Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сабақтың мақсаттары: 1. Екі санның арифметикалық ортасы, сандар тізбегі, сандар тізбегінің мүшелері, сандар тізбегінің түрлері, тізбектің п - ші мүшесі, арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің формуласын пайдаланып есептер шығару.
2. Арифметикалық прогрессия қасиетін өздігінен дәлелдетіп, есептер шығару дағдысын дамыту.
3. Өз ойларын еркін айтуға, өз бетімен жұмыс істей білуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жинақтастыру және жүйелендіру сабағы
Сабақтың типі: қайталау
Оқыту формалары: жеке, топтық
Сабақтың әдісі: Талдау, сұрақ - жауап, проблемалық түйін тудыру, ізденіс, тест тапсырмалары
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, слайдтар, үлестірмелі қималар, формулалар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1минут
ІІ. Мен үшін оңай тақырып... 2минут
ІІІ. Өткенді қайталау. 7минут
1. Ойлан, тап!
2. Сөзжұмбақ шешу.
ІY. 1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 5минут
2. Тарихи мәліметтер. 5минут
3. Тәуелсіздік шежіресі. 5минут
Y. 1. Жүреміз, ойланамыз. 5минут
2. Тау шыңына ту тігу. 8минут
YІ. Бекіту сұрақтары. 5минут
YІІ. Үй тапсырмасы 1минут
YІІІ. Бағалау. 1минут

І. Ұйымдастыру. Басқа ұлт өкілдерінің ұлттық амандасуы, шаттық шеңберін құру. Орыс елі, ағылшын елі, неміс елі, өзбек елі - ассалаумалейкум, қытай тілі - коутоу, филиппин елі - мано по, гренландия елі - куник, зеландия елі - хонги.
сандар квадраттарының жұп және тақтығы арқылы топқа бөлу. 1945 жыл Ұлы Отан соғысы.
1995 жыл – Абай жылы (150 жылдығы).
1995 ж 28 қаңтар - ҚР - ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1954 жыл - Техникалық училищелер ашылған. 1594жыл - Құлмұхаммед Тәуекел ханның елшілігін басқарып келді.

ІІ. Мен үшін оңай тақырып...
№169 а) 2; 4; 8; 16; 32; … ә) 7; 7; 7; 7;... б) 1; 1/2; 1/3; 1/4; … тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болады? Арифметикалық прогрессия болмайды №185 103; 101;... арифметикалық прогрессиясының алғашқы а) сегіз мүшесінің ә) жүз үш мүшесінің қосындысын табыңдар. а), ә),

ІІІ. 1. Ойлан, тап! Арифметикалық прогрессияны табу №1. 1; 1/2; 1/3; 1/4;...
№2. 5; 10; 15; 20;... 5
№3. 1; 4; 9; 16; 25; 36; 49;...
№4. 4; 8; 12; 16;... 4
№5. 1; 3; 5; 7; 9;... 2
№6 3; 9; 27; 81;... Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз.

2. Сөзжұмбақ шешу.
1. Келесі мүшесін алдыңғы мүшесі арқылы анықтайтын тәсілі. Рекурентті тәсілі
2. 24 сағат. тәулік
3. Санды тізбектің орналасу заңдылығының сөзбен берілу тәсілі. Баяндау тәсілі.
4. Тізбектің түрлері. Шекті және шексіз тізбектер
5. Формула арқылы берілетін тәсілі. Аналитикалық тәсілі

Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы
Көкбұлақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Әбілқаева Маншүк Ғайдулларашидқызы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 332
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Қайталау. Арифметикалық амалдар
Қайталау. Арифметикалық амалдар
Санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау. Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
● Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады. ● Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу. ● Шешімдері бірдей
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.