Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау

15 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау.

Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру.
дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, «Ғажайып кемпірқосақты бояу» атты сұрақтар, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты қорыту.
V. Бағалау.

І. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сыныпта кезекші кім? Сыныпта жоқ оқушы бар ма? Сабақты бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал - жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық.

ІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Ертегіге барар жолда
Бақыт құсын табарсың.
Суретінің бояулары -
Мың құбылған жарасым.

Бізде одан көріп тұрмыз
Жаңбырда да бір барын.
Бізде одан көріп тұрмыз
Желде де бір түс барын.

Бізде одан сезіп тұрмыз
Түсін бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз
Тыныштығын бар елдің.

Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда да, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түстер, жылы және суық түстер жайлы өтетінімізді ескертемін. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, жылы түсте натюрморт орындауымыз керек.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түсте алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түсте болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түсте жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.

Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.

Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз, суық ауа - райы, барлығы қатқыл, қатал көрініс туып, суық түске енеді.

Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе, өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!

Балалар, мен сіздерге жаңа сабақты түсіндіре отырып, жылы түске натюрморт орындауға тапсырма бердім. Сабақты тыңдай отырып натюрморт салуға кірісейік.

Бұл, жылы түске натюрморт орындай отырып «Ғажайып кемпірқосақты боя» атты кемпірқосақ түрлерін, түсін анықтап бояуды үйренейік.

Кемпірқосақтың түстері қалай орналасқан?

Бұл сұраққа жауап ретінде кемпірқосақты бояп көрейік.

Кемпірқосақ түсінен жеті түрлі түсті көруге болады. Олардың үшеуі - негізгі түс, ал қалған төртеуі – солардың қоспасынан алынған түстер.
Міне біз табиғаттағы жылы және суық түстер жайлы біршама мәлімет алдық деп ойлаймын.

ІV. Қорытындылау
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
1. Кескіндеме деген не?
2. Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы - штрих, бояу дақтары.
3. Артық сөздерді алып таста: «Негізгі түсте: қызыл, сары, көк, жасыл».
4. Негізгі түстерді анықта:

V. Сабақты бағалау.
Оқушылардың білім бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

VІ. Сабақты бекіту.
- Сабақ аяқталды,
Сау болыңыздар!

Қызылорда облысы
Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығының
«Бейнелеу өнері» студиясының жетекшісі Сейтбекова Жұпар Алмасбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 194
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Бояулар әлемі
Бояулар әлемі
Түрлі түсті бояулар арқылы білімдерін тиянақтау. Баланың есте сақтау қабілетін дамыту, тиімді әдістерді пайдаланып, баланың логикалық ойлауын қалыптастыру.
Мұхит салған әуезді ән
Мұхит салған әуезді ән
Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласының көркемдік рухының көк жиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік өнерге жетелеу.
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Күй - қазақтың қасиетті қара домбырасынан шығатын сазды әуен. Күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы - мұңын да жеткізе білген.
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; Суреттерді атап, сөздегі [Р ] дыбысының буындағы орнын табу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.