Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

19 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: тарих
1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Білімділігі: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау және қорытындылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып - білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі. Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Ортақ шешім қабылдай алады. Өзін - өзі және басқаларды да бағалай алады. Тарихи оқиғаларға баға бере алады.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карточкалар, тірек - сызба, нақыл сөздер плакаты, маркер, стикерлер,
Сабақ жабдығы: тақта, слайд, интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру, интерактивті тақтамен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Әдебиет
Сабақта қолданылатын технология: Миға шабуыл (тест сұрақтары)
Сабақтың барысы: Негізгі түсініктер: коалиция, капитуляция, блицкриг, БҰҰ.
Сабақтың эпиграфы «ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды»

І Ұйымдастыру.
І топ: «Отан»
ІІ топ: «Жеңіс»
Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру. Араларынан топ басшысын сайлайды.
Үй тапсырмасы
• 1 кезең. Зымыран сұрақтар
• 2 кезең. Ойыңды аяқта
3 кезең. Сенемін - сенбеймін
«Зымыран сұрақтар»ойыны: шарты әр топқа алты сұрақтан қойылады. Әрбір сұрақ бір ұпайға бағаланады
• 1. Германияның қауырт соғыс жоспары қалай аталды /Барбаросса
• 2 Қазақ» апталық газетінің редакторы?/ А. Байтұрсынов
• 3 Алашорда партиясының төрағасы? /Ә. Бөкейханов
• 4 «Қалың мал» романының авторы?/ С. Көбеев
• 5 Шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі? /Т. Қазанғапұлы
• 6 Құрманғазының би күйлері? /(«Қызыл қайың», «Балбырауын»)
• 7 1916ж Торғайдағы көшбасшылары? /(А. Иманов, Ә. Жангелдин)
• 8 «Жас арбакештер одағы» қай қалада құрылды?/ Петропавлда)
• 9. 1917ж Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қандай династия өмір сүруін тоқтатты? /(Романовтар)
• 10. Қаз АКСР - ның 1924 - 1928ж. ж. астанасы? /(Қызылорда)

2 - Кезең сұрақтары Тарихи тапсырмалармен жұмыс: «Ойды аяқта» шарты берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып қою
2 Ол «Тағы соғыс»деген мақаласында соғыстың әділетсіз екендігін, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіліп отырғанын дәлелді. Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ол шаруасын бұзып, қанын төгетін - сорлы халық болар. ХХғ Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды. Ол кім? (Ә. Бөкейханов).
1. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласында «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын жариялау қазақтарының ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын»- деп жазды? Ол кім? (А. Байтұрсынов).

_____ Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің _____ деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО - ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты _____.

«............................» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны........................... деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының _____ және _____ астары болды. Германия империясы _____ үшін, _____ базасы ретінде........................... мемлекет құруды көздеді.

• Бұл жерде Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

3 - кезең. «Сенемін – сенбеймін» деп аталады. ойын шарты сұрақтың жауаптарына сенетінін не сенбейтінін айтып жауап береді.
• 1. Кеңес Одағы мен Германия арасында өзара шабуыл жасамау туралы пактіге қол қойылған күн 1939, 23 тамыз екеніне сенесіз бе?
• 2. КСРО - ны тез арада тізе бүктіру үшін жасалынған Гитлер жоспары «Тайфун» екеніне сенесіз бе?
• 3. Ұлы Отан соғысы басталған күн 1941 жылғы 22 маусым екеніне сенесіз бе?
• 4. 1941 ж. 6 желтоқсанда кеңес әскерлері Москва түбінде шабуылға шыққанына сенесіз бе?
• 5. Гитлерлік жоспар Кеңес Одағына соғыс бастарда ұлтаралық қақтығыстың болатынына арқа сүйегеніне сенесіз бе?
• 6. Кеңес Одағын қорғауға 16 мың офицер даярланғанына сенесіз бе?
• 7. Соғыс кезінде Қазақстанға өнеркәсіп орындарын көшіру мерзімі 1941 жылдан басталғанына сенесіз бе?
• 8. «Ленинградтық өренім» жыры Т. Жароковтікі екеніне сенесіз бе?
• 9. Әрбір 4 - ші қазақстандық Отан қорғауға қатысқанына сенесіз бе?
• 10. Ұлы Отан соғысы жылдары 1939 ж. 1 - қыркүйек – 1945 ж. 2 - қыркүйек аралығында болғанына сенесіз бе?
Оқушылар бағалау парағына ұпайларын жазып отырады.

Мұғалім: «қызығушылықты ояту»
-«Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?
- Қандай ірі соғыстарды білесіздер?
- Ұлы Отан соғысы қашан, қай елдердің арасында болды?
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?
Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

ІІ. Жаңа сабақ. 1) Кіріспесі (жалпылама мағлұмат беру)
Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай.
XVII ғасырда болған соғыстарда 3 млн. 300 мың адам, XVIII ғасырда 5 млн. 200 мың адам, XIX ғасырда 5 млн. 500 мың адам, XX ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 млн. адам, Екінші дүниежүзілік соғыста 64 млн. адам қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 110 млн. адам жарақат алды, мүгедек болды, 42 млн. бала жетім қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде жүз реттен астам түрлі деңгейдегі соғыс оты тұтанды. Адамзат тарихында, дәлірек осы уақыттан 5000 жыл бұрынғы уақыт аралығында болған қанды майдандарда 4 млрд.- тан астам адам қаза тапты.
Бүгінгі сабағымызда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы сөз қозғаймыз. Оқушылар, сіздер соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, жеңістің қалай келгендігін анықтап, бағалай білу керексіздер. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесін!
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қиған соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.
Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Үш төбе ауылы «Өкпеті» орта мектебінің
Тарих пәні мұғалімі Иманова Ләйлә Тлебалдықызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 309
2
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару
Екі санның арифметикалық ортасы, сандар тізбегі, сандар тізбегінің мүшелері, сандар тізбегінің түрлері, тізбектің п - ші мүшесі, арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің формуласын пайдаланып есептер шығару.
Тәуелсіздік көкбайрағы
Тәуелсіздік көкбайрағы
Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, әнұран жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену
Отан сүйер ұланбыз
Отан сүйер ұланбыз
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Құлманова Злиха Санаққызы
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру. Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Маржан
Маржан Қонақ 22 сәуір 2017 10:13
0
Сабақ толық ашылған. Үлгілі сабаққа жатқызуға болады.
Маржан
Маржан Қонақ 22 сәуір 2017 10:16
0
Сабақ толығымен ашылған. Үлгілі сабаққа жатқызуға болады.