құрманғалиев. Ғарифолла атамыз Мұхит бабамыздың Шынтас, Шайқы деген немерелерінен үйренген. Мұхит 1918жылы қайтыс болған, сол кезде Ғарекең небәрі 9 жаста болған.
«Көк Айдай» соншалықты қиын ән емес. Мұхит бабамыздың ең оңай әні десек болады. Мұхит шығармашылығы өте күрделі, кең диапазонды талап ететін әндер. Қайдағымен жайдағы әндерін орындай алмайды. Мұхит әндерін айту үшін әнші алдымен домбыраны жақсы меңгерген болуы керек. Әр әнші композитордың өзіндік әліппесі болады. Сол сиякты осы «Көк Айдай»әні Мұхиттың әндерінің әліппесі деуге болады. Жеңіл, оңай ән. Қағысы. Әнді үйреніп алған соң қарама - қарсы қағыстарды, орама қағыстарды араластырып құбылтып ойнаймыз.

Ә) Тыңдау: С. Жанпейсованың, А. Қосанованың орындауында видеодан корсету.
Эстрада жанры бойынша А. Жеменейдің орындауында «Көк Айдай» әнін тыңдату.
Оқушыларға «Дәстүрлі ән - терме» жетекшісі ретінде өзім орындап көрсетем.

Б) Мәтінмен жұмыс жасау; Оқушының дикциясымен жұмыс жасау. Ол үшін оқушыға жаңылтпаштар беріліп жаттығу жасалады.
- Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.

- Тақпақ жаттап,
Айтсақ жақсы - ақ.
Жатқа тақпақ
Жатта тақ - тақ

В) Әннің әуенін үйрену. ( домбыра сүйемелімен)

Г) Нотамен жұмыс. Оқушыға қолды жаттықтыру үшін «Маусымжан» әнін нотасымен ойнату. Содан кейін ғана домбырада әуенін үйретіп, дауыспен бірге қосып орындау.
Д) Домбырамен ән салуды қалыптастыру.
4. Сергіту сәті.
5. Жаңа сабақты бекіту. ( Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...)

Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа;
- топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
- ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
- жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;

6. Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.
1. «Көк айдай» әнінің сөзін жаттау
2. Қолды домбырада жүргізіп ойнау жаттығуларын тарту;
3. Музыка тыңдау;
4. Шығармашылық жұмыс ( ән орындау, өлең оқу, сурет салу, сөзжұмбақ құрастыру, жұмбақтар жинау, интернеттен композитор туралы мәлімет жинау.

Қызылорда облысы,
Қызылорда қалалық қосымша білім беру
оқу - әдістемелік орталығының
«Дәстүрлі ән» үйірмесінің жетекшісі
Төлебаева Мөлдір Мұратбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 830
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Күй - қазақтың қасиетті қара домбырасынан шығатын сазды әуен. Күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы - мұңын да жеткізе білген.
Киелі төр
Киелі төр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі Құбышева Светлана Қайнеденовна
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.